Аудит стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы


Аудит стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы

 

Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік уәкілетті органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.

Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктіліктерін  ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

–       жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

–       аудит өткізудің барлық кезеңдерібойынша регламентті анықтайды;

–       аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

–       Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

–       аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

–       аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

–       ақпараттарды пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу үдерісін түсінуге көмектеседі;

–       кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

–       мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

–       аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;

–       аудит өткізу үдерісінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Жалпы стандарттар – аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындау үшін оның бойында болуға тиіс белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже. Ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі.

Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизмінің жетілдіруіне қарай Аудит стандарттарын уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, әдістемелік мәселелерін, сондай – ақ аудиторлар қолдануға тиісті негізгі принциптерді айқындайды.

Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданады және уәкілетті мемлекеттік органмен тіркеледі.(«Аудит қызметі туралы» ҚР Заңы).

Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) Халықаралық аудиторлық тәжірибе жөніндегі комитет ұйымдастырған (ХАТК). ХАТК Халықаралық бухгалтерлер федерациясы кеңесінің тұрақты комитеті түрінде болады (ХБФ), ол 1997 жылы Нью-Йоркта құрылған. ХБФ-ға мүше болу Халықаралық  бухгалтерлік стандарттар (ХБСК) жөніндегі комитетке мүше болу құқығын береді. ХБСК Лондонда құрылған. Екі мекеме бір-біріне тәуелсіз, біріншісі аудитормен, ал екіншісі бухгалтерлік есеппен жұмыс істейді.

«Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары» нұсқасы ТМД елдері үшін Еуразияның бухгалтерлері мен аудиторлары Халықаралық жергілікті федерациясының шешімі бойынша ұсынылды.

  1. Стандарттардың  мазмұны 
 


Скачать