Қимыл-тірек аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері. Мектепті жабдықтаудағы гигиеналық талаптар
Қимыл-тірек аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері. Мектепті жабдықтаудағы гигиеналық талаптарМақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психаикалық дамуындағы қозғалыстың рөлін түсіндіру. Тірек-қимыл аппаратының физиологиясы мен жастық ерекшеліктерімен таныстыру. Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптарға тоқталу. Сұрақтар: 1 Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы ұғым. 2 Қаңқаның бөлімдері және оның дамуы. 3 Бұлшық ет жүйесі. 4 Әр жас кезеңдердегі ағзаның физикалық жүктемеге беретін реакцияларының ерекшелігі. 5 Қимылдың дамуы және жасқа байланысты координацияның жетілуі. 6 Мектеп жабдықтары және оны қолдану. Тiрек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттерi жатады. Қаңқа eкi жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негiзгi қатты тұлғасы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ, қол сүйектерінен тұрады. Балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектер тез бұзылып денсаулыққа зиян келеді. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекiтiлген. Олардың көбi eкi сүйекке бекiгеңдiктен олардың қозғалысын iскe асырады. Бұлшық еттің негiзгi қызметi – сүйектердi қозғау. Сол арқылы адамның еңбек eтyiн, күрделi жұмыстарды орыңдауын қамтамасыз етедi. Жаңа тyғaн нәpecтeнiң денесiнiң, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бiрақ олар дұрыс үйлеспеген, ерiксiз шым-шытырық қимылдар түрiнде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмiрiңде көpiнe бастайды: ең алдымен жарық көзiне немесе дыбыс шыққан жақа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейiннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының epiктi қимылдары пайда болады. Соның нәтижесiңде нәресте көзiне түскен затты ұстай алады. Бақылау сұрақтары: 1 Тірек-қимыл аппаратының маңызы. 2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психаикалық дамуындағы қозғалыстың рөлі. 3 Қаңқа жүйесінің дамуы.
Скачать |