Эйнштейн Альберт
1879 - 1955
А.Эйнштейн 1879 ж. Ульмада туылған (қазiргi ФРГ). 14 жасында Швейцарияға көшiп№ 1900 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1902-1908 ж.ж. Бернде патент бюросында эксперт болоады, 1909-1913 ж.ж. Цюрих политехникумының профессоры, 1914-1933 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры және физика институтының директоры болады. Фашистер үкiметi құрылғаннан кейiн Германиядан кетуге мәжбүр болады.
1933 ж. АҚШ-қа көшедi, өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн Принстон институтының перспективтi зерттеуiнде қызмет етедi.
Эйнштейн кеңiстiк, уақыт және материя туралы түсiнiктi түбегейлi түрде өзгертiп салыстырмалылықтың арнайы және жалпы теориясын құрды. Өзiнiң теориясына 2 постулатты енгiздi: Галилейдiң салыстырмалы механикалық принципiнiң жалпыламасы болатын салыстырмалылықтың арнайы принципi және вакуумдегi жарық жылдамдығының тұрақтылық принципi.
Сол теориясының негiзiнде 1905 ж. масса мен энергияның байланыс заңын ашты.
Эйнштейн кванттық теорияны құруға да маңызды роль атқарды. Егер 1900 ж. Макс Планк материалды осциллятордың энергиясын ғана кванттаса, ал Эйнштейн 1905 ж. жарықтық сәуле шығаруды, жарық квантының немесе фотондардың ағыны деп қарастырып, кванттық, дискреттiк құрылымын зерттедi. Жарықтың кванттық теориясының негiзiнде фотоэффект құбылысын түсiндiрдi.