Біріккен Араб Әмірліктері
Біріккен Араб ӘмірліктеріБіріккен Араб Әмірліктері — солтүстік-шығыстағы Арабыстан түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауди Арабыстанмен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. Ел ордасыРесми астанасы – Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары — деп есептеледі. Әрбір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді. Саяси ахуалы1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген. ХалқыХалықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48,1% (оның ішінде БАӘ арабтары – 12,2%, бедуиндер – 9,4%, египеттік арабтар – 6,2%, оман арабтары – 4,1%, сауд арабтары — 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi – 35,7%, ирандықтар — 5%, филлипиндіктер – 3,4%, еуропалықтар – 2,4%, басқалар – 5,4% бөлігін құрады. ДініБАӘ-нiң діні – ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген. ТіліАраб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған. Мерекелерi мен демалыстары1 – қаңтар – Жаңа жыл. 11 – ақпан – Құрбан Айт 5 – сәуір – Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 – маусым – Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні. 25 – қазан – Лелат аль – Мирадж, Мираж түні. 27 – қараша – Рамаданның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан – Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир – Рамадан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туылған күні (Милед ан Наби). Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді. Діни мерекелер кезінде ресторандар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік илімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамадан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзінің қатыгездігімен ерекшеленеді. Демалыс күні – жұма. Ұлттық тағамыАрабыстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет. Араб Әмірліктері – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунa – бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар. Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы – шауырма (араб шелнегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) – қаланың әр бұрышында сатылады. Жергілікті десерттер өте дәмді – умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік бәліші), мехалабия – (қызғылт сумен және пістелермен себілген ботқа). Кофе тағайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Арабыстан кафелерінен оның дәмін татуға болады. БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен сыраханадарда, қонақ-үйлерде ғана сатылады. Тек Шардж әмірлігінде ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Транспорт жүргізуге мас кезінде мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айып-пұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады. БАӘ-гі климатБАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын дәрежесі – 13см). Жаз мезгілі өте ыстық болады(+48°С-ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАӘ-дe туристтік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады. БАӘ-да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді. БАӘ-нiң шипажайларыБАӘ — әлем туристтері үшін ең бай және тартымды тарап. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары – бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі. Саяси құрылымыМемлекет басшысы – Президент. Сонымен бірге әр қайсы әмірліктің өзіне тәуелді қызметтері, жеке үкіметі бар. БанктеріБАӘ-гі және жергілікті шетел банкілері ақыл-кеңес қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 8.00-13.00, бейсенбі күні 8.00-12.00 дейін. Кейбір банктер сағат 16.00-17.00-ге дейін ашық болады. Айырбастау бөлімшелері 8.00-13.00 және түстен кейін 16.00-20.30 дейін жұмыс істейді. Ақша бірлігі – дирхам. Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл тиындары да бар, оның сыртында Құман бейнеленген. БАӘ-нiң айырбастау пұлы – филз деп аталады. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада – елік, 5 филзде – балық бейнесі суреттелген. Қонақ-үйлердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club төлем кәртішкелері қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетел және ұлттық пұлды енгізуге және шығаруға шектеулер қойылмас. Электр жарығы – 220В, 50Гц. БАӘ-нiң салт-дәстүрлеріБіріккен Араб Әмірліктерінiң салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет. Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамадан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласынң аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есерткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ-үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады. Намаз оқып жатқан адамдарға қарау, оларды фотосуретке немесе бейнесуретке түсіру, мешітке жалаңаш кіру мәдениетсіздіктің белгісі деп танылады. Үйге кіру үшін алдымен аяқ киіміңізді шешесіз. Арабтар үшін қарсы отырған адамның өкшесі көрініп тұрса, бұл қорлық болып саналады. Арабтардың қол алысуы ұзағырақ, себебі, бұл ерекше мұқияттылық белгісі. Қоштасу кезінде қол алысуды ұмытпаңыз. Құрметті адамдардың қолын екі қолыңызбен аласыз. Мұсылман әйелге қолңызды бірінші болып бермеңіз, қажет болса, оны өзі істейді. Арабтармен сөйлесу кезінде, тіпті ол жақсы білетін ескі танысыңыз болса да, оған оның әйелі туралы ешқашан қоймаңыз. Отбасы жағдайы туралы сыпайы ғана сұраңыз. Арабтар өте қонақжайлы халық. Олар қонақты шай, кофе немесе салқын шырындармен қарсы алады. Шығыс елі қонақ күтудің ежелгі дәстүрін ұстанады, сондықтан тағамды қабылдамау – үй иесін сыйламағандығыңыздың белгісі. Тағамды, шырындарды немесе қандай да бір заттарды тек оң қолыңызбен ғана алыңыз. Шай, кофе секілді тұтқасы болмайтын кіші стақанға құйылып, сүтсіз, тәтті-дәмділермен қоса беріледі. Жаздың ыстық күнінде шөп қосылған араб шайы көкірегіңді оятады. Жыл бойы жаз бен ыстық болатын Дубай қаласында әйелдер киіміне қатаң шектеулер қойылмайды. Дегенмен, жергілікті дәстүрді сыйлап, өте ашық көйлектерді кимегеніңіз абзал. Жағажайда, бассейнде суға түсуге арналған киімдерді киюге болады. әйел адамдардың суға түсу киімінің жоғарғы бөлігі міндетті түрде болуы керек. Әскери нысандар мен ғимараттарды, полиция бөлімшелерін немесе араб әйелдерін суретке түсірмеуге тырысыңыз. Бұл жағымсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қай жерде жүрсеңіз де, елдегі қоғамд Скачать |