Экология — адамның тіршілік ортасы
Экология — адамның тіршілік ортасыЭкология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым. Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина. Қоршаған орта- адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі. Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері. Вернадский В.И. – XX ғасырдың 20- жылдарында биосфера туралы тамаша ілім қалыптастырған орыстың (совет) белгілі геологы. Биосфера- Жер қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап тұратын бөлігі. Геосфера- Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі. Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі. Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі. Постреквизиттері (оқытылатын біліміне қолданатын тізімі). Экология дүние таным әдістемелері, жертану және өлкетану, ботаника мен зоология, жалпы биология, қазіргі заманға жаратылыстану тұжырымдамаларымен пәнаралық байланыста. Экология табиғат туралы кешенді ұғымға жатады. Оқу құралында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың мәселелері, экологияға байланысты проблемалар, деректер, мәліметтер, ұсыныстар және ғылыми теориялық негізде қарастырылып, жинақталған. Оқулықтың әрбір бөлімінде, қайталауға арналған тапсырмалар, сұрақтар, рефераттар тақырыптары беріледі. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған. Скачать |