ТЕРБЕЛІС АУРУЫ


ТЕРБЕЛІС АУРУЫ

 

Тербеліс ауруы – клиникалық симптомдарының полиморфтылығымен және ағымының ерекшеліктерімен ажыратылатын, кәсіптік аурулар. Негізгі этиологиялық факторлары өндірістік вибрация. Тербеліс ауруы көбінесе машинаны құрайтын жұмысшыларда, металлургиялық, құрылысты, авиа- және кеме құрылыстарндағы, тасты өндіретін құрылыстарда, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда, көлік және ауыл шаруашылығының басқада салаларында қызмет ететін жұмысшыларда кездеседі.

Соққылы немесе айналмалы әсерлі қол механизімінің аспаптарымен жұмыс істейтін жұмысшылар вибрацияның әсеріне ұшырауы мүмкін. Оларға металды кесетіндер, қалыпшылар, бұрғышылар, тас кесушілер, ұштағыштар, слесарлар жатады.

Қатынастың түріне байланысты вибрацияның жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады. Жергілікті түрінде вибрация қолдар арқылы беріледі. Вибрацияның бұндай түрі айналмалы немесе соққылы механизмді аспаптармен жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.

Жалпы вибрация отырған немесе тұрған  бет арқылы беріледі(орындық, пол, өңделінетін заттар, помост және т.б). өндірістік жағдайларда жалпы және жергілікті вибрация орын алады.

Этиологиясы мен патогенезі: негізгі этиологиялық факторларға өндірістік вибрация және қосымша кәсіптік зиянды заттар жатады: шу, суық өту, иық бұлшық еттерінің, иық белдеулерінің   кернеулігі, дененің мәжбүрлі қалпы және т.б. Ауру  тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің және жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуымен көрінеді. Жергілікті және жалпы вибрация нервті-рефлекторлы және нейрогуморалды жүйелердің механизмін бұзады. Вибрация күшті тітіркендіргіштердің әсерінен терідегі, нервтегі және нерв бағанындағы рецепторларға әсер етіп, симпатикалық нерв ұштарындағы норадреналин секрециясын күшейтеді. Норадреналиннің бір бөлігі  қанға түсіп тамырлардың тонусын жоғарлатады, ол өз кезегінде қан қысымды жоғарлатады және ангиоспазмды тудырады. Вибрацияның әсерінен адамдарда Фатер-Пачини  денешіктерінде, жүйке талшықтарында, жұлын нейрондарында, ретикулярлы формация бағанында, омыртқа аралық ганглиларда және симпатикалық шекаралық бағаналарда өзгерістер болады.

Қарап тексерген жағдайларда, әсіресе вибрацияға сезімталафферентті иннервацияның төмендеуі байқалады, кейіннен түсу симптомдары және ауырсыну синдромдары пайда болады. Вегетативті аппаратта патологиялық өзгерістердің дамуына байланысты, тері, бұлшық ет, сүйек жүйелерінде дистрофиялық өзгерістер болады. Әсіресе, иық белдеуінің ірі буындарының рецепторлары зақымданып,  ауырсынуларымен жүреді. Аурудың    патогенезінде вибрациялық тітіркендіпгіштердің симпатоадренал жүйесіне әсерінің маңызы зор. Асқазан ішек жолдарының реттелуіне вегетативті бұзылыстар әсер етеді, ол асқазан ішек жолдарының дискинизиясына , кейіннен ауыр патологияға әкеледі.

Вибрацияның организмге жалпы әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі (Милков Л.Е., Рыжкова М.Н., Суворов Г.А және тағы басқалары., 1982).

Бастапқы көріністері (І деңгей).

  1. Ангиодистониялық синдром (церебралды немесе шеткі);
  2. Вегетациялық-вестибулярлы синдром;
  3. Аяқтың полиневропатиясының сенсорлы синдромы (вегетативті-сенсорлы).

Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).

-                      Церебралды перифериялық ангио-дистониялық синдром;

-                      Сенсорлы полиневропатия синдромы қосымша:

А. Полирадикулярлы бұзылыстармен;

Б. Екіншілік бел-сегізкөз түбірлік синдромымен;

В. ЖЖ қызметінің бұзылыстарымен.

Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).

  1. Сенсорлы моторлы полиневропатия синдромы.
  2. Шеткілік полиневропатиямендисциркуляторлы энцефалопатия синдромы.

Вибрацияның жергілікті әсеріне байланысты тербеліс ауруының  жіктелуі:

Бастапқы көріністер – 1 деңгей

  1. Саусақтардың ангиоспазмымен, қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
  2. Сенсорлы синдром (қолдың вегетативті сенсорлы полиневропатиясы);

Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).

