Шаянтәрізділер класы
Шаянтәрізділер класыШАЯНТӘРIЗДIЛЕР КЛАСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛIЛIГI Көбеюi: - Даражыныстылар, айқындалған жыныс диморфизм тән. Аналықтардың құрсағы бас кеудесiне қарағанда жалпақ, аталықтарының – жiңiшке. - Көктемде аналық уылдырығын шашып, құрсақ аяқтарына бекiтедi. - Дамуы тура (метаморфозсыз). - Онаяқты шаяндарға кәсiпшiлiк шаянтәрiздiлердi жатқызады: - Тағам ретiнде қолданатын түрлерi теңiз шаяны, асшаяны, омар. - Шаянтәрiздiлердiң ұсақ өкiлдерi суда зоопланктонды түзейдi. Дафния – тұщы су формасы (тармақталған мұртты шаян тәрiздiлер отряды) - Денесi қосжақтаулы бақалшақта орналасқан. - Бiр күрделi және бiр қарапайым көздерi және екi жұп мұртшалары бар. - Екiншi жұп мұртшалары екiге тармақталған қозғалу қызметiн атқарады. Қозғалысы дүмпу тәрiздi, сондықтан оларды “су бүргелерi” деп атайды. - Балық зауыттарында дафнийлердi құнды балықтарды қоректендiру үшiн өсiредi. - Циклоптар (ескекаяқты шаянтәрiздiлер отряды) бiрiншi жұп мұртшалары мен кеуде тарның аяқшалар көмегiмен қозғалады. Бiр қарапайым көзi болады. Таспа құрттардың аралық иелерi болып табылады. - Дафниялар, циклоптар, бүйiрмен жорғалаушылар – балықтар мен олардың шабақтарының қорегi. Есекқұрттар (теңаяқты шаянтәрiздiлер отряды) ылғалды топырақта мекендейдi. Жалпайған денесi болады. Кеуде мен құрсақ буындарында бiр жұп аяқтардан болады. Құрсақ аяқтарында тыныс алу мүшелерi бар. Саккулина – мұртаяқты шаян. Скачать |