Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?
Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба? Бұл хикаяны баян етпес бұрын осының бәріне себеп болған, осы мақаланы жазып отырған автордың дүниетанымына елеулі дәрежеде әсер еткен адамды үстіртін болса да таныстырып өткен дұрыс шығар. … Мен онымен 1977 жылы таныстым. Әскерден келіп ҚазПИ-дің филология факультетіне түсіп, бірінші курсты тәмәмдап, екінші курс¬қа өткен кезім. Ол да әскерден келіп, осы институттың тарих фа¬культетіне түсіпті. Күз еді. Институт факультеттерінің арасында көркем¬өнерпаздар жарысы басталған. Өз факультетімнің атынан бәйгеге түсіп, домбырамен бірнеше күй шертіп, сахнаның сыртына шыққаным¬да бір жігіт келіп қолымды қысып құттықтады. Аты Ерік екен. Ерік Көкеев. Ортадан биіктеу бойы бар. Сымбатты. Қоңырсары шашын сол жаққа қайырып қойған. Қылаң өңді. Көзі… көзі алғашында көк сияқты көрінді (кейін уақыт өте оңып, шағырға айналды). Шы¬лымды асықпай, баппен шегіп, түтінді жез мұртының арасынан қалқытып шығарады. Бірақ, мені алғаш танысқанымызда, оның еуропалықтарға ұқсайтын бет-әлпеті емес, білімі таңқалдырған еді. Бірінші курс студентінің сөз саптасынан оның ерек бітімі, айбынды сойы – айна-қатесіз көрініп тұр еді. Кейін таныса келе шыққан тегіне де қанықтым. Әкесінің аты Әнуар екен. Кезінде Қытайда «Мәдени революция» заманында репрессияға ұшыраған бір топ қазақ интеллигенциясы осы Әнуар ағамыздың шәкірттері болып шықты. Бергі бетке өткеннен кейін де ұстаздық қызметтен қол үзбеген Әнуар Көкеев ақсақалды Аягөз өңірі әлі ұмытқан жоқ. Бұл біздің бағыт-бағдарымыздың, ұстанатын мұрат-мүддеміздің анықталған кезі. Гуманитарлық саланы таңдап алып, енді алаңсыз білім жолына түскен, бір күнімізді, бір сағат уақытымызды бос жібермей, кітап оқуға кіріскен кезіміз. Ғылым академиясының кітапханасы, Пушкин атындағы ұлттық кітапхана – қазақтың екі ұлы білім ордасы біздің пайдалануымызда. Кітапхана таңертең 8-де ашылады, 8-де кіреміз. Кешкі 8-де жабылады, 8-де шығамыз. Көп ұзамай студенттік өмірді Алматының көшесін таптап жүру, уақытты сыраханада сауық-сайранмен өткізу деп түсінетін курстас достарымызбен арамыз ашылып болды. Досым Ерік бір курс барысында өзінің кім екенін дәлелдеп болған. Сабаққа бірде барып, бірде бармайды. Емтиханға елдің алды болып кіреді, көзді жұмып тұрып қолына ілінген билетті алады, сол тұрған жерінде жауап береді, «бестік» бағаны алып, шығып жүре береді. Аспирантураны жаңа ғана бітіріп, жаңа ғана қорғап келген, күші бойына сыймай тұрған бір жас кандидат, студенттің осынша білімді болғанын көтере алмай, досымды жұрт көзінше масқаралап, екі қойып шығарып жіберген. Бірақ, көп ұзамай өзі масқара болды. Конфликт комиссиясының алдында қайыра емтихан тапсырған Ерік аталмыш кандидатты қирата жеңіп, «бес» алып шықты. Осыдан кейін «қатерлі студентке» ешкім де қараптан-қарап соқтыққан емес. Шағым оның тәртібіне ғана айтылар еді. Жо¬ғар¬ғы курсқа барғаннан кейін Ерік досым сабақ дегенді мүлдем қойды. Бірақ, қандай шытырман емтихандардан оп-оңай, жан қинамай өтеді. Оның сабаққа келмей үздік оқуы үйреншікті нәрсеге айналып, ақыры жұрт оның бар-жоғына назар аудармайтын болды. 