ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕР
ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕРБауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады: Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылдады. Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады. РБК метил хлориді үшін 5 мг/м3, метилен хлориді үшін 50 мг/м3, төрт хлорлы көмірсутегі үшін 20 мг/м3, дихлорэтан үшін 10 мг/м3, тетрахлоэтан үшін 5 мг/м3, трихлоэтилен үшін 10 мг/м3 құрайды. Бензол резиналы, химиялық фармацевтикада, лакты бояу және өндірістің басқада салаларында қолданылады. Қазіргі кезде бензолдың жоғары улылығына байланысты оны ерігіш ретінде қолдану шектелген, РБК - 5 мг/м3 құрайды. Анилин — дәрілік заттармен анилинді бояғыш заттарды алу үшін қолданылатын зат. Анилинді бояғыш, фармацевтикалық өндірісте, смола өндірісінде, каучук вулканизациясын жеделдетуде қолданылады, РБК - 0,1 мг/м3 . Тринитротолуол (ТНТ) әртүрлі қосындыларда екіншілік жарылғыш зат ретінде қолданылады. РБК-1мг/м3. Стирол – синтетикалық каучукты дайындау өндірістерінде қолданылады. Полистирол өндірісінің бастапқы өнімі болып табылады. РБК- 5 мг/м3 Хлорланған нафталиндер – галовакс – смола, каучук, кабелді өндірістерді, электрлік өндірістерде қолданылады. Соңғы он жылдықта головаксты зияны аз заттармен қолдануға ауысқан. РБК-1 мг/м3. Қорғасын – ауыр металл, өндірісте кеңінен қолданылады. РБК-0,01 мг/м3. Сынапты органикалық қосындылар – этилмеркурхлорид (гранозан), ауыл шаруашылығында пестицид түрінде қолданылады. РБК – 0,005 мг/м3 құрайды. Фосфор — минералды құнартқыштарды алуда өндірісте кеңінен қолданылады, жұмыс орнында фосфор буы түрінде бөлінудің, фосфорлы көміртегінің, әртүрлі фосфор қосындыларының түзілулерінде қолданылады. РБК - 0,03 мг/м3 құрайды. Хлор және фосфорлы органикалық қосындылар пестицид түрінде қолданылады. Патогенез: Қанға ферменттердің түсуімен, рибосома диссоциациясы және белок синтезінің бұзылуымен мембраналардың өтімділігі бұзылады, ол бауыр клеткаларына химимялық заттардың әсерлерінен болады. синтездің күрт төмендеуі бауырда бос май қышқылдарының, трилицеридтер, құрылымды липидтер жиналып, гепатоцидтерде майлы инфильтрацияның дамуына әсер етеді. Токсикалық заттардың метаболизмінің әсерінен бос радикалдар түзіледі, ол мембрананың перекисті қышқылдануына және белсенді ферменттердің босауына, белоктардың денатурациясына, клеткалардың өліміне әкеледі. Гепатоциттердің құрлымы мен қызметтеріндегі өзгерістер билирубиннің глюкуролизациясын және олардың ұстап қалу қызметін бұзады. Улардың клетка мембраналарымен әсер ету нәтижесінде лизолицетин түзіледі, ол клеткалардың зақымдануларының екінші этабын тудырады және оның дегенерациясы пайда болады. дегенерация процесі регенрация процесімен қатар жүреді. Дегенерация процесінің күшеюі бауыр клеткаларындағы некроз жәнее бауырда цирроздың дамуымен қатар жүреді. Химиялық заттардың бауырға әсер ету механизмдері бойынша гепатотоксикалық, токсикалық аллергиялық және зат алмасу процесіне әсер етулеріне байланысты бөлуге болады. Ал бауырда пайда болған өзгерістерге бйланысты цитотоксикалық, холестатикалық және аралас болып бөлінеді. Бауырдың заымдануларыныңы сипаттары бойынша цитолиз, холестаз, экскреторлық билиарлы синдром басым болады. «Классикалық» гепатотропты улармен жедел уланулар кезінде бауыр ферменттерінің жоғарлауымен гиперферментемия жүреді. Сілтілі фосфатазаның белсенділігі жоғарлаған кезде холестаз дамиды, ал кейіннен қан сары суындағы билирубинглюкоронид фракциясының жоғарлауымен гипербилирубинемия дамиды. Көптеген жағдайларда бауырда қабынбалы өзгерістер пайда болады, өте сирек – гепатоцеллюлярлы жетіспеушілік дамиды. Бауырдың токсикалық экзогенді зақымданулары кезінде шынайы қабынудың нақты морфологиялық симптомдары болмайды немесе аздаған айқындылықта болады. Клиникасы: кәсіптік аурулар ағымы бойынша жедел және сүлелі болуы мүмкін. Жедел уланулар кезінде бауырдың ауыр зақымданулары токсикалық заттардың химиялық қасиеттеріне байланысты емес, ол әсер ету концентрациясымен анықталынады. Химиялық заттардың гепатотоксикалық әсерлері улануларға дейінгі бауырдың қызмет ету жағдайларына байлансты. Бұрындары вирусты гепатитпен ауырған және ішімдікті көп қолданған адамдарда гепатропты улармен жедел уланулар ауыр түрде өтеді. Салыстырмалы түрдегі жоғары концентрациялы улардың әсерлерінен бауырдағы жедел уланулар бірнеше күннің ішінде дамиды және ол