Бұлттардың түзілуі
Бұлттардың түзілуіЖауын-шашындар. Ауада су буы болады. Ол атмосфераға құрлық бетiнен, су қоймасынан су буланғанда бөлiнедi. Су буы түссiз, бiз оны байқамаймыз. Бiрақ ауа суытқан кезде су буы конденсацияланады – газды күйден сұйық күйге ауысып, су тамшыларына айналады. Ауадағы су буының мөлшерi ауаның ылғалдығын анықтайды. Ауа ылғалдығының маңызы үлкен. Ауаның ылғалдығы төмен болса, денелер бетiнен судың булануы артады. Мысалы, құрғақ ауада көкөнiстер ылғалдығын жоғалтады, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Ауа ылғалдығы бұлттар түзiлiсi және жауын-шашынның түсу мөлшерiне байланысты. Аспандағы бұлттарға қарап, олардың түрiне, мөлшерiне көңiл аударыңыздар. Бұлттар тропосферадағы су тамшылары немесе мұз кристалдарының көрiнетiн жиынтығы. Олар атмосферада жер бетiнен көтерiлетiн жылы ауаның жоғарыға қарай жылжуына орай өте жоғары ұсталынып тұрады. Егер бұлттар 1-2 км. Биiктiкте түзiлсе, яғни жер бетiне өте жақын орналасса, олар су тамшыларынан тұрады. Ауа температурасы төмен, 7-10 км биiктiкте болса, бұлттар мұз кристалдарынан тұрады. Атмосферада тұрақсыз, жер бетiне түсетiн су тамшылары немесе мұз кристалдары жауын-шашын деп аталады. Олар сұйық (жаңбыр, үсiк), қатты (қар, мұзды жаңбыр, бұршақ, қар түйiршiктерi) немесе аралас түрде болады. Ол ауа температурасына байланысты. Кейбiр жауын-шашындар бұлттардан (жаңбыр, қар), ал кейбiреулерi ауадан жаууы мүмкiн (шық, қырау). Жер бетi ауаға қарағанда қатты суыса шық пен қырау түзiледi. Ол жер бетiмен жанасып, ауадағы су буы конденсацияланып, шық пен қырау түзiледi.Жаңбыр – бұлттардан түсетiн су тамшылары. Белгiлi жағдайда су тамшылары бұлттарда бiрiгiп, оны үлкейтiп, ауырлатып, атмосферадағы ауа ағынымен ұсталынып тұра алмай, жер бетiне түседi. Қыста бұлттардан қар түйiршiктерi түседi. Түскен жауын-шашын мөлшерiн арнайы құралмен өлшейдi, ол шелекке ұқсас. Әр жаңбыр сайын, құралдағы су қабаты өлшенедi. Бiр тәулiкте түскен жауын- шашын мөлшерiнiң көрсеткiшiн қосып, олардың орташа айлық немесе жылдық мөлшерiн анықтауға болады. Жауын-шашын жерде бiртектi таралмайды. Мысалы, экватор ауданында жылына шамамен 2000 мм., ал шөлдерде жылына 100 мм. түседi. Белгiлi бiр жердегi түскен жауын-шашын мөлшерiн бiлу маңызды. Өсiмдiктердiң өсуi мен дамуы және олардың өнiмi соларға байланысты. Ұзақ уақыт қуаңшылық немесе бұршақ егiндiктердi толығымен жояды. Қатты нөсерлер салдарынан сел басу болуы мүмкiн, олар егiндiктердi, фермаларды жойып, үйлердi бұзады және адамдар мен үй жануарларының өлiмiне әкелiп соқтырады. Ауа ылғалдығы су буының мөлшерiмен анықталады. Ол ауа температурасына тәуелдi. Бұлттар су буының атмосферадағы конденсация нәтижесiнде түзiледi және су буы немесе мұз кристалдар түрiнде болады. Жер шарының әртүрлi аудандарында жауын-шашынның әртүрлi мөлшерi түседi. Скачать |