Табиғи жүйелер
Табиғи жүйелер«Табиғи жүйелердiң» құрылуы өзiнiң дамуында бiрнеше кезеңнен өттi. XVIII ғасыр – тiрi организмдердi классификациялаудың аса жетiлген әдiстерiн iздеу. Бiрақ, сол дәуiрдiң ғылым деңгейi мен систематиканың критерийлерiнiң жеткiлiксiздiгi, әсiресе салыстырмалы-морфологиялық критерий бұл жүйелерге «жасандылықтан» асуға мүмкiндiк бермедi. Француз ботанигi М. Адамсон табиғи жүйенi құру ұмтылысында тек бiр ғана қандайда болсын белгiнi емес, олардың жиынтығын организмдердi классификациялауда пайдалануды көздедi. Жан Батист Ламарктың ботаникалық еңбектерi систематика принциптерiне түпкiлiктi реформа жасауға үлкен қадам болды. Ол өзiнiң «Францияның флорасы» (1778) еңбегiнде К. Линней, Б. Жюссье және тағы басқалардың өсiмдiк әлемiнiң жүйелерiн сынай қарастырып, дихотомды принциптерiне негiзделген анықтауыш кестелердi ұсынды. Ол өсiмдiктер дүниесiн 6 класқа және 94 туысқа бөлiп табиғи жүйеге жақындады (Өсiмдiктер класы 1786). Ламарктың негiзгi еңбегi оның эволюциялық позицияларын сипаттайтын барлық формаларды қарапайымнан күрделiге дейiн орналастыру болды. Ол Өсiмдiктер дүниесiнiң негiзiне саңырауқұлақтарды, балдырларды, мүктердi, ал оның шыңына – көпжапырақты гүлдi өсiмдiктердi орналастырды. Сол себептен, Ламарк эволюциялық мағынада өсiмдiктердiң түрлi топтарының арасындағы байланыстарына мағына берiп, өзiнiң бастапқы түрлерiнен әлдеқайда алға басты. XIX ғасырдың екiншi жартысы систематиканың қарқынды дамуымен ерекшелендi. Бұл кезеңнiң басты ерекшелiгi, филогенетикалық әдiс және табиғи жүйенi органикалық дүниенiң шежiре ағашы түрiнде құрастырудың мүмкiншiлiгiнде болды. Организмдер байланысын тарамдалған схемалар көмегiмен сипаттау әдiстерi ертеректе-ақ қолданған едi, мысалы ең қарапайым түрде болса да П.С.Паллас, Ж.Б.Ламарк, Э.И.Эйхвальд, Ч.Дарвин систематиканың дамуына үлкен үлес қосты, ол жануарлардың туыстығын анықтау үшiн салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық көрсеткiштер мәнiн және параллелизм ұғымын енгiздi. Э.Геккель үштiк параллелизм әдiсiне сүйене отырып табиғи сұрыптауды шежiре ағашы түрiнде құрастырудың мүмкiншiлiгiн ұсынды. Ол бiрiншi болып органикалық дүниенiң «жинақталған филогенетикалық ағашын» жасады. Филогенетикалық зерттеудiн мақсатын Э.Геккель, формалар арасындағы туыстық байланыстарды бақылауда және органикалық шежiре ағашын жасауда көрдi. Сол себептен ол эволюцияның жалпы бейнесiн жаңадан жасауға тырысты. Бiр түрге жататын формалардың туыстығын Э. Геккель «құрылысы жағынан» емес, ортақ ата-тектен шығуы жағынан қарастырған. Ол органикалық дүниенi үш дүниеге бөлдi – протисттер, жануарлар және өсiмдiктер. Жануарларды классификациялауда Э. Геккель 7 типке бөлiп шығарды (қазiргi уақытта зоологтар жануарлардың 23 және одан да көп типтерiн қарастырады). XIX ғасырдың аяғында филогенетикалық бағыттың прогресiне байланысты жануарлар систематикасында, генетикалық белгiлерде немесе