Теңіз гидроидты полиптер отряды
Теңіз гидроидты полиптер отрядыТеңіз гидроидты полиптердің басым көпшілігі күрделі колониальды формалар, тек үрпақ алмасуы — метагенез жолымен дамиды. Даму барысында гидроидты полип және гидроидты медуза қалыптасып, олар үнемі бір-біріне алмасып тұрады. Гидроидты полип бұтақ тәрізді колония құрайды, себебі жыныссыз көбею нәтижесінде пайда болған бүршіктер аналық денеден бөлінбей-ақ өз кезегінде жаңа бүршіктерді бере бастайды. Колониядағы әрбір бүршікті — гидрант деп атайды. Гидранттың құрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған, ауыз тесігінің аймағында көптеген қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене бойынша созылып ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы себептен, егер бір гидрант қорегін ұстап қорытса, қорытылған ас бүкіл колонияға нәр береді. Колонияның эктодермальды жабынды эпителий клеткалары ерекше — тека деп аталатын органикалық жұка қабықты бөліп, колонияның сыртқы жабындысына айналады да, оның тұрактылығын қамтамасыз етеді. Теканың дамуына орай гидроидты полиптер отряды екі отряд тармағына бөлінеді. Егер тека колонияны тек гидрант құрылатын жерге дейін жауып тұрса — онда ол текасы жоқ гидранттар (Athecata) отряд тармағының белгісі, ал тека бүкіл колонияны және гидранттарды жауып тұрса — текасы бар гидранттар (Тһесарһога) отряд тармағының белгісі. Гидрант төңірегін қоршап, жауып тұратын теканы гидротека дейді. Теңіз гидроидты полиптердің көбеюі. Медузаның кұрылысы. Теңіз гидроидты полиптер алғашқыда тек жыныссыз жолмен көбейеді. Соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей гидранттар қалыптасады. Сонымен қатар белгілі бір кезеңде колонияда бүршіктену аркылы ерекше (гидранттарға ұксас емес) өскіншелер пайда болады да, олар созылып түрі өзгерген полип — бластостильге айналады. Оның төңірегін қоршап тұрған теканы — гонотека деп, ал осындай құрылымды особьты гонангий деп атайды. Скачать |