1979 жылдың көктемі болатын. Ерік Көкеев бір сұмдық тақырыпқа баяндама оқығалы жатыр екен деген қауесет тарады. Айтылған күн, айтыл¬ған сағатта ҚазПИ-дің жаңа ғимаратындағы акт залы¬на жиналдық. Аздан соң тарих факультетінің мұғалімдері келді. Зал лық толғаннан кейін есіктен шырттай киінген Ерік кірді. Мінберге көтерілген ол баяндамасын, анда-санда қазақша түсініктеме беріп тұрып, орысша оқыды. Әңгіме Спартак жайында еді. Иә, иә, жүрегі дауалап Римге қарсы қару көтерген Спартак жайында және оның … көшпенді тайпадан шыққандығы жайында еді. Көлемі жердің алтыдан бірін жайлаған алып империяның кезі, өмірдің бар саласы, мәдениет пен ғылым-білім, бір пікірлі тоталитаризмге толықтай бағындырылған заман. Шынын айту керек, Еріктің бұл баяндамасы нағыз күпірлік еді. Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я»-сының дауы жаңа ғана басылған. Көп жұрт үрейлі. Бірнеше адам орындарынан тұрып, залдан ақырын ғана шығып кеткен. Жүрегіміз қалтырап, әңгіменің аяғын күттік. Істің насырға шапқанын кеш сезген мұғалім¬дер¬дің біреуі орнынан айқайлай көтерілген. – Айналайын-ау, сен не айтып кеттің? Тоқтат, қане! Осы былықтырғаның да жетер! Әлбетте, орысша айтты. Себебі, мәжіліске бір¬неше орыс мұғалім қатысып отырған. Сол-ақ екен, кафедра мүшелері жапатармағай айқайлап, Еріктің үнін өшіруге тырысқан. Бірақ, пәлекет пен лаң ұшқындаған сайын балшабектің жаны кіреді емес пе. Орыс мұғалімінің біреуі, өктем қимылына қарағанда үш әріптің адамы (қазақша айтқанда, «органның адамы») қолын көтеріп жұртты тыйып тастады. – Шуламаңыздар! Жас оқымысты ойындағысын толықтай айтсын. У қорғасындай заһар шашқан көздерін Еріктің жүзіне қадаған. – Продолжайте, молодой человек. Ерік, балшабек мұғалімнің дөңайбатынан айы¬лын да жиған жоқ. Тағы да жарым сағаттай көсіле сөйлеп, үнді-еуропалық теорияның да, саясиланған тарих ғылымының да быт-шытын шығарып, тал¬қандаған. Залда сілтідей тыныштық орнады. Жасы 50-лерді алқымдаған, студенттердің еркін ойына үнемі жол беруге тырысатын, демократтау бір профессор ағамыз бар еді. Барлығымыз сол кісіні жақсы көретінбіз. – Ал, не болса да, болары болды, – деген еді сол профессор ағамыз шарқ етіп күліп, – Енді, артын қайырлы қылсын. Сол күлкі әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді. Онда бәрі де бар еді. Қызыл тілді әлі күнге дейін бұғаулап ұстап отыруға тырысқан тоталитаризмге деген наза, ашу-ыза және студенттің көзсіз ерлігіне деген сүйсініс… Бәрі, бәрі бар еді сол күлкіде. Енді ағамыздың аты-жөіні айтайын. Ол, профессор – Асхат Әбілқаев еді. Мүмкін мен қателесіп отырған шығармын. Асхат ағамыз ол кезде профессор да болмаған шығар. Бірақ, тарихи грамматика пәнін жете меңгерген білімді ұстазды біз академиктен кем көрмейтінбіз. – Шытырманға кірдің, Ерік, – деді Асекең, – Бірақ, мен – сен жағындамын. Енді, балшабек орыс мұғалім сөз алды. Сұрақты қардай боратқан. – Спартакты көшпенді Скиф әулетінен дейсіз. Оған қандай дәлелдеріңіз бар? – деген көгеріп-сазарып. – Тацитты тарихшы деп мойындайсыз ба? – деді Ерік сауалға сауалмен жауап беріп. – Әрине, мойындаймын, – деді орыс