Қосмекенділер класы


Қосмекенділер класы

 

АМФИБИЯЛАР НЕМЕСЕ ҚОСМЕКЕНДIЛЕР КЛАСЫ

Қосмекендiлер (амфибиялар) класының шығуы  – омыртқалылар эволюциясында үлкен қадам, себебi оның өкiлдерi құрлыққа алғашқы болып шықты. Бұл, мүшелердiң барлық жүйесi құрылысының күрделеуiнде үлкен рөл атқарды. Алғаш рет қаңқа сыртының ешқандай көмегiнсiз, тiрек-қимыл функциясын атқара бастады, бұл, құрлық жануарларының аяқтары құралатын, ұзын түтiктi сүйектердiң қалыптасуына алып келдi. Түтiктi сүйектердiң пайда болуына байланысты, қосымша қантүзушi мүше пайда болды. Қан клеткалары тек көк бауыр, бүйрек, бауыр, қан ағымда емес, сонымен қатар қызыл сүйек мида да түзiледi.

Қосмекендiлердiң құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты оларда қанайналым жүйесi күрделенедi: екiншi — өкпелi қан айналым пайда болады. Бұл, өз орнында жүрек құрылысының күрделенуiне алып келедi, жүрегi үшкамералы болады.

ҚОСМЕКЕНДIЛЕРДIҢ ШЫҒУ ТЕГI

Қосмекендiлердiң сумен тығыз байланысы, сонымен қатар олардың дернәсiлдерiнiң құрылысы мен тiршiлiк етуi, бұл жануарлардың балықтан шыққандығын көрсетедi. Өлiп бiткен қосмекендiлердiң тас болып қалған қалдықтары табылған. Олардың терiсi қабыршақты болған, ал бассүйегi үлкен және саусаққанат балықтың бассүйегiне ұқсас болған.

Көне қосмекендiлер, көне саусаққанат балықтардан, шамамен 300 миллион жыл бұрын шыққан. Қосмекендiлердiң ата-тектерi, кiшкене күнмен күштi жылынатын суларда тiршiлiк еткен. Мұндай суларда оттегi аз араласқандықтан, балықтар ауа жұтуын туғызған, ал кейiннен олар өкпемен тыныс алуға көшкен. Саусаққанатты балықтардың аяқтарының қаңқалары, қосмекендiлер аяқ сүйектерiнiң орналасуына ұқсас болды. Құрғаған сулардан олардың басқа жерге жорғалауы, олардың жұп қанаттарының құрлықты аяқтардың пайда болуына алып келдi.

Орта палеозойда девонда нағыз құрлықты өсiмдiктер пайда болды; дәл осы кезеңде құрлықты омыртқасыздар, соның iшiнде жәндiктер де пайда болды. Құрлықты омыртқасыздардың пайда болуы (болашақ қосмекендiлер қорегi), омыртқалы жануарлардың құрлыққа шығуына алып келдi. Буынаяқтылар және құрлықты омыртқалылар, таскөмiр дәуiрi кезеңiнде айрықша гүлдендi. Осы кезеңнiң кiшiгiрiм көлшiктерiнiң сулы өсiмдiктерi мен жағалаудағы өсiмдiктерi өркендеуде. Осының нәтижесiнде суда оттегi азая бастады. Бұл күйде атмосфералы ауамен тыныс алуға көшкен балықтар тиiмдi жағдайда болды. Дәл осы судағы тыныс алу мүшелерiнiң шығуын анықтаған, судағы оттегiнiң жетiспеушiлiгi, омыртқалылардың құрлыққа шығуын және қазiргi амфибиялардың ата – тегiнiң шығуын дайындады. Тiршiлiк етудiң бұл кезеңiнде, қоректiң құрлықта үлкен қоры, құрлықта омыртқасыздар зияны және жаңа ортадағы бәсекелестiктiң жоқтығы болды.

ҚОСМЕНКЕНДIЛЕРДIҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ

Көбеюi. Бақалар, қыс бойы су түбiнде ұйықтап, көктемдегi күннiң алғашқы сәулелерiнен оянып, көбеюге кiрiседi.

Аталықтары қатты құрылдайды. Жасыл бақаларда (көлдi және көлшiктi) дауыс ерекше резонаторларды – ауыз қуысынан ауамен үрленетiн және ауыз бұрышының арт жағында орналасқан желқабызды күшейтедi. Қоңыр бақаларда резонаторлар мойын терiсi астында орналасқан.

