Пәкістан
ПәкістанКіріспе Қазіргі таңда әр мемлекеттің өткен тарихының зерттелуі, зерделенуі – болашағы үшін таптырмас құндылыққа айналып отыр. Себебі өткенге қарап, болашақты жоспарлауға, дамудың әр сатысында оңтайлы жолдарды таңдауға болады. Әлем бір орында еш уақытта тұрған емес. Сәйкесінше, әр елдің де өз тарихы, өз әлемі болып, және ол үнемі айналыс үстінде жүріп жатады. Бүгінгі таңдалынып отырған тақырып – Пәкістан Ислам Республикасының тарихы. Аталмыш ел тарихы талай құндылықтарға бай. Және де оның тарихы туралы мәселенің зерттелуі өзекті мәнге ие. Пәкістанның құрылғанына дейінгі ежелгі тарихы, моғолдар заманы үрдісінің қалыптасуы, одан кейінгі Британ отарына айналған, тәуелсіздік алған жылдардағы жағдайы осы жұмыста сараланып жазылған. Тақырыптың өзектілігі – осы уақытқа дейін толық зерттелмеген және қарастырылмаған мәселелер мен қызықты фактілерді табу, толыққанды мағлұмат алу. Аталмыш тақырып осы уақытқа дейін талай ғалымдардың өзекті тақырыбына айналып келген. Қарастырған ғалымдардың ішінде В.И.Сотниковты атап кетуге болады. Жалпы, Пәкістан Ислам Республикасы (ПИР) заң жүзінде 1947 жылы құрылған жас мемлекет, бірақ мұсылмандар бұл жерлерді жүздеген жылдар бұрын, ертеден қоныстанып келген. Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет Қытай, Иран, Ауғанстан, Үндістанмен шекараласып, Араб теңізімен шайылады. Мұсылман халқы Оңтүстік Азияға алғаш рет VIII ғасырда жаулап алушылар ретінде келді де, XIX ғасырға дейін ықпалды саяси күш ретінде сақталып келді. Пәкістан халқы жергілікті және көшіп келуші мұсылмандар ұрпақтарын құрайды. Алғаш тәуелсіздігін Ұлыбританиядан 1947 жылы 14 тамызда алған мемлекет өзінің басқару формасы ретінде – президенттік республика жүйесін таңдап алды. Астанасы ретінде – Исламабад қаласын бекітті, кейін аталмыш қала мемлекеттің діни де мәдени астанасына айналды. Халқы ислам дінінің — сунниттік бағытын ұстанады. Ірі қалалары ретінде Карачи, Лахор, Исламабад атауға болады. Мемлекет негізінен мұсылман халықтарынан тұрады, мемлекеттік тілі – урду тілі. Аймақта халық қоныстануы жағынан алдыңғы орындарда, саны бойынша әлемде 6-шы орын алады. Яғни қазіргі таңда пәкістандықтар 172 млн. саналады. Жалпы, әлемдік деңгеймен салыстырғанда, Пәкістан мемлекеті деңгейі орташа саналады. І.Ежелгі және орта ғасырлардағы Пәкістан 1.1. Ежелгі Пәкістан Қазіргі Пәкістан жерінде б.з.б. III-II мыңжылдықта ежелгі өркениет ошағының бірі – ертедегі үнділік Хараппа мәдениетіне жататын мемлекеттік бірлестіктер өмір сүрді. Б.з.б. II мыңжылдықтың орта шенінде арийлер келіп қоныстанып, кейіннен үнді-арий халықтары қалыптасты. Б.з.б. VII-VI ғасырларда Пәкістан жерінде алғашқы үнді-арий мемлекеттері – Мадра, Гандхара, Саувира т.б. құрылды. Б.з.б. VI ғасырдың аяғында Үнді өзені мен оның тармақтары алабындағы жерлер Ахемен әулеті билігіне қарады. Б.з.б. 327-325 жж. Үнді өзені алабындағы жерлерді Александр Македонский жаулап алып, оның империясы ыдырағаннан кейін Пәкістан аумағында Грек-Үнді патшалығы пайда болды. Б.