Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі


Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі

 

Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі болып табылады.Ол өзіне аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның бухгалтерлік есептілігі туралы объективті және негізделген пікір қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін, түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.

Бұл жұмыс аудиторлық тексеру кезіндегі жоспарлауға, оның кезеңдеріне, оған әсер ететін тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалауға және аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны даярлау ерекшеліктеріне арналған.

 

Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдерінің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.

Аудиторлық жоспарлауды 300 «Жоспарлау» деп аталатын Халықаралық аудиттің стандарттары реттейді.

Аудитор өзінің қызметін негізгі үш себептер бойынша жоспарлау керек: бұл оған

клиент туралы жеткілікті мәліметтер жинау мүкіндігін береді;

аудитке кеткен шығындарды шектеулі түрде ұстап қалуға көмектеседі;

клиентпен белгілі-бір түсініспеушіліктен сақтап қалуға көмектеседі.

Аудитор тексеруді басталмас бұрын, алдын ала жоспарлауды өткізеді. Онда ол клиент туралы жалпы ақпаратты жинайды, аудитті орындау үшін персонал таңдайды және жұмыс жағдайлармен келіседі. Кейін аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар жоспарлау кезінде жалпы аудиторлық тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау керек. Соңында аудитор аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлауға кіріседі. Өйткені аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы қорытынды шығаруға қажетті фактілі материал болып табылады, сонымен қатар экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі туралы аудитордың объективті пікір қалыптасуына негіз болып табылады.

Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі.

Осы аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін білдіреді.

Жұмыстың мақсаты – аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық негіздерін ашу, аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау мен оның жетілдіру жолдарын көрсету.

Жұмыстың міндеті:

- аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық негіздерін ашып көрсету;

- аудиторлық жоспарлаудың кезеңдерін ашып көрсету;

- тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау әдістерін қарастыру;

- аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны құру мен даярлау тәртібін қарастыру;

- аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаның ерекшеліктерін және оны одан әрі жетілдіру жолдарын көрсету;

Жұмыстың әдістемесі болып, қолданылған Халықаралық аудит стандарттары, Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс, зерттеу мәселесі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттер мен журналдар болып табылады.

 


Скачать