Аналықтары суда, балық уылдырығына ұқсас, уылдырық қалдырады. Аталықтар оған, құрамында сперматозоидтары бар сұйықтықты шашады. Бiрнеше уақыт өткеннен соң, әр уылдырық қабығы iсiп мөлдiр, iркiлдеген қабатқа айналады, оның iшiнен жұмыртқа көрiнiп тұрады. Оның жоғарғы бөлiгi қараңғы, ал төменгiсi жарық. Мұндай түс тиiмдi: жұмыртқаның қараңғы бөлiгi күн сәулесiн жақсы қабылдап, күштiрек жылынады. Көптеген бақалар түрiнiң уылдырық жиынтығы, судың жылы бетiне қалқып шығады.

Дамуы. Төменгi температура жұмыртқа дамуын тежейдi. Ал егер ауа-райы жылы болса, жұмыртқа көптеген  бөлшекке бөлiнiп, көпклеткалы ұрыққа айналады. Бiр — екi аптадан кейiн уылдырықтан бақа дернәсiлi — бақашабақ пайда болады.

Бұл дернәсiл сырт келбетiмен жұмыртқа тәрiздi денесi бар кiшкентай балыққа ұқсайды. Алғашқыда бақашабақ сыртқы желбезектермен (басының екi жағында кiшкене шақтар тәрiздi) тыныс алады. Кейiн олар iшкi желбезектермен алмасады.

Бақашабақта тек бiр қанайналым шеңберi және екi камералы жүрегi болады, терiсiнен бүйiрлi линия мүшесi байқалады. Осындай түрде, бақа дернәсiлiнде балық құрылысының кейбiр белгiлерi болады.

Алғашқы күндерi, бақашабақ уылдырықтағы қоректi заттар қорымен қоректенедi. Содан кейiн, онда мүйiздi жақтары бар ауыз пайда болады. Бақашабақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқа да су организмдерiмен қоректенуге көшедi.

Бақашабақтардың кейiнгi өзгерiстерi, күн жылыған сайын жылдамдайды. Оларды бiрiншi артқы, содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады. Өкпелерi дамиды. Бақашабақтар судың бетiне көтерiлiп, ауа жұта бастайды. Кейiнгi уақытта, олардың құйрықтары тартылып, бақашабақтар жас бақаға айналып, жағаға шығады. Уылдырық шашып, одан бақашабақтың бақаға айналғанша, шамамен 2-3 ай өтедi.

Жас бақалар, ересек бақа сияқты тiрi қорекпен қоректенедi. Көбею қабiлетiне олар көбiне тiршiлiк етуiнiң үшiншi жылында жетедi.

Көбеюден соң, қоныр бақалар судан шығады, ал жасыл бақалар суда қалады немесе жақын маңда, жағалауда қалады. Бақалардың жүрiс-тұрысы ылғалдылықпен анықталады. Құрғақ ауа-райында қоңыр бақалар күннен тығылып, түнде жемтiгiн аулауға шығады. Ал жасыл бақалар суда немесе жақын маңда тiршiлiк еткендiктен, олар күндiз де аңшылыққа шығады.

Күз түскенде қоңыр бақалар су маңына жиналады. Ауаның температурасы, су температурасынан төмендегенде, жасыл және қоңыр бақалар су түбiне бүкiл қысқа кетедi.

АЯҚСЫЗ ҚОСМЕКЕНДIЛЕР ОТРЯДЫ

Бұл отряда бiр сақиналы құртшалар  тұқымдасының 56 түрi жатады. Сыртқы бейнесiмен олар жұмыр құрттарға немесе жыландарға ұқсас. Құртшалар денесi сегменттелген (сақиналар саны 400 дейiн жетуi мүмкiн). Терiсi жалаңаш, кiлегейлi бездерге бай, соңдықтан бетiн ащы кiлегей мен сылап тұрады. Жұп аяқтары және белдеу аяқтары жоқ. Құйрығы да жоқ және клоакасы денесiнiң ең аяғында бiтедi.

Барлық сақиналы құртшалар суда тiршiлiк етедi, түнгi тұрмыс қалпын кешiп, ылғалды топырақтарда жол салады. Қазу тұрмыс қалпына байланысты, олар аяқтарынан айырылды. Иiс және жанасып сезiмдерi қатты дамыған. Сақиналы құртшалар үнемi шұңқырынан қармалауышын шығарып тұрады – бұл олардың иiс және жанасып сезу мүшесi, жер асты тiршiлiгiне байланысты, оларда iшкi ұрықтану дамиды. Олар жылантәрiздi иiлу жолымен өте баяу қозғалады. Құрттармен және басқа да топырақ жануарлармен қоректенедi. Кейбiреулерi және басқа да топырақ жануарларымен қоректенедi. Кейбiреулерi құмырсқалар ұяларында коныстанып, сол құрылыстағы мекендеушiлермен қоректенедi. Көбiсi жұмыртқаларын ылғалды топыраққа салады. Аздаған ең iрi жұмыртқалардан жақсы дамыған дернәсiлдер шығады. Олар бiраз уақыттан соң ересек жануарға айналады немесе қысқа дамудан кейiн метаморфоздан өтiп құрлықтағы тiршiлiкке көшедi.