топтардың шығу тегiне және олардың туыстығында негiзделген жануарлардың табиғи классификациясын құруға алғы шарт жасалды. Жануарларды классификациялаудың негiзiне көптеген белгiлер қойылды: ауыздың түзiлуi, ұрық жапырақшаларының түзiлуi, дененiң екiншi қуысының қалыптасуы, дененiң негiзгi осi мен гаструла осiнiң қатынасы, организмнiң симметриялығы. XX ғасыр ең iрi таксондар деңгейiнде (мегасистематика) және дүниелердi классификациялау негiзiнде тiрi организмдердiң табиғи жүйелерiн құрастыру мен систематиканың гүлдену уақыты болып табылады. Бұл кезеңде түрлi биологиялық ғылымдардың жетiстiктерi түрлi таксондар деңгейiнде систематиканы жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн көптеген белгiлердi есептеуге негiз болады. ЖАСАНДЫ ЖҮЙЕЛЕР XV ғасырдың аяғы мен XVI ғ. басында Ботаника көне дүние мен ортағасырлардан қалған өте шектелген мағлұматтарға ғана ие болды. Ботаникалық мағлұматтардың негiзгi көзi болып Теофраст, Плиний, Диоскорида, Ұлы Альберт еңбектерi саналды. Шөп туралы кiтаптарында аздаған, негiзiнен пайдалы өсiмдiктер туралы сипаттар мен жазбалар болды. Флораны зерттеп, өсiмдiктер жамылғысын талқылап, оның құрамын суреттеп, өсiмдiктердiң негiзгi формаларын бөлiп, оларды жүйелеп және нақты белгiлерi арқылы классификациялау қажет болды. XVI ғасырдың герман флористi И. Блок өсiмдiктердiң 567 түрiн сипаттап, жақын өсiмдiктердi топтарға бiрiктiрдi, қазiр олар – ерiнгүлдiлер, күрделiгүлдiлер, крестгүлдiлер, лалагүлдiлер және т.б. туыстар сияқты атымен белгiлi. Ол өсiмдiктердi жалпы ұқсастығына қарай топтастырды. Бұл алға деген қадам болды, себебi ертеректе өсiмдiктердi, ешқандай ұстанымсыз сипаттаған. Оның замандасы Л. Фукс өсiмдiктердi салыстыру үшiн кейбiр морфологиялық терминдердi кiргiзуге тырысты. Өзiнiң жазбаларында ол назарын өсiмдiктер тек сыртқы пiшiнiмен көлемiне ғана аударған. Жиi бiр атаумен әр түрлерге жататын өсiмдiктер топтастырылған едi. Осыған байланысты «жасанды жүйелер» ұғымы тiрi организмдердi бiр, екi, үш белгiлер арқылы классификациялаудың қарапайым әдiстерiмен байланысты. Мысалы, нидерланд ботанигi К. Клюзиус өсiмдiктер классификациясын ұсынды, оның iшiнде мынадай топтарды қарастырды: 1. ағаштар, бұталар, жартылай бұталар; 2. баданалы өсiмдiктер; 3. хош иiстi өсiмдiктер; 4. иiссiз өсiмдiктер; 5. улы өсiмдiктер ; 6. қырықжапырақтар, астық тұқымдастар, шатыршагүлдiлер және т.б. Жасанды жүйенiң басқа мысалын XVI ғасырда итальян ғалымы Андреа Чезальтино ұсынды. Ол классификацияның негiзiне дәндердiң, жемiстердiң және олардың қабықтарының құрылымын алды. Ол бiрқатар белгiлер бойынша араларында айқын айырмашылықтары бар қос жарнақты және дара жарнақты өсiмдiктердi де араластырған. К. Линней де өсiмдiктердi бiргейлiк белгiлер (гүл аналығы мен аталығы) негiзiнде классификациялаған. «Өсiмдiктер түрлерi» (1761) шығармасында 1260 туыс пен 7540 түр сипатталған, соның iшiнде әр түрлерi жеке ерекшеленген. Скачать |