з. I-III ғасырларында Үнді өзені алабы Кушан патшалығына қарап, оның астанасы Пурушапура (қазіргі Пешавар қаласы) болды. Кушан патшалығы – буддизмнің бірінші ошағы. Кушан патшалығы құлағаннан кейін, Пәкістан жерінің батыс аймақтары Сасани әулеті, ал шығысы – Гупта әулеті империяларының құрамына кірді. V ғасырдың 2 жартысында бұл жерлерде хиониттер немесе эфталиттер (Ақ ғұндар) билік құрды. VIII ғасырдың басында Синд пен Пенджабтың оңтүстік бөлігін арабтар жаулап алып, ол жерлерге ислам дінін таратты. XI ғасырдың басында Үнді өзені алабын Ғазнауи әулеті, XII ғасырдың аяғында Гури әулеті, XIII ғасырдың басында Дели сұлтандығы жаулап алды [2;331]. 1.2. Үндістандағы алғашқы мұсылман мемлекеттері 710-716 жж. омейяд әскербасшысы Мұхаммед ибн Касимнің бастауымен Синд пен оңтүстік Пенджаб алынды. Мұсылмандықты қабылдамаған адамдарға жаңа арабтар заң қабылдады – джизия жан басы салығын төлеу. Бірақ оларға мәдени бостандық берілді. Үндістерге әскерге бару міндетті емес еді, ал барған жағдайда олар салықтан босатылып, қосымша еңбекақы мен сыйақы алатын болған. 1000-1027 жж. Махмұд Ғазнауи сұлтан Үндістанға 17 рет жорық ұйымдастырды. Оның империясы Исфахан мен Самарқандтан Лахорға дейінгі жерлерді алып жатты. Көптеген мұсылман қауымдастықтары Үнді өзені алабындағы жерлерді жаулап алған аумақ емес, өздерінің туған жерлеріндей санады. Ғазнауи әулеті ойлағандай мықты болмады, сондықтан 1185 жылы Үнді алабы Гуридтер державасының иелігіне көшті. Бұл оқиға Муиз-уд-дин сұлтан кезінде болды. Ол мұсылмандықты барлық Солтүстік-батыс Үндістан, Бенгалия мен Бихарға таратты. 1206 жылы Пенджабта өлтірілген Муиз-уд-дин сұлтанның ізбасарлары Үндістандағы жерлерін қолдарында ұстап қала алды. 1526 жылы Бабур Ұлы Моғол династиясын құрды, тарихта бұл уақыт Дели сұлтандығының кезеңі деп аталады. Бұл кезде 300 жыл ішінде 40 астам сұлтан ауысты, олар 5 мұсылман династияларына жатқызылады: Гулям (1206-1290), Хильджи (1290-1320), Туглакид (1320-1414), Саид (1414-1451), Лоди (1451-1526). Дели державасындағы әкімшілік орындарды көбінесе мұсылмандар иеленді. Азаматтық мәселелерді шешу үшін үнділер өздерінің қауымдық соттарын құрған (панчаят) [2;332]. Ислам дінінің ықпалы сол уақытта Үндістанда күшейген еді. Дінді қабылдауға ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Арнайы оқытылған адамдар, әсірісе суфийлер дінді уағыздаумен және оны субаймақтың әр түкпіріне таратумен айналысты. Үнділер мен мұсылмандардың арақатынасы урду тілінің қалыптасуына әкелді, ол Солтүстік Үндістанның диалектісі негізінде қалыптасты. Хинди тілі де осы негізде пайда болды, бірақ санскриттің ықпалы көп болғандықтан өзгеріске ұшырады. XVII-XVIII ғғ. урду тілінің қазіргі жаңа әдеби стандарты қалыптасты, бұл стандарт парсы-араб графикасы мен исламның идеяларын қолданды. Урду тілі Оңтүстік Азиядағы мұсылман мәдениетінің күшті құралына айналды. XVIII ғасырда Ұлы Моғол империясы ыдырағаннан кейін Синд, Белуджистан, Пенджабта сикх ұлтшылдығының өршу кезеңі болды. XIX ғасырда Пәкістан аумағы ағылшындармен басып алынды да, Британдық Үндістанның құрамына енгізілді. Мемлекеттің негізін салушылардың бірі — Мұсылман Лигасының басшысы Икбал ақын. 1930 жылы Икбал тәуелсіз мұсылман мемлекетін құруды ұсынды. Жоспар бойынша оның құрамына Пенджаб, Синд, Белуджистан мен Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралық аймағы кіру керек еді. Мемлекеттің атауын 1933 жылы Кембриджде оқып жүрген мұсылман студенті Чаудри Рехмат Али ұсынды. Пәкістан — «тазалар қаласы» дегенді білдіреді, атуы акроним болып табылады: «П» — Пенджаб, «А» — шекарадағы ауғандықтар (яғни СБША-ның пуштундары), «К» —Кашмир, «С» — Синд, «тан» — Белуджистан. 