мұғалімі, – Ол антика, қадым заманындағы ең беделді тарихшы. – Ендеше, сіз байқамаған болуыңыз керек? Тацит өзінің кітабында Спартак хақында «Номадикус генус» дегенді айтады, – деді Ерік жайбарақат, – «Номад» – әлемдік этимологияда «көшпенді Скиф» дегенді білдіреді, ал «Генус», яғни «Ген» – тұқым, шыққан тек дегенді білдіреді. – Спартак Скифтің даласында емес, Фракияда тұтқынға түсті емес пе? – деді орыс мұғалім кекете жымиып. – Ал, Фракия – қазіргі Болгарияның жері. – Бұл бар болғаны орыс этимологиясынан, фонетикалық транскрипциядан кеткен қате, – деді Ерік тағы да жайбарақат дауыстап, – Мысалы, гректер өз астанасын Атина дейді, ал орыстар Афина дейді. Сұлулық пен махабаттың құдайын гректер Атродита деп атайды, ал орыстар оны Афродита дейді. Сондықтан, сіз қазіргі Болгария деген елдің ескі аты Фракия емес – Тракия. Болгарияның бір уәлаяты қазір де осылай деп аталады. Ал түріктің, оның арғы атасы скифтің жазуында, әліпбиінде дауысты дыбыстар жазылмайды. – Яғни? – деді орыс мұғалім күйіп кетіп. – Яғни, Спартак сіз айтқандай, қазіргі Болга¬рия¬ның жерінде емес, Рим әскерінің кезекті бір жорығында «Түркия» деп аталатын Қара теңіз маң¬айын¬дағы бір далалықта тұтқынға түскен. Оның жалғыз өзі емес, қатын-баласымен, үй-орманымен қолға түсуі осыған меңзейді. Содан соң Ерік, сөзін үстеп, тағы бірқатар көне Рим тарихшыларын куәлікке тартқан. – Жарайды, – деді орыс мұғалім қолын сілтеп, – В конце-концов, қолайыңа жаққан деректерді теріп алып, бір-бірімен қиыстырып концепция жасауға болады. Бұны компиляция дейді. Сіздің айтып тұрғаныңыз компиляцияның үлгісі. Енді сіз маған мынаны айтыңызшы. Осы келтірген деректері¬ңіздің сыртында, Спартактың көшпенді скиф екенін куәландыратын темірдей берік уәжіңіз бар ма? Уәжіңіз, аргументіңіз бүгінгі өскелең ғылымға сай болуы керек. Ерік ойланып, төмен қарап, сәл үнсіз қалды. Орыс мұғалім масаттанып орнына отырды. Залда шыбынның ызыңы естілердей өлі тыныштық орнаған. Кенет Ерік басын жерден алып, мұң ұялаған көздерін орыс мұғалімнің жүзіне қадады. – Сіз, «Спартак» фильмін көрдіңіз бе? – деген даусы сәл қарлығып. – Әрине, бір емес, бірнеше рет көрдім, – деді орыс мұғалім. – Бірақ, ол фильм әлемдік тарихтың фундаментальдік мызғымас деректері мен қағидаларына сүйеніп жасалған. К вашему сведению. Ерік сабырмен сөз аяғын тосқан. – Ол фильмнің мына бүгінгі сіздің «сенсациялық» баяндамаңызға нендей қатысы бар екенін түсінбей тұрмын, – деді орыс мұғалім алдыңғы сөзін кекете үстеп. Ерік суық жымиып, жөткірінді. Оппонентті жермен-жексен қылардағы әдеті. Ар жағы не болар екен деп алабұртып күтіп тұрмыз. – Қалай ойлайсыз, Римге қарсы қанша көтеріліс болды? – деді Ерік. – Бірнеше, – деді орыс мұғалім, – Тарихта белгілі бірнеше көтеріліс болған. Ерік жөткірініп алып, келесі сауалын қойды. – Атап айтқанда? – Мысалы, Ганнибалдың көтерілісі, Бар-Кохбаның көтерілісі, өзіміз әңгіме етіп отырған Спартак, – орыс мұғалім саусақтарын бүгіп, Ерікке таңдана қараған. – Ганнибал көтерілісші емес, – деді Ерік, – Карфаген кейіннен, Ганнибал өлгеннен соң барып Римнің қоластына кірді. Оған дейін ол егеменді ел, жеке ме Скачать |