ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті — бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады. Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі. Алманың және алмұрттың сорттары — ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады. Жаздық сорттар еккеннен кейін 3—4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15—20 жылдан кейін болады. Ал, 30—35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының-көп жыл бойы жүргізген стационарлық зерттеулері мен өндірістік екпелерге жасалған экспедициялық тексеру материалдарының негізінде алма мен алмұрттың сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріліп отыр. Жаздық сорттар: Анис бархатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Қонфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный. Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казахстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда. Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка вернёнская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет золотой Писгуда, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Қальвиль Қацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное. Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алу. Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алғанда әрбір облысқа климат жағдайына қарай ұсынылған стандартты сорттарды басшылыққа алу кажет. Бұл сорттар жемісінің пісу мерзімі мен пайдалануға жарамдылығы, бау иелерінің қажетін қанағаттандыру дәрежесі де ескерілгені жөн. Мұнда мейлінше көп сақталынатын қыстық сорттарға едәуір орын берілгені дұрыс. Стандартты сорттарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын сорттың бір немесе екінші турін кебейтіп жіберу — әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, еңдеген кезде көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сондықтан жеке меншік бақ учаскесінде еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатын көздеп, белгіленген ағаш тұқымы мен сорттардың өзара теңбе-теңдік тәртібін мұқият орындау керек. Жеміс дақылдарының аудандастырылуы Оңтүстік аудандарда (Қызылорда, Шымкент облыстарында): Алма. Розмарин белый, Пармең золотой зимний, Ренет Симиренко, Қандиль синап, Ренет Орлеанский, Золотое Грайма, Налив белый, Бойкен, Ренет Ландсберга, Апорт, Ренет Бурхардта, Пеструшка, Суйслеппер. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін негізінен Титовка, Грушовка московская, Ренет курский золотой, Мичуриндік сорттар — Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Кандиль-китайка. Алмұрт. Лесная красавица, Любимица Клаппа, Вильямс, Бере Боск, Фердинанд, Жозефина Мехельнская. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — Лимонка, Бессемянка, Бере зимняя Мичурина. Алхоры. Шабдалы алхорысы, Ренклод зеленый, Венгерка итальянская және домашняя, Екатерининская, Анна Шпет, Виктория, Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — ерте пісетін қызыл алхоры, Канадская. Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Дрогана желтая, Бычье сердце, Қызылорда облысыныц солтүстік аудандары үшін — Владимирская, Растунья. Оңтүстік шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында): Алма. Оңтүстікке арналған сорттар Зеленка, Грушовка верненская және Бернское розовое; Талдықорған облысы үшін негізінен — Суйслеппер, Пеструшка, Ренет Бурхардта, Апорт, Белый налив, Титовка, Ренет золотой курский, Антоновка және Мичуриндік сорттар, Заря Алатау, Румянка алма-атинская, Золотое превосходное (Голден Делишес). Алмұрт. Лесная красавица, Зеферена грегуар, Талгарская красавица, бұлар негізгілері, ал кеңінен сынау ретінде оңтүстік аймақтарға арналған басқа сорттар – Талдықорған облысы үшін — Лесная красавица, Бессемянка және Бере зимняя Мичурина. Алхоры. Оңтүстікке арналған сорттар, сонымен бірге Ренклод прозрачный, Ренклод Альтана, Венгерка ажанская, Марковтыні алхорысы және Тәтті қара алхоры. Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Владимирская, Остгейм Гриоты, Дрогана желтая, Талдықорған облысы үшін негізінен Любская, Шпанка, Владимирская, Растунья және Плодородная Мичурина Солтүстік шығыс және батыс аудандарда (Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Орал, Гурьев, Жезқазған және Маңғышлақ облыстары): Алма. Анисик омский, Уралец, Желтый налив, Таежное, Хорошавка, Фермская, Китайка анисовая, Ефремовское, Красноярский гибрид, Крупноплодная Китайка, Китайка золотая ранняя, Каргас. Батыс облыстарда — Анис, Грушовка московская, Мальт, Воровинка, Титовка, Яндыковское, Скрут, Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Астарханское белое, Пепин литовский, Украинка, Шафран-китайка. Жатаған түрде — орталық орыстық және мичуриндік барлық сорттар, сонымен бірге Апорт, Пеструшка, Ренет Бурхардта. Алмұрт. Лукашовтың сорттары және Уссурийск алмұртының іріктелген түрлері. Батыс облыстар үшін — Бессемянка, Бергамот волжский, Лимонка, Бере зимняя Мичурина сорттары жатады. Алхоры. Уссурийск және Канада алхорыларының іріктеліп алынған түрлері, алхоры-шие будандары, Скороспелка, Венгерская домашняя. Шие және қызыл шие. Далалық және құмдық шиелердің іріктеліп алынған түрлері, Воилочная вишня, жатаған түрлері — Краса Севера және Плодородная Мичурина. Батыс облыста да — Владимйрская, Растунья, Любская, Морель розовая, Краса Севера, Плодородная Мичурина. ЖЕМІС СОРТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Алма. Апорт (Апорт Александр және темно-красный Апорт)—Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7—8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300—400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500— 600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады. Бұл сорттың жемісі сентябрь айының жартысында піседі, январь-февраль айларына дейін еркін сақтауға болады. Мұндай сорттың жеміс ағаштарын желдің күйдіруінен қорғау керек болады. Бұл республикадағы жеміс ағаштарының ішіндегі ең бағалы сорттарының бірі. Ең жақсы тозаңданатын сорттар — Грушовка верненская, Зеленка, Ренет, Ландсбергский және Пеструшка. Анис. Негізінен Батыс Қазақстан және Гурьев облысында тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, ұзақ жасайды және мол өнім береді (орта есеппен әрбір ағаш 100— 120 килограмға дейін өнім береді). Бұл сорттың жемісі августа піседі, ноябрь айына дейін сақталады. Тозаңдатқыштары — Украинка, Мальт және Антоновка. Антоновка обыкновенная. Алманың байырғы сорттарының бірі. Республикамыздың батыс облыстарында жиі кездеседі. Бұл сорт қысқа, суыққа төзімді. 6—8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Мейлінше мол өнімді, әр ағаштан бір жарым-үш центнерге дейін өнім жинауға болады. Бұл сорттың жемісі сентябрьдің бас кезінде піседі, январь айына дейін сақталады. Жемісінің ірілігі орташа. Дәмі қышқыл-тәтті келеді, осыған сәйкес хош иісті болады. Солтүстік-шығыс облыстарда төсемелі түрде өсіріледі. Анис омский. Солүстіктен шыққан ерте пісетін сорт, егілгеннен соң 3—4 жылдан кейін өнім бере бастайды, қысқа мейлінше төзімді, әдетте жартылай сидам сүректі және түпті түрде өсіріледі. Жемісі. августа піседі, салмағы 30—40 грамға дейін жетеді. Дәмділік сапасы қанағаттанарлықтай. Белый налив. Жаздық сорт. Ағашы қысқа төзімді келеді, бірақ солтүстікте жатаған түрде ғана өсіріледі. Ағаш егілгеннен кейін 4—5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Жемісі июльде піседі. Сақтауға жарамсыз келеді, жаздық ерте пісетін сорт ретінде бағалы. Бернское розовое. Күздік сорт, қысқа төзімділігі ор 



Скачать