Куба
КубаКуба Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы. ГеографиясыКуба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар. Әкімшілік бөлінуіКуба унитарлық мемлекеттер қатарына жатады. Территориясы 14 провинцияға және Хувентуд аралы муниципиячына бөлінеді. 2011 жылдың қаңтарынан Гавананы Артемис жіне Маябек провинцияларына бөлу туралы шешім өз күшіне енеді. Осылайша провинциялар саны 15ке жетеді. ТарихыКуба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Индия) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Индия) деп аталып кеткен.
ЭкономикасыАҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі. [1] Пайдаланылған әдебиет
Скачать |