Су қорының түсінігі, су заңдарының мақсаттары,міндеттері және принциптері


Су қорының түсінігі, су заңдарының мақсаттары,міндеттері және принциптері

 

Сулар дегеніміз – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері – су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.

Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:

1)  су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2)  су қатынастарын реттеу;

3) тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;

4)  су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;

5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды  және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады.

Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Су объектілеріне мемлекеттік меншік құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінің күші болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негізделеді:

1) Халықтың өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;

2)  Халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;

3)  Халықтың суға әділ және теңдей қол жеткізу;

4) Су алуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;

5) Су объектілерін оларды қорғаумен қоса кешенді пайдалану;

6) Арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұлтарпастығы;

9) Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудің жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;

11) Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде транс-шекаралық суларды пайдалану;

 


Скачать