Мемлекеттің фискалдық саясаты
Мемлекеттің фискалдық саясаты
КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 3
І ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ..................................................... 4 I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері............................................................................................. 4 I. 2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу..............................................................................................................................11 I. 3 Мемлекеттің фискалдық саясаты.........................................................................13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ................................17 II. 1 АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі........................... 17 II. 2 Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу...............................19 II. 3 Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері...................................................................................................23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ........27 III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы..........................................................27 III. 2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы..............................36
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................46
КІРІСПЕ
Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз. Фискалдық саясаттың шетелдік тәжірибесін яғни нақтырақ айтқанда АҚШ – та соңғы уақытта фискалдық саясаттың жүргізілуін талдаймыз. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамыуын және экономиканы мемлекеттік реттеуін және Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелеріне тоқталып кетеміз. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрылысын қарастырамыз. Федеративтік және унитарлық мемлекеттерде қандай бюджет жүйесі қолданылатынын тоқталып кетеміз. Республикалық және жергілікті бюджетті, республиканың бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымын қарастырамыз.
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің обьективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы “оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады” Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік - экономикалық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді. Мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе “таза қоғамдық тауарлар”, яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ. Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс - әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдық - техникалық және интелектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығынығ “сыртқы әсерлері” болып табылады. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі қандай? Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микраэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық салалық оргондарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді. Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу - мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс - әрекетіекендігін атап өту керек. Бұл-үкіметтің болжамы емес, оның обьективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасық ету мәселесін мемлекетке қалдырады. “Макроэкономикалық тұрақтылық” түсінігі де толықтыруды талап етеді. Оның мағынасы - макро көрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда ілгерлеуін сипаттайды. Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік – экономикалық дамудың ғылымы негізделген мақсаттарына қол жеткізуін қарастырып отырған құралдар құрамына халық шаруашылықтың басымдықтары дәл осындай ғылыми негіздеу қажетті орнын алмағандығын еркше атап өту керек. Бұл құралдың басқалардан қағидалы түрдегі ерекшелігіне көңіл аударғымыз келеді: Ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу арасында аралық жағдайды қамтиды. Осы тұста мақсатқа экономикалық басымдылықтар бағынышты сипат алады және оныңмәнісін білдіреді, ол мемлекеттік реттеуге қатысты – бастапқы орында болады. Бұл реттеудің көптеген механизмдері, алдын ала белгілі экономикалық басымдықтарды қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетуге қызмет ететіндігін білдіреді. Осылайша, жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, мемлекеттік реттеудің бастапқы қалпы мен оның негізгі бағыттарын бейнелейтін келесі суретті ұсынуға болар еді (1 сурет). Онда да оны айтарлықтай жеңілдету мақсатымен реттеу мехпнизмдері толықтай көрсетілмеген. Айта кететін бір жағдай, жалпы нарық бірнеше механизмдермен реттеледі. Бірінші – нарықтық өзін-өзі реттеу механизмі. Оған сұраныс пен ұсыныс және Адам Смидтің айтуы бойынша “нарықтың көрінбейтін қолы” – бәсекелестік жатады. Екінші – фирмалық, фирмааралық реттеу мезанизмі. Бұл жағдайда экономика фирмалардың өзара келісім – шарт жасауы арқылы реттеледі. Үшінші - мемлекеттік реттеу механизмі туралы осы оқулықта сөз болып отыр. Төртінші мемлекет аралық реттеу механизмі. Мемлекет басқа мемлекеттермен бірлесіп экономикалық қоғамдастық немесе одақ құрған жағдайда, қоғамдық басқару органы қабылдаған шешім мемлекеттің экономикасы үшін міндетті болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасын әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипаты болады, яғни белгілі бір обьектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды. Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субьектілер үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қарекеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты (2- сурет).
2- сурет Экономиканы мемлекетті Скачать |