Қоршаған ортаны қорғау туралы заң


Қоршаған ортаны қорғау туралы заң

 

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Жалпы ережелер.

1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік жіне қоғамдық шаралақ жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаны қорғау заңдары мен қорғалатын құрамдас бөліктері.

Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, және мәдени басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және тағы басқа қызмет прцестерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де табиғи ресурстарды пайдалану.

3-бап. Қоршаған ортаны орғау негізгі принциптері.

Олар:

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасық ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтаудың қамтамасыз ету.

Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы.

Жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі. Табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорғалуға тиіс.

VII тарау.  Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторнингі.

24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі.

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекететтік мониторингі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырылды және онда:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ оларға антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілетін бақылау;

2) аталған бақылау обьектілерінің жай-күйін бақылау;

3) олардағы өзгерістерді болжау қамтылады.

Х тарау.

Шаруашылық және өзге де қойылатын эколиялық талаптар.

47-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.

Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарларды ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдар мен және өзге де нормативтік- құқықтық акктілермен белгіленеді.

9. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорғауға алынған жерлер, экологиялық, ғылыми және мідени жағынан ерекше құнды, Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгейді.

1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи – қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.

2-бап. Мемлекеттік табиғи қорық қоры.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған обьектілердің жиынтығы.

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншік.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншікте болады.

ІІ тарау. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.

6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.

Азаматтардың:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен пайлдалануға, мемлекеттік табиғи – қорық қорын қорғау және қалпынакелтіру жөніндегі шараларға қатысуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларын құруға;

ерекше қорғалатын дамыту мен орналастыру схемаларын әзірлеу, оларды құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;

7-бап. Қоғамдық бірлестіктер саласындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтар мен міндеттер.

1.Қоғамдық бірлестіктердің:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзірлеп насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық ісі саласындағы белседі қызметке ерікті негізде тартуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша дамыту мен орналастыру схемаларын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісіне ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар жүргізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүргізуге;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік табиғи қорық қорын қорғау, қалпына келтіру мен пайдалану ісін ұйымдастыруға белгілі бір тәртіппен қарауға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық қорларын құруға;

12-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері.

1. Қазақстан Республикасының мақсатына, қорғау режиміне және пайдалану ерекшелігіне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадпй түрлері бөліп көрсетіледі.

1. Биоөрістік аумақтарды қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтар

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

3.Мемлекеттік табиғи парктер

4. Мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

5. Мемлеттік қорық өңірлері;

6. Мемлекеттік табиғи заказниктер;

7. Мемлекеттік зоологиялық парктер;

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік диндралогиялық парктер;

10. Мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;

11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары;

12. Халық аралық маңызы бар сулы батпақты аумақтар;

13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскеплері.

22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі не шаруашылық қызметінің реттелген режимі енгізіледі.

2. Ерекше құқықтық режимі: қорқ режимі, заказник режимі болып бөлінеді.

Қорық режимі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез-келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тиым салуды көздейді.

Заказник режимі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез-келген шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маумысда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи қорық учаскелер қорығын сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың мақсаттары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

  1. Ғылыми;
  2. Мәдени ағартушылық;
  3. Оқу;
  4. Туристік және рекреациялық;
  5. Шектелу шаруашылық мақсаттарында пайдалануы мүмкін.
 


Скачать