Барсакелмес қорығы


Барсакелмес қорығы

 

Барсакелмес қорығы.

    Қорық орналасқан Барсакелмес аралы Арал теңiзiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде жатыр. Бұл Аралдың мөлшерi жағынан екiншi орында тұрған аралы Қызыл-орда облысының Арал ауданының территориясының құрамына кiредi. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Ол Балқаш-Арал климаттық облысының Аралмаңы ауданында орналасқан. Орташа жылдық температурасы- 8,7°. Ең суық айы-қаңтар. Радиациялық факторлардың сипатталатын абсолюттi минимумының жылдық балансы (39,7 ккал/кв. см.) — 31° . Ең ыстық айында орташа температура – 25,2 °. Абсолюттi максимум – 40,6° . Теңiз климатқа жұмсақ әсер бередi.

Барсакелмеске далада кең таралған сұр — қоңыр топырақ тән. Кәдiмгi тақыр — сорлы топырақ кең таралған.

Барсакелмес аралының жабықтұқымды флорасына 257 түр жатады, олар 172 туысқа және 46 тұқымдасқа бiрiктiрiлген. Алабұталылар тұқымдасының өсiмдiктерi өте көп – 41 түр. Олардың iшiнде қара сексеуiл, биюргун, боялыш сияқты аридттi түрлер бар. Сораңдардың шөптесiн түрлерi, климактоптерлер – алабота кең таралған. Астық тұқымдасы аз. Бидайықтан – шөлдiк және сынғыш түрi, Лессинг қауы, пиязшық қоңырбас, жабынды анисанта жиi кездеседi.

Аралдың әшекейi және көптеген жануарларға баспана болатын қара сексеуiлден тұратын шөлдi ормандар бар. Бұл ағаштарының биiктiгi 2,5-3 м-ден аспайтын шағын ормандар. Олар аралдың негiзгi ландшафтарында кездеседi және алуан түрлi.

Әдетте барсакелместе тамарикстiң әртүрлi түрлерi бар қопаның кiшкентай бөлiктерi бар: шашақты, тармақты және т.б.

Фаунасының сипаты шөлдi, бiрақ материкпен салыстырғанда ол өте кедей. Материктегi сүтқоректiлердiң 27 түрiнен бұл жерде тек 12-сi ғана бар, 3-iн адам ендiрген.

Барсакелмес фаунасында өрмекшiнiң 107 түрi бар, ол 18 тұқымдастың 61 туысына бiрiктiрiлген.

Аралда құрлық омыртқаларының 20 түрi мекендейдi. Бауырымен жорғалаушылардан тақырлы домалақбас жиi кездеседi. Әдетте шиқылдақ жармасқы, Паллас бозша жыланы, оқжылан – биюргонды — сұржусанды шөлде көп. Құмда жылдам аусыл кездеседi.

Әртүрлi зерттеушiлер әртүрлi кезеңдерде бұл жерде ұялайтын және жыл құстарының 211 түрiн тiркеген.

Аралда сүтқоректiлердiң 12 түрi: ақтiстi жертесер, құлақты кiрпi, кәдiмгi жарқанат, сұр аламан, майда тышқандар, тiкқұлақ қосаяқ, құмды-саршұнақ, қасқыр, түлкi, сайғақ, жейран және құлан бар.

Сүтқоректiлер iшiнде кемiргiштердiң және тұяқтылардың шөпқоректi түрлерi ерекше назар тудырады. Тышқандардың екi түрi – майда және тiкқұлақ қосаяқ аралдың ежелгi тұрғындары. Қыстық ұйқыға кетiп, тек түнде ғана белсендiлiк танытатын бұл түрлер қорықтың биоценозында көзге көрiнбейдi. Құрғақ жылдары тек тiкқұлақ қосаяқ ғана, ал қоңыржай және ылғалды жылы майда тышқандар болады.

Қорықтың қорғалатын бағалы жануарлары – тұяқтылар: сайғақтар, жейрандар және құландар, олар аралдың қатаң шөлдi жағдайына бейiмделген және оның биоценозының негiзгi компоненттерi болып табылады.

Жейран шөлдi ландшафтардың әшекейi. Бұл өте жеңiл және сымбатты антилопа.

Құлан – жабайы есек, және сыртқы тұрқы бойынша ол жылқыға көбiрек ұқсайды, бiрақ одан кiшiрек және құйрығы қысқа. Алғаш 8 құлан Барсакелмеске 1953 жылы Бадхыз қорығынан әкелiндi.1985 жылы «Құландар аралында» 260 жануар болды.

Көгiлдiр Аралдың жазығында жарты ғасыр бұрын түзiлген қорық өлiп бара жатқан теңiздiң тағдырын бөлiседi. Солтүстiк Аралдың эталоны, оның өзгерiстерiнiң жылнамасы әрқашанда Барсакелмес қорығы болып қалуы керек. Оның ландшафтары, флорасы және өсiмдiк жамылғысы, жануары, соның iшiнде ерекше шөлдi тұрақты комплекс сақталынуы қажет.

 


Скачать