Әлемдегі ең ашық-шашық полигон
Әлемдегі ең ашық-шашық полигонҚазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына биыл 56 жыл толады.1991 жылғы тамыздың 29- ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды.Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі саналған әскерилерде жөніне кетті. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр. 40 жыл юойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен. Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар тағылған қасіреттің зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар. Ауызға да соны бірінші алады. Енді осы қайран қазақ даласының сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын бүгінгі күнге дейін тигізіп келеді. Ал, Семей ядролық сынақ полигонының әкімшілік шекарасының ұзына бойы-600 шақырымдай. Қарап отырсаңыз, мұның өзі шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын орасан үлкен аумақ емес пе Сонымен бірге зардап шеккен жерлердің көлеиі полигонның өзінен 16 есе үлкен- шамамемн 304 мың шаршы шақырым. Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылғы тамыздың 29-ыында жасалды. Ал, 1953 жылы тұңғыш рет термоядролық қондырғы сынақтан өтсе,1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада,8-і биіктіктегі ) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалды. Ал, жарылған ядролық оқ дәрілердің саны әлі күнге дейін саналатын көрінеді әрі бір сынақтың өзінде екі-үш оқ-дәріні бірден жарған кездер аз болмаған. Маусымның 24-інде Парламент Мәжілісінде «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны әсер ететін аймақта тұратын халықтың денссаулығын сақтау және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Парламеттік тыңдау өтті. Осы шара барысында полигонның проблемаларына байланысты осы аймақтардағы тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер айтылды. Ең алдымен халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталсақ. Жиын барысын.да келтірілген деректерге қарағанда, ядролық сынақтардың зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктерді тек 1млн.57 мың адам ғана алған болып отыр. Зұлмат жарылыстың мыңдаған куәгерлері әуре- сарсаңның көптігінен аталмыш куәлікке қол жеткізе алмай жүрген тәрізді. Бұл-бір. Екіншіден ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіеің бойынша, мемлекетіміздің осы аймақтардағы азаматтарға берешек қарызы 12,8 млрд. Теңгені құраған. Көрсетілген бейнероликте егер осындай қарқынмен жүрсе, бұл қарызды мемлекет еш уақытта өтеп бола алмайды деген күмән да айтылды. Басқосуда баяндама жасағант Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Н. Омарханов экологиялық төлемдер мен біржолғы өтемақыны төлейтін уақыт келгенін, оған мемлекетіміздің барлық мүмкіншіліктері бар екеніне тоқтады. Әкімнің көтерген екінші мәселесі-Семей ядролық сынақ полигонының аумағына байланысты қаншалықты жерге шектеу қойылғаны әлі күнге дейін белгісіз болуда. Шынымен де, Семей ядролық сынақ полигонының құқықтық статусы экологиялық апатты аймақ ретінле түсінікті. Бірақ нақты аумағы көрсетілмеген ғой. « Сондықтан Үкіметтен радиоактивті ластануға ұшыраған немесе тұрғын халқының өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жер телімдерінің арнайы картасын жасап беруді, аса қауіпті аймақтарды қоршап, күзет немесе режимдік тәртіпті бақылайтын бекеттер ұйымдастыруды сұраймыз», деді ол. Яғни, шекара белгісіз әрі көрінбейді. Нақты дәлелді шаралар әлі қарастырылмаған. Парламенттік таңдауда көтерілген бір мәселе полигон аймағында проблемалардан туындайтын және қоршаған орта мен экологияға байланысты ақпараттың жабықтығына байланысты. Дүниедегі ең қорқынышты мәселе – ол белгісіздік және осыдан туындайтын түсінбеушілік. Бүгінгі күні, полигон аймағындағы халықтың сана- сезімінде кезінде ірі ғалым Бақия атшабаровтың зерттеген « Қайнар синдром» деген қауіпті құбылыс қалыптасқан. Бұл құбылысты дәрігерлер де растаған. Аталмыш науқасты қазақша айтқанда, адамдар өз организімінде сәл өзгеріс болған жағдайда, оны полигон әсерінен көріп, қорқынышқа бой алдырып, үрей билеп, қандай болмасын ауруға мойын ұсынуға бейім тұратын көрінеді. Мінеки, «аруын жасырған өледінің» кебі. Қысқаша айтсақ. Семей полигонына, оның әсері, қауіпті аймақтары және жалпы осы мәселеге қатысты ақпарат ашық болуы тиіс. Сонымен қатар, аймақтарда жылдар бойы шешілмей жатқан проблемалар шоғырланып қалған. Мәселен, халықтың тұрыақты түрде ауруларға ұшырауы жоғары. Соның ішінде онкологиялық аурулар. Тұрғындардың өзі ауылшаруашылық өнімдерін ластанған жерде өсіреді.Мұның қайда апарып соғары айтпасада түсінікті емес пе! Ал осы аймақта зардап шеккендерді емдейтін медециналық мекемелер тек облыс орталықтарында ғана бар көрінеді. Енді сол ауыл тұрғындарының қаражатының болмауынан тиісті тексеріс емін ала алмай жүргендері қаншама. Мінеки, қарап отырсақ,полигонның 1991 жылы жабылуы барлық мәселелерді шеше алған жоқ. Оған тиісті дәрежеде де көңіл бөлінді деп айтудың өзі қиын. Есесіне сынақтар тоқтатылып, бұрынғы құрылымы жойылғаннан кейін, қайтадан жаңа мәселелер туындаған. Скачать |