Буркина-Фасо
Буркина-ФасоБуркина-Фасо (1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км2. Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы. ТабиғатыЖер бедері үстіртті (Моса үстірті) келеді. Климаты субэкваторлық (қараша — наурыз айлары аралығында құрғақ болады). Жыл бойғы орташа темп-ра 24 — 26ӘС, құрғақ айларда 30 — 35ӘС. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 500 — 1000 мм, солтүстігінде 120 — 200 мм. Үлкен өзендері: Қара Вольта және Ақ Вольта. Жерінің 10%-і орман. ТарихыҚазіргі Буркина-Фасо жерінде адам баласы неолит дәуірінен бастап өмір сүре бастады. 11 ғасырларда оңтүстік-шығыстан моси тайпалары көшіп келді де, жергілікті тайпаларды бағындырып, өз мемлекетін құрды. 16 — 17 ғ-ларда саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. Осы кезде ел ішінде ислам діні тарай бастады. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап, Буркина-Фасо жеріне келе бастаған еуропалықтар өзара қырқысқан тайпа көсемдеріне өз ықпалдарын жүргізіп отырды. Осы аймақ үшін Англия мен Францияның арасындағы тартыс 19 ғасырдың аяғына дейін созылды. 1897 жылы бірнеше қантөгіс шайқастан кейін жергілікті тайпалар Францияның билігін толық мойындады және Жоғарғы Вольта деген атпен француздардың Батыс Африка құрамына кірді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Буркина-Фасо солдаттары Франция жағында фашистік коалицияға қарсы соғысты. Соғыс аяқталғаннан кейін алдыңғы қатарлы зиялы қауымның басшылығымен елде әр түрлі саяси ұйымдар құрылып, ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. Нәтижесінде 1960 жылы 5 тамыз күні Буркина-Фасо тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Экон. дағдарыстарға байланысты жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1984 жылы 4 тамыз күні болған кезекті төңкерісте Жоғарғы Вольта Республикасы атын Буркина-Фасо (“Адал адамдар елі”) деп өзгертті. Жер, табиғи байлық мемлекет меншігіне алынып, дәстүрлі тайпа көсемдерінің билігі жойылды. Қазіргі кезде ішкі ұлттық өнім жылына 320 АҚШ долларынан аспайды. Экономикада және сыртқы саудада француз капиталына тәуелді. Халқының 90%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Пайдаланылған әдебиет“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том Скачать |