БАЭ - Біріккен Араб Эмираттары
БАЭ - Біріккен Араб ЭмираттарыБАЭ
Жалпы ақпарат Визалар және кедендік ережелер Туристік жаднама Ауа райы және валюта бағамы Карта Жалпы ақпарат
Географиялық жағдайы.
Біріккен Араб Эмираттары солтүстік-шығыстағы Аравия жартылай аралында Таяу шығыста орналасқан. Катарамен, Сауд Аравиясымен, Султанат, Оманмен шектеседі. Солтүстіктегі БАЭ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен шомылады.
Астанасы.
Ресми астанасы – Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристік және саудалық астанасы – Дубай қаласы. әр эмираттың атауы оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді.
Саяси жағдайы.
1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Эмираттары – жеті тәуелсіз эмираттардан тұратын жас ел, әр эмираттың негізгі қаласымен байланысты аталған атауы болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр эмираттың әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген.
Халқы.
Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48,1% (оның ішінде БАЭ арабтары – 12,2%, бедуиндер – 9,4%, египеттік арабтар – 6,2%, оман арабтары – 4,1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендер – 35,7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер – 3,4%, европалықтар – 2,4%, басқалар – 5,4% бөлігін құрады.
Діні.
БАЭ-ның діні – ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген.
Тілі.
Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған.
Мерекелер мен демалыстар. 1 – қаңтар – Жаңа жыл. 11 – ақпан – Eld Holidays7 5 – сәуір – Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 – маусым – Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні. 25 – қазан – Лелат аль – Мирадж, Мираж түні. 27 – қараша – Рамаданның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан – Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир – Рамадан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туылған күні (Милед ан Наби).
Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді.
Діни мерекелер кезінде ресторандар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік илімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамадан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзінің қатыгездігімен ерекшеленеді.
Демалыс күні – жұма.
Ас үй.
Арабия асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет.
Араб эмираттары – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунец – бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар.
Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы – шаверма (араб шелнегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) – қаланың әр бұрышында сатылады.
Жергілікті десерттер өте дәмді – умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік пирогы), мехалабия – (қызғылт сумен және пістелермен себілген пудинг).
Кофе тағайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Аравия кафелерінен оның дәмін татуға болады.
БАЭ мұсылман елі болғандықтан, спирттік ішімдіктер барлар мен ресторандарда, қонайүйлерде ғана сатылады. Тек Шардж эмиратында ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Транспорт жүргізуге мас кезінде мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айыпқұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады.
БАЭ-ғы климат.
БАЭ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын – 13см). Жаз мезгілі өте ыстыө болады(+480С-ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАЭ-да туристік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.
БАЭ-да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +280С, түнде +180С көрсетеді.
БАЭ-ның шипажайлары.
БАЭ - әлем туристері үшін ең бай және тартымды ел. Парсы шығанағының жылы сулары, құнды жағажайлары, шөлейтті табиғи жағдайлар, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, ультрақазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, европалық тамаша супермаркеттер мен шығыс базарлары – бұның бәрі туристер үшін қиялы дүние.
Дубай.
Көлемі бойынша 3885 км-ді құрайтын екінші Эмират, халқының саны – 600 мың адам.
Дубай Таяу Шығыс елінің іскери орталығы, үнемі кеңею үстіндегі Парсы шығанағына Иран, Үндістан, Шғыс Африка, тіпті шеткері Шығыс елдері үшін “ену қақпасы” болып табылады.
Эмираттың астанасы – Дубай қаласы. Ол қаланы екі бөлікке бөлетін Хор-Дубай шығанағымен қиылысып жатыр.
Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әр түрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскери кеіселері орналасқан. Туристер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, дануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Аль-Джумейра саябағы болып табылады.
Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Аль-Хор шығанағымен өтетін Аль-Мактум және Аль-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Аль-Шандага үңгіртауымен байланысқан.
Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды.
Көптеген саяхатшылар мұнда атақта Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін дәне қаланы екі бөлікке бөлетін арналан дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар, паба, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өміріне орану үшін ат терлетіп келеді.
Саяси құрылымы.
Мемлекет басшысы – Президент. Сонымен бірге әр эмираттың өзіне тәуелді қызметтері бар жеке үкіметі болады.
Банктері.
БАЭ-ғы және жергілікті шетел банкілері ақылы банк қызматтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 800-1300, бейсенбі күні 800-1200 дейін. Кейбір банктер сағат 1600-1700-ге дейін ашық болады. Айырбас бөлімщелері 800-1300 және түнгі үзілістен соң 1600-2030 дейін жұмыс істейді.
Ақша.
Ақша бірлігі – дирхам.
Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл ақшалар да бар, оның сыртында Құман бейнеленген.
БАЭ-ның айырбас валютасы – филз. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада – елік, 5 филзде – балық бейнесі суреттелген.
Ательдердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club карточкалары қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетельдік және ұлттық валютаны енгізуге және шығаруға шектеу қойылмайды.
Электр жарығы – 220В, 50Гц.
БАЭ-ның салт-дәстүрі.
Біріккен Араб Эмираттарынң салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет.
Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамадан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласынң аузы бері Скачать |