Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Оқу бөлмелерінің ауасына қойылатын гигиеналық талаптар
Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Оқу бөлмелерінің ауасына қойылатын гигиеналық талаптарМақсаты: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктерін түсіндіріп, оқу бөлмелерінің ауасына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру. Сұрақтар: 1 Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. 2 Тыныс алудың реттелуі және жасқа байланысты ерекшеліктері. 3 Бөлме ауасының гигиеналық маңызы. Тыныс алу — тiршiлiктің сақталуы үшiн оттегiнiң үнемі денеге кiрiп, көмipқышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз ететін процесс. Бұл қызметтi кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы денедегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Тыныс алу жолдарына мұрын қуысы, көмей кеңірдек, бронхылар, өкпе жатады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Тыныс циклына жауапты жүйке топтарын тыныс алу орталығы деп атайды. Ол сопақша мида орналасқан және үнемі белсенді күйде болады. Бөлмедегі ауаның таза болуы, физико-химиялық құрамы денсаулыққа және жұмыскерлік қабілетке көп әсер етеді. Тыныс алу мүшелерiн жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелерi арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабiлетiн арттырады. Бақылау сұрақтары: 1 Тыныс алу мүшелерінің жасқа байланысты еркшеліктері. 2 Сыртқы тыныс алуды зертеу әдістері. 3 Тыныс алу бұлшық еті мен тыныс алу жолдары. 4 Өкпе вентиляциясы. 5 Газдардың қан бойымен тасымалдануы. Скачать |