бауырдың көлемінің жоғарлауымен, пальпация кезндегі ауырсынулар, өршімелі сарғаюлармен қатар жүреді. Уланулардың ауырлығына байланысты олардың айқындылық деңгейлері әртүрлі болады. қан сары суындағы клетка ішілік ферменттердің жоғарлауы тән: аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминостранфераза(АСТ),фруктозомонофосфатальдолазаалар (Ф-1-ФА), лактатдегидрогеназа (ЛДГ). Сонымен қатар жедел токсикалық гепатитке билирубинглюкуронид фракциясының басымдылығымен гипербилирубин-емия, уробилинурия және зәрде өт пигменттерінің пайда болулары тән. Ауыр жағдайларда гипоальбуминемиямен гипопротеинемия, қандағы фосфолипид және бета липопротеид мөлшерінің төмендеулері тән болады. Жедел уланулар кезіндегі бауыр жетіспеушіліктеріне микрогемат-уриядан массивті қан кетулерге дейінгі геморрагиялық синдромдардың дамулары тән. Осы кезде қанның ұю және ұюға қарсы жүйелерінде өзгерістер анықталынады: фибринолитикалық белсенділіктің жоғарлауына байланысты гипокоагуляция және гепарин құрамының жоғарлауы байқалынады. Аз концентрациялы токсикалық заттармен жұмыс істеген кездері бауырдағы зақымданулар гепатобилиарлы синдром және функционалды жетіспеушілік түрлерінде көрінеді. Бауырдың зақымдану белгілері бұрыннан бері жұмыс істеген адамдарда және ауырсыну, диспепсиялық синдромдармен қатар жүреді. Науқастар ауыздарындағы ашты дәмге, тәбеттерінің төмендеулеріне, тұрақсыз нәжіс, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, әсіресе ашты және майлы тамақтан кейін күшейе түсетін. Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар ұстама тәрізді болуы мүмкін, ол оң жақ қолға және оң жақ қабырға астына таралуы мүмкін. Қарап тексерген кезде склераның әлсіз иктериялығы, сирек тері жабындыларының сарғаюлары байқалынады. Бауырдың көлемдерінің ұлғаюы, пальпация кездерінде жиектерінің ауырсынулары, өт қабының тітіркену симптомы оң болады(Ортнер, Мерфи, френикус симптомы). «Тамырлар жұлдызшалары» және «алақандағы эритема» көкбауырдың ұлғаюларындай сирек анықталынады. Ауырсыну синдромы өт қабының және өт жолдарының дискинезиясымен байланысты, ол дуоденалды зондтау кезінде анықталынатын өт қабының жиырылу қызметтерінің бұзылуларымен байланысты, яғни рефлекс болмайды (В порциясы алынбайды) немесе баяулайды (В порциясы спазмолитиктерді қайта енгізгеннен кейін кешігіп шығады). Ұлтабарда қабыну элементтері анықталмайды. Бұндай жағдайлардағы рефлюкстің болмауын өт қабының органикалық зақымдануларына жатқызуға болмайды, холецистография кезінде өт қабының көлеңкесі рентгенограммада айқын көрінеді. Өт қабының жиырылу қызметі қалыпты жағдайдағы зақымдануларға қарағанда салыстырмалы түрде өте баяу дамиды. Клиникалық және рентгенологиялық мәліметтерді бір бірімен сәйкестірген кезде клиникалық дискинезия рентгенологияда айқын тұрақтылықты бермейді. Улы заттардың токсикалық әсерлерінің бастапқы кезеңдерінде өт шығару жолдарының дискинезиясы бақыланады. Жедел кәсіптік гепатиттер. Жедел кәсіптік гепатиттер токсикалық заттарды сақтау ережелері бұзылған кезде, авариялық жағдайларда пайда болады. Хлорлы көмірсутектері, галовакс, ароматты көмірсутектер жиі бауырдың жедел зақымдануларына әкеледі. Жедел гепатиттерге сирек байқалынатын спленомегалия және лейкопения, міндетті түрдегі өндірістегі улы заттардың жоғары концентрациясы, продромалды өзгерістер кезеңінсіз бауырда жедел процестердің дамуы тән. Жедел уланулар кезіндегі бауырдың зқақымданулары удың әсеріне тән айқын немесе шамалы айқындықтағы симптомокомплекстермен жүреді. Тринитротолуолмен уланулар кезінде қанда метгемоглобинемия және Геинц денешіктері, ал хлорлы көмірсутектерімен уланулар кезінде улардың наркотикалық белгілерінің әсерлері және әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы реналды синдром дамиды. Бауырдың жедел токсикалық уланулары кезінде морфологияда гепатоциттердің орталық некроздары дамиды. Өлімге әкелетін ауыр түрлерінде 2-4 күні жайылмалы некроз және қан құюлулар анықталынады. орталық некрозбен қатра гепатоциттердің майлы инфильтрациясы, ядролардың ұлғаюларымен және клетькалардың шетіндегі дәнді протоплазмамен ұлғаюлары анықталынады. Сүлелі токсикалық гепатит. Гепатотропты заттардың субтоксикалық дозаларының ұзақ уақыт әсері кезінде сүлелі токсикалық гепатит дамиды. Сүлелі гепатиттің жеңіл түрлерін анықтау біршама қиындықтарды туғызады. Гигиеналық нормаларды сақтамай токсикалық заттардың концентрациясын жоғарлатумен жұмы Скачать |