Бруней


Бруней

 

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен бөлінген екі дара аймақтан тұрады. Құрғақ жерде тек қана Малайзиямен ал суда Оңтүстік-Қытай теңізімен шектеседі. Батыс Бруней — қырлы жазықтармен, ал Шығыс Бруней Букит Пагонауданында 1841 метрге биіктенетін жағалық тегістікпен сипатталады.

Мемлекеттік құрылымы

Жоғарғы билік мұралық монархтың — Сұлтанның қолында жинақталған (1967 жылдың қазан айынан бастап — Хассанал Болкиах Муизаддин Ваддаулах), және де ол брунейлік мұсылмандардың діни басшысы болып есептеледі. Сонымен қатар Сұлтан Министрлер кеңесін басқарады. 1971 жылда Англиямен жасасқан келісімге сәйкес, Министрлер кеңесінің және Жасырын кеңесінің (Сұлтанның жанындағы жеке консультативтік орган) құрамына Ағылшын бас комиссары кіреді. Оның құзыретіне қорғаныс және сыртқы байланыстар сұрақтары жатады. Одан басқа 21 мүшеден тұратын (он бірін Сұлтан тағайындайды, оны сайланады) Заң шығару кеңесі жұмыс істейді. Мемлекеттегі 1961 жылдан бастап келе жатқан төтенше жағдай ахуалын назарға ала отырып, Бруней негізінде Сұлтанның өкімдерімен биленеді Адат, немесе «Ортақ заң», елдің күндегі өмірінің көптеген аспекттерін реттейді. Сонымен қатар, мемлекеттің салт-дәстүрлерін және ресімдерін қоршайтын, сондай-ақ протоколға, өң-түске және геральдикаға қатысты ескертпелер шығаратын ерекше мекеме де бар. Арнайы құрылған Діни істер министрлігі ислам құндылықтарының күндегі өмірдің бүкіл салаларына таралымына жәрдемдеседі. Алайда, қазіргі Конституция Бруней халқы сенетін басқа діндердің ерекшеліктерін де есептейді және де дін тұту еркіндігі құқығын жүзеге асырады.1992 жылдың аяғында Брунейді малай мәдениетінің құндылықтары, мұсылман шарттары және монархиялық билік жүйесінің негізінде құрылған мемлекет ретінде белгілейтін «Малай ислам монархиясы» атты мемлекеттік ішкі саясатты даму тұжырымдамасының ақырғы бейнесі қалыптасты. Сонымен қатар, 2004 жылдың 25 қыркүйегінде Бруней Сұлтаны Парламенттік сайлау жүйесін құру жөнінде Конституцияға түзетуге қол қойды (Тәуелсіздік алғаннан кейін 1984 жылда Брунейде парламентшілік институты таратылды). Аталған түзетумен сәйкес, Бруней Парламенті (Заң шығару кеңесі) Сұлтанның өкімімен тағайындалатын 29 мүшеден және халықпен сайланатын 15 мүшеден тұрады. Тағайындалатын мүшелердің санына Сұлтандың өзі және Министрлер Кеңесінің 9 мүшесі кіреді. Брунейде мемлекеттің басшылығын толығымен қоштайтын Бруней Ұлттық Бірлік жалғыз саяси партиясы істейді (партия басшысы — Яссин Афенди).

Халқы

388,190 мың адамнан тұрады (2009 ж. шілде), құрамы: малайлар — 66 %, оларға туыстас этникалық қауымдар — келаян, ибан, меланау, дусундар, муруттар, даяктар және т.б. — 8%, қытайлар — 11%, европейлер, индустар және басқалар — 15%. Сонымен қатар 20 мыңға жуық Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен жұмыс мигранттар бар.

