Аудиттің мәні мен маңызы
Аудиттің мәні мен маңызыАудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында. Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек. Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда: - экономикалық субьектілердің - салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің - қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды - аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында. Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет. Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін. Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Скачать |