Гвинея


Гвинея

 

Гвинея, Гвинея Республикасы — Бат. Африкада орналасқан мемлекет. Жер аум. 246 мың км2. Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Гаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан. Аласа және орт. таулы үстірттер көп. Жері боксит, алмас, алтын, т.б. кендерге бай. Климаты экваторлық, муссондық. Жылдық орташа темп-ра 20 — 25ӘС аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1200 — 2000 мм. Жері құнарлы. Мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері өседі. Археол. қазбалар бұл өңірде адамдардың өте ерте заманнан бері өмір сүріп келе жатқанын дәлелдейді. Бірақ 19 ғ-дың ортасына дейінгі тарихы аз зерттелген. Орта ғасырларда кейбір аудандары Гана және Мали мемлекеттерінің құрамында болған. 16 ғ-дан бастап ислам дінін қабылдаған көшпелі фульба тайпалары әскери-діни Фута-Джаллон мемлекетін құрып, көршілес пұтқа табынушыларды өздеріне бағындырды. 15 ғ-дың орта тұсынан бастап Гаусс жағалауына португалдықтар келіп, алтын, піл сүйектерін, қымбат ағаштары мен құлдарды Еуропаға, кейіннен Америкаға таси бастады. Олар 16 — 18 ғ-ларда жергілікті тайпалар арасындағы алауыздықтарды пайдаланып, өз биліктерін орнатуға тырысты. 1865 — 76 ж. бұл өңірде француздар бірнеше қамалдар тұрғызып, Англия мен Германияны елден ығыстырып шығарды. Олар елдің ең құнарлы жерлерінде кофе, банан, ананас, мақта өсіруді жолға қойды. Алғашқы өндіріс орындары (тау-кен саласында) 1930 ж. ғана пайда бола бастады. 1958 ж. 28 қыркүйекте өткізілген референдумда Гаусс халқы Франция конституциясын қабылдамай, ел тәуелсіздігіне дауыс берді. Сол жылы 2 қазанда Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Гвинея демократиялық партиясы және оның жетекшісі А.Секу Туренің басшылығымен жер, өндіріс орындары, шетелдік компаниялар мен банк жүйелері мемлекет меншігіне алынды. 1984 ж. қантөгіссіз мемл. төңкерісі болып, алдыңғы конституция күшін жойды. Мемл. монополия шектеліп, елге шет ел капиталының енуіне жағдай жасалды. 1991 ж. өткізілген жалпы ұлттық референдумда жаңа конституция қабылданып, елде президенттік басқару, бір палаталы парламент қызметі енгізілді. Қоғамды демократияландыру шаралары жүзеге асырылуда. Экономикасының негізі — тау-кен өнеркәсібі (боксит, алтын, алмас), қымбат ағаштар, т.б. экспорттың 96%-ін құрайды (1995). Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Халықтың 70%-і а.ш-нда (мақта, темекі, кофе, банан, күріш,мал ш.) жұмыс істейді. Дегенмен, азық-түлік өнімдері тапшы болғандықтан, сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Жапония. Гаусс БҰҰ-ның, Африка бірлігі ұйымының, Ислам конфедерациясы ұйымының, т.б. халықар. және аймақтық ұйымдардың мүшесі.

 


Скачать