Жергілікті жерде бағытталу
Жергілікті жерде бағытталуЖергілікті жерде бағытталу, яғни, ол көкжиек тұстарына қатысты қозғалыстың бағыты мен адам өзінің тұрған орнын таба алуы деген сөз. Бағытталу үш негізгі іс-әрекеттен тұрады: 1) ориентир бойынша жерді шамалап тану; 2) көкжиек тұстарын анықтау; 3) тұрған жері мен қозғалыс бағытын ориентирге шыққанға дейін анықтау. Бағытталу көкжиек тұстарын анықтағаннан басталады. Көкжиек дегеніміз – ол ашық жерде байқалынатын жер бетінің бөлігі. Көкжиектің негізгі тұстары: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс. Көкжиек тұстарын компас, аспан денелері, жергілікті заттар мен құбылыстар және де басқа белгілер бойынша анықтауға болады. Компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау Туристік тәжірибеде ең көп тарлған компас – Адрианов компасы. Компас ішінде болаттан жасалған үшкір инеден тұратын магнитті тілі бар дөңгелек қорабша. Қорабшаның ішкі бөлігінде градустық бөліктерге бөлінген шкаласы бар. Компас қорабшасы бекітілген айналмалы қақпақпен жабылған. Көкжиек тұстарын анықтаған кезде, бұрыштарды өлшегенде компасты бағыттау қажет. Ол үшін тежеуішті жіберіп тілінің солтүстік ұшын лимбаның нолімен сәйкестендіру қажет. Көкжиек тұстарын лимбада көрсетілген С, Ю, В, З деген белгілер, яғни солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысты білдіреді. Градустардың мәні сағат тілінің жүрісі бойынша болады. Шкаланың әрбір бес бөлігі 15 градусты білдіреді, яғни бір бөлік з градусқа тең. Таныс емес жер бойынша қозғалғанда бірнеше ориентир таңдап, қозғалыс жүрісінде жаңасын белгілеп отыру қажет. Әдетте, ориентирлер алыс және жақын деп белгіленеді. Таяу ориентирге қозғала отырып, қозғалыстың жалпы бағытын алыс ориентирмен текмеріп отыру қажет. Егер бағыт өзгерсе, онда жаңа алыс ориентирін таңдалады. Далалы, шөлді жерлерде бағытталуға ландшафттың біркелкілігі, ориентирлердің аз немесе болмауы қиындықтар тудырады. Орманда ориентир ретінде орман жолдары, өзендер, ашық жерлер, жыраларды қолдану ұсынылады, бағытты компастың бағытымен тексере отырып бағытты анықтайды. Таулы, қыратты жерлерде бағытталу бағытты шолып отыра алмауы себебінен қиынға соғады. Асуларда, төбелерде жерді көріп бағытты анықтау жақсырақ. Бұл тұрған орын мен қозғалыс бағытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Тауларда риентир ретінде шыңдар, құздар, таулардан ағатын өзендер, асулар болады. Тұманды күндері бағытталу қиынға соғады. Магнитті аномалия ауданында найзағай кезінде жоғары вольтті линияларға жақын жерлерде компас көрсеткіші нақты болмайды. Бұндай жағдайларда күн, жұлдыздар сияқты аспан денелері, табиғат құбылыстар, өсімдіктер т.б. заттар бағыт жасауға көмектесе алады. Аспан денелері бойынша көкжиек тұстарын анықтау Көкжиек тұсын күнді ауа райында түсте анықтаған оңай болады. Ол үшін күнге арқамызбен тұрамыз, денемізден түскен көлеңке тура солтүстікке көрсетсе, ал арқамызда – оңтүстік, сол қолымызда – батыс, оң қолымызда – шығыс болады. Солтүстік жарты шарда күн шамамен сағат 7-де шығыста, 13-те оңтүстікте, 19-да батыста, 1-де солтүстікте болады. Күннің орташа қозғалуы бір сғст бойында 15 градусқа тең болады. Түнгі уақытта Поляр жұлдызы немесе айға қарап бағытты анықтауға болады. Ол бағытты солтүстікке көрсетеді. Егер поляр жұлдызына қарап тұратын болсақ, алдымызда – солтүстік, арқамызда – оңтүстік, сол жақта – батыс, оң жақта – шығыс болады. Поляр жұлдызының орналасуын Үлкен Аю шоқжұлдызы бойынша тауып алуға болады. Көкжиек тұсын күн бойынша сағаттың көмегімен анықтау Кез келген уақытта сағат болса, күн бойынша көкжиек тұсын анықтау қиын болмайды. Ол үшін көлденең орналасқан сағаттың тілін күнге немесе күнге байланысты ориентирге бұрамыз (2-сурет). Сағат тілі мен 1 саны арасын сызықпен тең бөлу қажет. Осы бұрышты теңге бөлген сызық бағытты оңтүстікке көрсетеді. Қателеспес үшін мынаны есте сақтау қажет: оңтүстік сағат 12-ге дейін күннің оң жағында, ал сағат 12-ден кейін сол жағында болады. Жергілікті заттар бойынша көкжиек тұсын анықтау Күнге қалай орналасқаны бойына заттардың белгілері: - көптеген ағаштардың қабығы солтүстігінде жуан, қалың болып келсе, ал оңтүстік жағында жұқа, майда болады; - қарағайдың екінші қабығының діңгегі солтүстік жақтан діңгек бойымен биіктейді; - ағаштардың, тастардың солтүстік жақтарын мүктер, саңырауқұлақтар басып кетеді; - құмырсқа илеулері ағаштардың, бұталардың оңтүстік жақтарында орналасады; - құмырсқа илеуінің оңтүстігі — жазық, ал солтүстігі — тік болып келеді; - көктемде шөп жабыны солтүстік жақтан көп өскен болады; - жеміс-жидектер оңтүстік жағынан тез пысып кетеді; - жазда тастар, ағаштар, бұталар жанындағы топырақ оңтүстік жағынан құрғақ болып келеді; - қар оңтүстік жақтарынан тез еріп кетеді; - тауларда емен ағашы оңтүстік жақтан жиі өседі. Туристік тәжірибеде жергілікті жерде бағытталудың бірнеше ережелері болады; 1. Жорықта үнемі көз мөлшерімен жұмыс істеп отыру керек, көз мөлшерімен ориентирге дейінгі арақашықтықты анықтап, оны карта бойынша салыстырып тексеріп отыру керек. 2. Карта мен жер арасында байланысты ұстап отыру керек, ол жүрілген қашықтықты дұрыс есептеуге көмектеседі. Өткен жолды уақыт пен қозғалыстың орташа жылдамдығын жаза отырып анықтауға болады. 3. Азимут бойынша қозғалыс кезінде бағытты алдыда келе жатқан адам ұстайды. 4. Топографиялық қиын міндеттерді шешкенде, топ жетекшісі болған оқиғаға талдау жасай отырып, топ мүшелеріне өзінің іс-әрекеттерінің жүйелілігін түсіндіріп отыруы керек. 5. Жергілікті жерде ландшафттың артық детальдерін тауып отырып қорытындыға келе салуға болмайды. Карта масштабы қаншалықты аз болса, соншалықты оған көптеген жер детальдері енгізілмей қалады. Жақын ориентирге дейінгі дұрыс өлшенген арақашықтық пен қозғалыс бағыты керек жерді дәл табуға көмектеседі. Скачать |