Тек кейбiр тiрi туатындардың эмбриондары 5-6 iрi жұмыртқадан дамиды. Сақиналы құртшалардың көбiсi суда қалқи алмай, оған түскеннен кейiн батып кетедi.

Сақиналы құртшалар Америка, Африка және Азияның тропиктiк белдеулерiнде тараған: олар Австралия мен Мадагаскарда болмайды. Қазбалы аяқсыздар белгiсiз. Олар таскөмiр кезеңдегi жiңiшке омыртқалы қосмекендiлерден шыққан.

Бұл тұқымдастың түрлерi мен туыстарының жүйелiлiк айырмашылықтары қармалауыштың формасы мен қалпы (домалақ, клапан-тәрiздi, конусты), астыңғы жақтағы тiстер қатарының саны, көздiң даму дәрежесi, қабыршақты және шүйде сүйектерiнiң бiрiгiп өсу дәрежесi, терiде қабыршақтың болуы немесе болмауы және т.б. болып табылады.

Нағыз сақиналы құртшалар туысы Оңтүстiк Америкада кездескен 8 түрден тұрады. Олар терiсiндегi ұсақ жұмыр қабыршақтармен, терiсiнiң астындағы көздермен, астыңғы жақтағы тiстiң екi қатарымен, танау астында клапантәрiздi қармалауыштардың орналасуымен сипатталады. Бұларға ұзындығы 117 см – ге жететiн отрядтың өкiлi жатады. Мұндай құртжылан Колумбияда теңiз деңгейнен 1150 м биiктiкте тiршiлiк етедi.

Буылтық құртшалар туысы қабыршақтардың жоқтығымен және терiден көрiнетiн көздерiмен, төменгi жақтағы тiстердiң бiр қатарымен және танауларға қарағанда ауыз бұрыштарына жақын орналасқан қармалауышымен сипатталанатын, 5 Оңтүстiк америкалық түрдi бiрiктiредi. Буылтық құрт Солтүстiк Бразилияда, Эквадорда және Перуда тiршiлiк етедi, ұзындығы 40 см жетедi және денесiнде 85 сақинаға дейiн болады. Терiсi қара, ал сақиналар арасында ақшыл болады. Ылғалды топырақта тiршiлiк етiп, сол жерге ұзындығы 10, енi 8,5 мм болатын шамамен 9 жұмыртқа салады. Жұмыртқалар өзара кiлегейлi баумен байланған және оларды аналығы қорғайды. Бұл туыстық өкiлдерiнiң арасында құмырсқалар ұяларында тiршiлiк ететiн түрлерi де бар.

Құршабалықтар туысы. Оларға Үндiстанда, Бирмада, Цейлонда, Индонезияда тараған екi түр жатады. Терiсiндегi жұмыр қабыршақтармен, терiден көрiнетiн көздерiмен, конусты қармалауыштарымен сипатталады.

Ең белгiлiсi кең тараған, ұзындығы 40 см-ге жететiн I.glutinosus түрi. Оның денесiнде 400 сақина болады. Түсi қара-қоңыр немесе дене бүйiрлерiндегi ұзын жолдары ақшыл-сары, көгiлдiр. Ересек жылан балықтар өзен жағалауларындағы топырақтарда 30 см тереңдiкте тiршiлiк етедi. Суға түссе, тез жылдам өледi. Жауын құрттарымен, соқыржыландарымен және қалқаншақұйрықты жыландармен қоректенедi. Аналығы су түбiндегi арнайы iнге диаметрi 6-9 мм. 12-25 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларды өз денесiмен айналдыра басып, терi бөлiндiсiмен оларды молынан ылғалдайды. Дернәсiлдердiң жұмыртқа қабығының iшiнде жатып-ақ бүйiр сызықтарының мүшелерi мен үш жұп тармақталған желбезектерi дамиды. Соңғылары артқы аяқтардың конустәрiздi ұсақ бүйректерi сияқты, жұмыртқадан шыққан кезде жоғалады. Жұмыртқадан шыққаннан кейiн дернәсiл ұзақ уақыт бойы суда дамып, өкпелерiмен тыныс алады.

Су құртшалар туысы Оңтүстiк Америкада тараған 



Скачать