  1. Саусақтардың жиі ангиоспазмдарымен қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
  2. Қолдың полиневропатиясының вегетативті-сенсорлы синдромы:
  3. саусақтардың жиі ангиоспазмымен;
  4. саусақ ұштарындағы тұрақты вегетативті-трофикалық бұзылыстар;
  5. қолдың тірек қимыл аппаратының дистрофиялық бұзылыстарымен периартроз, артроздар;
  6. мойын иық плексопатиясы;
  7. церебралды ангиодистониялық синдром.

Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).

  1. Қолдың полиневропатиясының сенсорлы-моторлы синдромы
  2. Энцефалополиневропатия синдромы
  3. Генерализденген акроангиоспазммен полиневропатия синдромы

Тербеліс ауруының клиникасы: Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі). Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.

Вибротығыздықтағы бетонмен жұмыс істейтін адамдарда, вибрацияның жергілікті және жалпы әсерлерінен пайда болған, вибрациялық ауру дамиды. Ангиополиневропатия синдромының  осы түрі невростения синдромының дамуымен қатар жүріп, гиперстениялық түрін құрайды, ал астения тежелу процестерінің күрт әдсіреуімен жүреді. Шағымдарының ішінде, басының ауырсынуы, бас айналу, сезімталдықтың жоғарлауы, тітіркендіргіштік, аяқтарының сыздап ауырсынуы, жансыздануы, парестезиялары басым болады. Соңғы кезеңдерінде басының аурулары тұрақты және вегетативті криздер(өзін нашар сезіну, тахикардия, ауаның жетіспеушілігі, қоқыныш, терморегуляцияның бұзылыстары) қосылады. Неврологиялық симптомдарға есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы жатады. Сирек табан саусақтарының бозаруымен, диффузды тер бөлінулер байқалады. Аяқтарда ангиополиневропатиялық симптомдар басымырақ анықталынады: вибрациялық сезімталдықтың бұзылыстары, парестезиялар және т.б. анықталынады. сіңір рефлекстерінің басында кідіруі, соңынан тежелуі дамиды, трофикалық бұзылыстар (табан саусақтарындағы терінің жұқаруы, бұлшық еттердің гипотрофиясы), қан өысымының шамалы жоғарлауы, оның ассиметриясы, ЭКГ өзгерістер болады. ЭЭГ эпилептиформды белсенділік ошақтары анықталынады.айқындылық деңгейлеріне байланысты, кезеңдерге бөледі, ол еңбек ету қабілетінің сараптамасында маңызды.

Жалпы вибрацияның әсерлерінен пайда болған вибрациялық ауру – вестибулопатия (жүйелі емес бастың айналуы) мен  бас ауруларымен көрінеді. Естудің және көрудің өзгерістері, бағаналық және жұлындық симптомдар, асқазан-ішек дискинезиясы, іштегі ауырсынулар, арқада көбінесе, бел-сегізкөз аймақтарындағы түбірлік ауырсынулар байқалынады.

Диагностикасы және салыстырмалы диагнозы. Диагнозды қояр алдында ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс орнының санитарлық гигиеналық жағдайына  көңіл аударады. Науқасты қазіргі кездегі клиникалық-фармакологиялық әдістермен тексеру керек. Комплексті тексерулердің ерекшеліктері аурудың бастапқы ерте клиникалық көріністерін анықтауда және ағзаның қызметінің мүмкіндіктерін анықтауда маңызды. Қараған кезде қолдың, аяқтың тері жабындыларының түсіне көңіл аударады, терінің температурасын өлшейді; әсресе сезімталдықты тексеруге аса көңіл аударады (вибрациялық, ауырсыну). Сонымен қатар, сүйек-буын, бұлшық ет және жүрек тамыр жүйесіде тексеріледі. Суық сынамаларын, капилляроскопияны, термометрияны, электроэнцефалографияны, электротопометрияны, поликардиографияны  қолданады, жүрек тамыр жүйесін тексереді.

Вибрациялық ауруды басқа себептен пайда болған аурулардан ажырату керек (Рейно ауруы, сирингомиелия, вегетативті полиневрит, миозит және т.б).

Тербеліс ауруының емі. Себебі мен патогенезіндегі факторларды ескере отырып, емді ерте бастау керек. өзін өзі күту, көп физикалық күш түсірмеу, ағзаға вибрацияның әсерін уақытша немесе тұрақты шектеу этиологиялық принциптерді құрайды. Патогенездік ем комплексті болу керек, онда дәрілік және физио емді қолдану керек. Дәрілік заттардың ішінде ганглиблокаторлы заттарды аз мөлшердегі холинолитиктермен және тамырды кеңейтетін препараттармен бірге қолданған нәтижелі. 3-4 күндік үзіліспен, 2-3 курстық емм 



Скачать