Германия Федеративтік Республикасы


Германия Федеративтік Республикасы

 

Германия (нем. Bundesrepublik Deutschland — Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел. 

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун¬десратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германия қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Саяси партиялар

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Алмания Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.

Экономикасы

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Германияның көлігі мен экологиясы

Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Қазіргі заманғы Германияның экономикалық қуаты мен байлығының негізін өңдеуші өнеркәсіп құрайды. Оның көпшілік кәсіпорындары еуропалық ауыр индустрия орталықтарының бірі, елдің батысындағы Рурға шоғырланған. Тұрмыстық техникадан бастап зауыттық құрал- жабдықтарға дейінгі әр түрлі тауарлар өндіретін өңдеуші өнеркәсіп саласына елдегі жұмыс күшінің 25%-ы қамтылған.

Германия өнеркәсібінің жетекші салаларына қара және түсті металлургия, машина жасау, электроддық, химиялық және мұнай-химия кәсіпорындары жатады. Бұл өнеркәсіптік ел қоршаған ортаның ластануынан қатты зардап шегеді. Мысалы, Шварцвальдтағы бүкіл ормандардың жартысы дерлік қышқыл жауындармен зақымданған. Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір «жасылдар» партиясының өкілдері герман парламенті — бундестагтегі көпшілік орынды иемденіп отыр. «Жасылдар» партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының қысымымен Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып, атом электр станцияларын жаба бастады.

Германия құрғақтағы, су және әуе көлігінің тамаша жүйесіне ие. Тауарлар мен жолаушылардың көпшілігі автожолдар арқылы тасылады. Германиядағы жолдардың жалпы ұзындыгы 650 000 км- ден астам (оның ішінде автострада жолдарының ұзындығы 11 400 км). Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км caғ жылдамдықпен жүретін ICE («Интерсити — Экспресс») пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады. Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты — Гамбург сияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады.

wikipedia

 


Скачать