Қоршаған ортаны қорғау және адамдардың құқығы
Қоршаған ортаны қорғау және адамдардың құқығыМақсаты: Қазақстан Республикасында экологиялық құқықтың дамуын таладау. Қарастырылатын сұрақтар: 1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі 2. Табиғат пайдалану құқығының қағидалары және белгілері 3. Табиғат пайдалану құқығының түрлері . объектілері және субъектілері 4. Жалпы және арнай табиғат пайдалану Тақырыптың қысқаша мазмұны. Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi. Табиғат пайдалану түрлерiне: 1) жердi пайдалану; 2) суды пайдалану; 3) орманды пайдалану; 4) жер қойнауын пайдалану; 5) жануарлар дүниесiн пайдалану; 6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану; 7) қоршаған ортаға эмиссиялар; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады. Табиғат пайдалану түрлерi бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамтуы мүмкiн. 1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн. 2. Табиғат пайдаланушылар: 1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген); 2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн. 3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы: 1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар; 2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды. 2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бiр, екi не барлық актiлер негiзiнде туындауы мүмкiн. 3. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi. 4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi. 5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды. 6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:
1.Табиғат пайдаланушыларға кім жатқызылады .
2.Арнайы және жалпы табиғат пайдалану айырмашылығы Скачать |