Ирландия


Ирландия

 

Ирла́ндия, Ирланд Республикасы (ирландша Éire, Poblacht na hÉireann; ағылш. Ireland, Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.

Атауы

1937 ж конституциясы бойынша мемлекет аты — «Éire, немесе, ағылшынша, Ireland» деп бекітілген. Билігін бүкіл аралға тарату ниетімен 1949 ж. Дублин ел атауын «Ирландия Республикасы» деп өзгертті.

Жағрапиясы

Жағрапиялық мағлұматтарды Ирландия аралы және Ирландия жағрапиясы деген мақалалардан қараңыз.

Саяси құрлымы

Ирландия — республика.

Қазіргі конституциясы 1937 жылдың 1 шілдесінде плебисцитта қабылданды. 1937 жылдың 29 желтоқсанында күшке енді .

Ирландия президенті (ирл. Uachtarán) халық референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Президенттің, үкімет сұранысы бойынша парламенттің төменгі палатасын шақыруға және таратуға құқығы бар, ол заңдарды жариялайды, соттар мен басқа да жоғарғы лауазымдарды тағайындайды және бас қолбасшы лауазымына ие болады.

Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді (Taoiseach) — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды.

Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент (ирл. Tithe An Oireachtais). Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат.

Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауысберу арқылы сайланады.

Сенат құрамында 60 мүше бар, олардың 11-ін премьер-министр тағайындайды, 6-ы Ұлттық және Дублин университеттерімен сайланады, 43-і жанама сайлау арқылы ерекше тізіммен (тізімдегі кандидаттар әртүрлі мекемелер мен ұжымдардың ұсынысымен кіргізіледі) өтеді. Сенаттың сайлау коллегиясы 900 адамнан тұрады, олардың ішінде өкілдер палатасының мүшелері, муниципалитеттер мен графтықтар кеңесінің мүшелері бар. Палаталардың жұмыс мерзімі — 7 жыл.

Әкімшілік құрлымы

  • Ленстер провинциясы(Leinster/Cúige Laighean):
    • Карлоу (Carlow/Contae Cheatharlaigh)
    • Дублин (Dublin/Contae átha Cliath)
    • Килдэр (Kildare/Contae Chill Dara)
    • Килкенни (Kilkenny/Contae Chill Chainnigh)
    • Лииш (Laois/Contae Laoise)
    • Лонгфорд (Longford/An Longphort)
    • Лаут (Louth/Contae Lú)
    • Мит (Meath/Contae na Mí)
    • Оффали (Offaly/Contae Uíbh Fhailí)
    • Уэстмит (Westmeath/Contae na hIarmhí)
    • Уэксфорд (Wexford/Contae Loch Garman)
    • Уиклоу (Wicklow/Contae Chill Mhantáin)
  • Манстер провинциясы(Munster/Cuige Mumhan):
    • Клэр (Clare/Contae an Chláir)
    • Корк (Cork/Contae Chorcaí)
    • Кэрри (Kerry/Contae Chiarraí)
    • Лимерик (Limerick/Contae Luimnigh)
    • Типперэри (Tipperary/Contae Thiobraid árainn)
    • Уотерфорд (Waterford/Contae Phort Láirge).
  • Коннахт провинция(Connacht/Cúige Chonnacht):
    • Голуэй (Galway/Contae na Gaillimhe)
    • Литрим (Leitrim/Contae Liatroma)
    • Майо (Mayo/Contae Mhaigh Eo)
    • Роскоммон (Roscommon/Contae Ros Comáin)
    • Слайго (Sligo/Contae Shligigh).
  • Ольстер провинциясы(Ulster/Cúige Ulaidh):
    • Каван (Cavan/Contae An Chabháin)
    • Донегол (Donegal/Contae Dhún na nGall)
    • Монахан (Monaghan/Contae Mhuineacháin).

Типперэри графтығы 2 суб-субъект болып басқарылады: Типперэри Солтүстік Ридинг және Типперэри Оңтүстік Ридинг.

 


Скачать