1947 жылы Британдық Үндістанды бөлу уақытында Мұсылман Лигасының арқасында Пәкістан мемлекеті қалыптасты. Оның құрамына Үндістанның мұсылман халқы басым солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аудандары кірді. Пәкістанның бірінші генерал-губернаторы болып Джинна, ал мемлекеттің премьер-министрі болып Лиакат Али Хан тағайындалды [1;193]. 1971 жылы Шығыс Пәкістан тәуелсіз Бангладешке айналды. 1965, 1971жж. Пәкістан Үндістанмен соғыс қимылдарын жүргізді. 1977 жылы елде әскери төңкеріс болды. 1988 жылы 17 тамызда әуе апатында қаза тапқан президент Зия-уль-Хакадан кейін билік азаматтық үкіметтің қолына көшті. 1.3. Ұлы Моғол империясы Бұл мемлекет өзінің мәдениет, өнер саласындағы жетістіктерімен ерекшеленеді. 1526 жылы Бабур құрған бұл ел оның немересі Акбар билікке келгеннен кейін ғана консолидацияланды. Ол үнділермен барынша жақындасу саясатын ұстанды. 1579 жылы джизия жан басы салығы жойылды. Үнді шіркеулері мемлекет бақылауына алынды. 1580 жылы Акбар жаңа дін – Дин-и иллахиді енгізетінін хабарлады, яғни көп құдайлыққа сенбеу және одан бас тарту. Бұндағы мақсаты – мұсылман мен үнділерді, мемлекеттік шенеуніктерді тең дәрежеде ұстау, бір–біріне жақындату. Акбар тұсында жерге жаңа салық түрі енгізілді, ағылшындар саясатын қайта қарастырды. Акбардың ізбасары император Джахангир де «секуляризацияланған» мемлекет құруға талпынды. Джахан шах империяны мұсылман державасына айналдырды. Аурангзеб әкесінің саясатын одан әрі жалғастырды: ислам дәстүрлеріне байланысты бірнеше декреттер шығарды. Императордың келісімі мен рұқсатынсыз салынған үнді шіркеулері жойылды, ал жаңаларын салуға тыйым салынды. 1679 жылы үнділер қайтадан джизия салығын төлеуге міндетті болды. Қоғамда болып жатқан әділетсіздіктер салдарынан елде үнділер тарапынан көптеген бас көтерулер орын алып жатты: 1679 жылы Нарнаулда сатнами сектасының көтерілісі, 1675 жылы сикх гуруы Тегх Бахадүрдің шеруі, 1679 жылы раджпуттардың бас көтеруі мен 1680–1707 жж. маратхалармен болған азамат соғысы орын алды. Аурангзеб жүргізген соғыстар нәтижесінде Акбар орнатқан 2 халық арасындағы тату көршілік және саяси, мәдени қатынастар жойылды. XVIII ғасырда үнді, мұсылман, сикх қауымдастықтары билік үшін өзара таласты. Сол кездегі жағдайды пайдаланған Ұлыбритания барлық билікті өз қолына шоғырландырды [4]. 1.4. Британдық Үндістан мен Пәкістанның құрылуы XVIII-XIX ғғ. Ұлыбритания өз бақылауын барлық Үндістанға және кейін Пәкістанның құрамына кірген аумақтарға таратты. Бенгалия 1757 жылы, Синд 1843 жылы, Пенджаб 1849 жылы жаулап алынды. 1857 жылы сипайлардың ағылшындарға қарсы бас көтеруі болды, олар биліктің Үндістан билеушісі Бахадүр шах II-ге берілуін талап етті. Көтеріліс басылып-жанышталды. Бахадүр шах II айыпталып, Рангунға өмір бойына жер аударылды, Ұлы Моғолдар империясы осылайша өмір сүруін тоқтатты. 1857 жылдан кейін Үндістандағы ислам қауымдастығының көшбасшысы болып Саид Ахмад-хан тағайындалды. Оның бағдарламасы – Ұлыбританиямен достық қарым-қатынас орнату және батыстық білім беру жүйесін қабылдау. 1875 жылы Ахмад-хан Алигарх қаласында мұс Скачать |