Железин ауданы
Железин ауданыЖелезин ауданы 1938 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Железинка а., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 188 километр. Аудан аумағы 7,7 мың шаршы километр құрайды. Аудан Павлодар облысының солтүстігінде орналасқан. 2009 жылдың басына аудан халық саны 19,7 мың адам құрады. Ертіс жазығының солтүстігін алып жатқан орманды дала белдемінде орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі көл қазаншұңқырларымен біршама ойымдалған және төрттік кезеңнің миоцен-плиоцен шөгінділерінен түзілген. Железин ауылының климаты тым континенттік. Қысы суық қарлы, жазы қоңыржай жылы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –18 – 20°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм. Жер беті сулары Ертіс өзені мен ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеуаралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр,түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, [[қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің ауданы 601,7 мың га, оның 15,3 мың га-сы егістік жер, 4,3 мың га-сы шабындық, 444,4 мың га-сы жайылым. Аудан жері арқылы Көкшетау – [[Қарасу тау жотасы, батыс жағында Ертіс өзенін бойлай мемлекетаралық Павлодар – Омбы автомагистралі өтеді. Железин ауданының халық саны 2009 жылдың басына жынысы және жеке жас топтары бойынша Ауданда 8094 (41,0%) қазақ, 8815 (44,7%) орыс, 942 (4,8%) украин, 220 (1,1%) белорус, 1053 (5,3%) неміс, 236 (1,2%) татар және 365 (1,9%) өзге үлт өкілдері тұрады. 2006 жылы: — 266 адам туды, — 224 адам өлді, — 101 неке тіркелді, — 37 ажырасу ресімделді. 2009 жыл басына тіркелген кәсіпорындар саны 146-ны құрайды, оның 125-ы жұмыс істейтіндер. Ауданда шығарылатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылық негізгі өнім түрлері: сүт өндіру, дәнді және техникалық дақылдарды өсіру. ГҚС; ЖҚС бары – 4 Нарық саны – 1 2008 жылғы орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыс (бағалау бойынша) 22140 теңге. 2008 жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерінің сыбағалы салмағы: ет — 8,0%, сүт – 8,0%, жұмыртқа – 6,1%, жүн — 7,0% құрады. Тіркелген ауыл шаруашылық тауар өндірушілері: Ауылшаруашылық кәсіпорындар – 25 Шаруа қожалықтары – 232 2008 жылдың егін шығымына арналған ауыл шаруашылық дәнді дақыл егіс аумағы 120,5 мың га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 107,3 мың га, күнбағыс – 8,7 мыңңга, картоп — 1,1 мың га, көкөніс — 78 га. 2008 жылы 44,9 мың тонна дәнді дақыл өндірілді, 1,0 мың тонна күнбағыс, 6,3 мың тонна картоп, 2,1 мың тонна көкөніс, 5,9 мың.тонна ет, 27,2 мың тонна сүт, 8,3 млн.. дана жұмыртқа, 64 тонна жүн. 2009 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 21,0 мың бас құрады, қой мен ешкі 23,7 мың бас, шошқа 9,2 мың бас, жылқы 5,7 мың бас, құстар 82,3 мың бас. 2009-2010 оқу жылының басына ауданда оқушы саны 2354 адам 38 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектебі, оқушы саны 232 адам 1 кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істеді. Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам. Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар. 2008 жылға негізгі еңбек нарығының индикаторлары 2008 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы – 30777 теңге (деректер филиалдарды қоса алғанда ірі және орта кәсіпорындар тобы, сондай-ақ санына қарамастан Басқару органдары, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық, банк, сақтандыру ұйымдары бойынша келтірілген) 2008 жылғы тұтастай өнеркәсіп бойынша өнеркәсіп өнімінің (жұмыс, қызмет) көлемі 708,9 теңге құрады. 2006 жылға бөлшек тауар айалым көлемі 321,2 млн. теңгені құрастырды, көрсетілген қызмет көлемі – 115,3 млн. тенге. 2006 жылы негізгі капиталға түскен инвестициялар – 362,4 млн. теңге. Скачать |