Табиғи орта және адамзат аурулары
Табиғи орта және адамзат ауруларыҚазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады. Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады. Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты. Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар: -қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру; -табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану; -мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру; -қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту; -жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу; -Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту; -биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану; -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту; -табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау; -антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру; -өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану; -экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту; Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу; -өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту; -халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады. Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға: -экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау; -елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету; -өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу; -су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту; -тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау; -экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру; -қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі. Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет: - қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау; - жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту; - төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу; -шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу; -қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу; -табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу; -табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге асырылады. Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады: -өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету; -карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру; -ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау; -генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары: -қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру; -қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру; -табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін “ластаушы төлейді” қағидатын іске асыру; -келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру; -қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру; -экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу; -қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу; -табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу; -халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану жолымен пайдаланылатын болады. Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс: -орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу; -қоршаған Скачать |