Тікентерілілердің шығутегі
Тікентерілілердің шығутегіТiкентерiлiлер жер бетiнде 520 млн. жыл бұрын пайда болған. Бұл жануарлар қалдықтарын кембрий дәуiрiнiң ертедегi қазбаларынан тапқан. Тiкентерiлiлердiң әктi қаңқаға ие болуы, олардың қазба күйiнде жақсы сақталуына себеп болды, сол себептi олардың тарихы басқа омыртқасыздарға қарағанда жақсы белгiлi, соған қоса тәкентерiлiлер қаңқасының ерекшелiктерi жануардың барлық құрылысын сараптауға мүмкiндiк бередi. Көне тiкентерiлiлердiң палеозой дәуiрiндегi саны мен формасының түрлiлiгi орасан зор болған. Олар, екi жақты симметриялы, негiзiнен қаптәрiздi, шартәрiздi, сауыт тәрiздi тақташамен қапталған, денесi бар, жабысқан жануарлар. Жануарлардың көбiсi жабысымды тiкентерiлiлер пельматозоа тип тармағына, оның бес класына: гетеростелдерге (Hetero stelea), цистидтерге, немесе цистоидтерге (Cystidea), бластоидтерге (Blastadea), эдриоастероидтарға (Edrioastenoidea) және теңiз лалагүлiне (Cninadea) жатады. Ал еркiн жүзушi тiкентерiлiлер тип тармағы – Eleuterozoa-ға тек бiр кiшкене қазбалы Ophiocistia тек 5 туыс және 10 — нан да аз түрдi қамтитын класс палеозоймен шектелген, ал бұл тип тармақтың қалған класстары әлi күнге дейiн гүлденуде. Ophiocistia класының өкiлдерi, шығыныққы сәулелерден айрылған және түгелден тақташамен қапталған дисктәрiздi немесе шар тәрiздi денеге ие. Аузы, субстратқа қараған жақтың ортасында орналасқан, және қатты, қозғалмалы жақпен қамтамассыз етiлген. Бұл жануарлар орта силурда пайда болып, орта девонда жойылған. Тiкетерiлiлердiң ата – тегiне жақын тұрған, ең көне және тұрпайы формалар, гетеростелдар класына жатқан. Олар қаптәрiздi қысылған, радиальды симмтериясы жоқ, денеге және оларды төменгi хордалы жануарлармен ланцатникке қандауыршаға ұқсататын қасиеттерге ие болды. Тiкентерiлiлер типiне тән белгiлер, 500-400 млн. жыл бұрын теңiздерде тiршiлiк еткен, цистидтерде жақсы дамиды. Субстратқа бекiнiп тiршiлiк етуiне байланысты оларда, радиальдi симметрия дамып, қалыптасады. Цистидтер әртүрлi фарлалы болып, силур дәуiрiнде гүлденiп, девон дәуiрiнда жойылған. Бластоидтер мен теңiз лалагүлдерi солардан шығуы әбден мүмкiн. Бластоидтер өте ерекше форма болып, ұрпақ қалдырмай, перм дәуiрiнде өлiп бiткен. Керiсiнше, теңiз лалагүл класының кейбiр өкiлдерi қазiргi күнге дейiн жеткен. Қазбалы теңiз лалагүлдерi, сулурда, девонда және төменгi қарбонда көрсетiлген, Фишердiң айтуынша, 5 отрядқа кiретiн 5 шың түрiмен, палеозойдың аяғында түгелдей жойылған. Олардың тек кейбiр өкiлдерi мезозой дәуiрiне өтiп, бiрте-бiрте жойылған. Бiрақ, мезозойдың басында, шамамен 190 млн. жыл бұрын, өкiлдерi бiздiң күнге жетiп қана қоймай, үлкен гүлденуге жеткен, теңiз лалагүлдерiнiң жаңа тобы артикулята отряды (Articulata) пайда болды. Ерте кембрийден карбонға дейiн белгiлi эдриоастероидтар да ерте цистидтерден шығуы мүкiн, себебi, олардың құрылымы деңгейiмен, қарапайым өкiлдерi цистидтерге жақын болды. Бiрақ, оларда теңiз жұлдыздарымен жақындататын көптеген белгiлерi болды, сол себептен оларды жиi отырыңқы теңiз жұлдыздары деп атайды. Осылайша, тiкентерiлiлер көне класының пельматозоа тип тармағының эволюциясы палеозой дәуiрiнде түгелдей өтiп бiтедi, ал бiздiң заманымызға теңiз лалагүл класының тек бiр отряды жеткен. Скачать |