Діні

Ислам діні ресми болып танылады (суннизм) және халықтың 67% құрайды, 13% — буддистер, 10% — христиандар (протестанттар), 10% — әртүрлі табынушылыққа жатады.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы

Бруней «даера» атты келесі төрт аймаққа бөлінген — Белайт, Бруней-Муара, Тембуронг және Тутонг. Тембуронг аймағы басқа аймақтардан Малайзия шекарасымен кесілген, сонымен полуэксклав болып табылады. Аймақтар «муким» атты кіші аудандарға дараланады.

Қарулы күштері

Брунейдің Корольдік қарулы күштері құрлықтағы әскерлерден (3 жаяу батальон және жәрдем батальоны), әскери әуе күштерінен (3 тікұшақ эскадрильясы, 1 транспорттық ұшақ эскадрильясы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөліктері, техникалық және қосалқы бөліктер), және әскери-теңіз флотынан (3 зымыран катері, 3 күзет катері, 2 амфибия, 2 десанттық катері, 17 кіші өзеңкатерлері) тұрады. Одан басқа британдық армиясының ардагерлерінен құрылған «Гуркхтар резервтік бөлімшесі» бар. Ол Сұлтанның жеке күзетінің, сонымен қатар мұнай өнеркәсібі объектілерін қорғау міндеттерін атқарады және Ішкі істер министрлігіне бағынады.

Экономикасы

Бруней экономикасының негізін мұнай (жылында 10 млн. тоннадан аса) және табиғи газ (13 млрд. көлем метрден аса) өндірісі құрайды, ал олардың экспорты мемлекеттің валюталық түсімдердің 95% жасайды (Жалпы Ұлттық Өнімнің 60%). Әдетте, мұнай өндірісімен «Бруней Шелл Петролиум» (акциялар 50% -дан «Ройал Дач Шелл» компаниясы мен Бруней Сұлтаны арасында бөлінген) бірлескен кәсіпорыны шұғылданады. «Бруней Петролиум» мемлекеттік компаниясы әлі қалыптасу қалпында болып жатыр, ол 2007 жылда француздік «Тоталь» компаниясымен бірге теңіз қайраң игеру жұмыстарын бастады. 1997 жылдан бастап, Үкімет Брунейдің экономикасын әртараптындыруға бағытталған бесжылдық индустриялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаларға сәйкес, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету, бөлшек сауда және құрылыс индустрияларын дамыту, транспорт саласын өркендету және қаржы мен банктік институттарын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкіметтің басты шаралары мемлекеттік ғылыми орталықтардың көмегімен «жаңа экономиканы» тудыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Брунейде химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мақсатымен Сунгэй Лианг индустриялық паркін құру жумыстары жүріп жүр. Муара-дистрикт аумағында да эластомер және алюминий шығаратын заводтар құрылысы атқарылып жатыр. Одан басқа сұйылту газдарды өндіру (Бруней-Жапон-Англиялық бірлескен кәсіпорыны), ағаш тілу мен ағаш өңдеу кәсіпорындары бар. Туризм секторын дамыту мәселесіне өте өзекті мән беріледі. Брунейде ағынды қарқынмен экотуризм және «мұсылмандық туризм» секілді әртүрлі жаңа туризм бағыттары көркеюде. 2007 жылда Бруней аймақтық туристік тәсімдерге сәттілікпен енді. Атап айтқанда, Азия-Тыңыш мұхит мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығының (АТМЭҚ) аймақты дамыту бойынша бірлескен жобаларында Брунейдің алдында Малайзияны, Индонезияны, Филиппиндерді және Таиландты қамтитын туристік бағыттар бойынша әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсаттары қойылған. Сұлтандық балық аулау және мал шаруашылығынын дамытуға көп көңіл бөледі. Күріш – ауыл шаруашылығының негізгі дақылы болып табылады, оның жинағы жылында 10 мың тоннаға жетеді және елдің қажеттіліктерінің жартысын ғана өтейді. Одан басқа гевея және сарго өсіріледі. Жалпы, азық-түліктердің 80% импорт тауарлары құрайды. 