Джибути


Джибути

 

Джибу́ти́ (араб. جيبوتي‎‎) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.

Тарихы

Қазіргі Джибутидің аумағы VII ғ.-да араб сұлтандарының билігіне көшті. XIX ғ.-да аумақты Франция отарлап, мемлекетке ресми түрде Француз Сомали Жағасы атын берді (кейін — афарлар мен иссалардың француздық аумағы).

Саяси құрылымы

Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады.

Әкімшілік жіктеу

Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады.

Экономика

Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады. Экспорт: тері, үй жануары, кофе Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері — Франция, Эфиопия, Жапония.

Халқы

Негізгі этникалық топтары — исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар.

 


Скачать