Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтары
Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтарыБіздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң мемлекеттік органдар арасында, заңды және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі. Екінші деңгейлі құжаттарға Қазақстан Республикасының Аудит стандарттары (ҚР АС) және Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) жатады. 2000 жылдың наурыз айында өткен бесінші республикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасында Қазақстан Республикасы аудитін Халықаралық аудит стандарттарына көшу туралы шешім қабылданды. Үшінші деңгейлі құжаттарға әр аудиторлық фирманың жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтар негізінде өздері құрастырған ішкі стандарттары (ережелері) жатады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жалпы құқықтық құжаттар тізімі төмендегідей:
Бақылау сұрақтары 1. ҚР аудиторлық қызметтерін реттеу жүйесі. 2. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының мәні,мағынасы. 3. Аудиторлық қызметті мемлекеттік реттеу органы және оның негізгі функциялары. 4. Аудиторлар палатасы және оның функциялары. 5. Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары және оның классификациясы. 6. «Аудитор» туралы түсінік және аудиторлар аттестациясының тәптібі. 7. Заңды тұлға ретінде аудиторлық қызметті ұйымдастыруды талап ету. 8. Аудитор — кәсіпкердің қызметі. 9. Аудиторлық қызметті лицензиялау. 10. Тәуелсіз аудиторлық тексеруге жататын жыл сайынғы заңды тұлғалардың тізімі. 11. Аудиторлық тексеру кезіндегі аудиторлық ұйымдардың құқығы мен міндеттемелері.
Есеп 1. Жеке тұлға аудиторлық қызметпен айналысуға куәлік алу үшін жүргізілген аттестациялық емтихан тпсыруға жіберілмеді. Емтиханға жіберілмеу себебін анықтау қажет. 2. «Жер-су и К» ұйымы аудиторлық қызметпен айналысуы мүмкін. Ұжымның Жарғылық капиталын және аудиторлардың санын анықтап көрсетіп, оның лицензияның қай түрін және қалай алатынын анықтау керек. 3. Мектепте бухгалтер болып жұмыс істеген 6 жылдық өтілі және орта арнайы экономикалық білімі бар жеке тұлға аттестацияға қатысуы мүмкін. Тұлғаның аттестацияға жіберілетінін дәлелдеп, оған аттестация тәртібі және мерзімі жөнінде мәлімет беріңіздер.
Тест сұрақтары
1. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болу үшін аттестациядан өтуге қай тұлғалар жіберіледі? А) жоғары заңгерлік білімі және бухгалтер ретінде 3 жылдық жұмыс өтілі бар тұлға; В) жоғары экономикалық білімі бар, бірақ басқа мамандық бойынша 7 жылдық жұмыс өтілі бар тұлға; С) арнайы орта білімі ( экономикалық немесе заңгерлік ) және салық қызметкері ретінде 7 жылдан астам өтілі бар.
2. Аудитор тәуелсіз аудиторлық тексеруді жүзеге асыру барысында қай талаптарды басшылыққа алуы керек? А) Халықаралық аудит стандарттарын; В) ҚР 1998-1999 жж. Аудит стандарттарын; С) кәсіби тәжірибе мен интуицияны.
3. Аудиторлық ұйымдар келесідей түрде құрылуы мүмкін бе? А) ЖШС ұйымдық — құқықтық нысанда; В) кез келген ұйымдық — құқықтық нысанда; С) ААҚ ұйымдық — құқықтық нысанда;
4. «Аудитор» ұғымы нені білдіреді? А) аудитор білімін игергені туралы куәлік алған және комиссмя аттестацияланған тұлғаны; В) жоғары бухгалтерлік білімі бар тұлғаны; С) халықаралық семнарда сертификат алған тұлғаны.
5. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңы қай жылы қабылданды? А) 1994 жылы 18 қазанда В) 1998 жылы 20 қарашада С) 2001 жылы 15 қаңтарда Д) 2003 жылы 13 шілдеде
6. Жеке кәсіпкер аудитор бола алады ма? А) тек қана аудиторлық ұйымдарда жұмыс істей алатын; В) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген куәлігі мен лицензиясын алғаннан кейін жеке аудиторлық қызметпен айналыса алатын; С) кәсіпкер ретінде тіркелгенен кейін жеке аудиторлық қызметпен айналыса алатын.
7. Аудиторлық ұйымдардағы аудиторлар саны кем дегенде: А) екі; В) үш; С) бес; Д) жеті. Скачать |