2008 жылда Брунейдің Жалпы Ұлттық Өнімі (ЖҰӨ) 14,5 млрд. долл. АҚШ жетті (2007 жылмен салыстырғанда, -1,9%). ЖҰӨ құрамы келесі түрде үлесілген: өнеркәсіп секторы — 75%, қызмет көрсету секторы — 25%, ауыл шаруашылығы секторы — 0,7%. 2008 жылда елдің экспорт түсімдері 8 млрд. 973 мың. долл. құрады, ал импорт шығыстары 1 млрд. 798 мың. долл. жетті. Брунейдің 2008 жылдағы экспорттын негізгі баптары бұрыңғыдай сызды мұнай және мұнай өнімдері, сонымен қатар табиғи газ және текстить болып табылды. 2008 жылдағы Сұлтандықтың экспорт бойынша басты серіктестері: Япония 32,8%, Индонезия 24.4%, Австралия 13,4%, Южная Корея 12,2% және АҚШ 5,5%. 2008 жылда Бруней үшін аса қажеттілік келесі импорт тауарлары тудырды: техника және транспорттық құрал жабдықтары, өнеркәсіп бұйымдары, азық-түлік және химия тауарлары. Импорт бойынша басты серіктестер: Великобритания 46,4%, Сингапур 19,5%, Малайзия 11,3%. Еңбекке қабілетті халық 188,8 мың адам құрайды. Жұмыс күші келесі түрде үлесілген: өнеркәсіп секторы -63,1%, қызмет көрсеті секторы — 32,4%, ауыл шаруашылығы секторы — 4,5%. Жұмыссыздық деңгейі 2008 жылда 3,7% жетті. Халықтың жан басына салыстырғанда Жалпы Ішкі Өнім — 51,3 мың. долл. АҚШ (2008 г.). Бруней азаматтары табыс салығымен салынбайды. Сонымен қатар сатуға салынатын салық, экспорттық және кейбір басқа баж алымдары ескерілмеген. Компаниялардың айналым салығы 30% құрайды. Білім беру және деңсаулық сақтау қызметтері ақысыз көрсетіледі. Бруней транспорт желілері біршама дамыған болып есептеледі. Темір жолдарының ұзақтығы — 13 км (жеке меншік иелігінде), автомобиль жолдарының ұзақтығы 3650 км (асфалт жолдары — 2819 км). Тіркелген автокөліктердің саны 200 мыңнан асады. Екі ауежай жұмыс істейді. «Ройял Бруней Эйрлайнс» ұлттық әуе компаниясы 30-дан астам әуе бағыттарымен жүйелік рейстер жасайды. Ең өнімді әуе байланысы Сингапурмен, Малайзиямен, Индонезиямен, Филиппинамдармен және Таиландпен жасалады. Сонымен қатар Бруней Сингапурмен жүйелік кеме жүрерлік байланыс орнатты.

Тарихи шолу

16 ғасырда Бруней Калимантан аралының жартымды бөлігін және кейбір көршілес аралдарды басып алған іргелі феодалдық мемлекет болып табылды. 1839 жылда Сұлтанның қызметінде болған англиялық офицер Дж.Брук көтеріліс жасап, Саравак аралының солтүстігіндегі жерлерді өзіне бағындырды. Бұл еңбек үшін сауаб ретінде Дж.Брук Сұлтанның қалауымен «Раджа» атағына ие болды. «Ақ раджалардың» билігінен кейін Саравак аралы Малайзияның құрамына кірді. 1888 жылдан бастап, Сұлтандық Великобританияның протектораты болып саналды. 1941-1945 жылдарда мемлекетті Жапон қарулы күштері жаулап алды. 1959 жылы Бруней өз Конституциясын қабыл алды. 1962 жылы Заң шығару кеңесінің сайлауында Бруней халық партиясы (БХП) жеңді. БХП бастаған қарулы көтеріліс тоқтатылды, ал партия заңнан тыс болып жарияланды. 1961 жылдан бастап созылып келе жатқан Ерекше жағдай шегінде мемоекет Сұлта 



Скачать