Пироплазмидоз диагностикасы


Пироплазмидоз диагностикасы

 

Сабақтың мақсаты.  Қан жағындысының фиксациясы мен дайындау технологиясын, олардың Романовский-Гимза әдісімен бояуын, боялған жағындыларды микроскоптың иммерсионды жүйесі арқылы зерттеу техникасын меңгеру. Пироплазмидтардың түрлерін олардың эритроциттардағы морфологиялық ерекшеліктерінің негізінде айыра білу.

Сабақты өткізу орны. Паразитология кафедрасының зертханасы.

Құрал-жабдықтар. Пироплазма мен бабезиялары бар боялған жағындылар; қисық қайшылар, шприцтер, майсыздандырылған заттар, шлифтелінген жабын шынылары, пипеткалар, кюветтер, Петри табақшасы, микроскоптар;

реактивтер: дистильденген су, сода, спирт, Романовский бояуы, кедр майы.

Әдістемелік нұсқаулар. Оқытушы студенттерге сәтті және сәтсіз жағындыларды көрсете отыра, қан жағындыларының және лимфожіпшелерден құралған пунктатты дайындау техникасын қысқаша түсіндіреді.

Теориялық бөлім. Ірі қара мал бабезиозы, пироплазмоздарға сипаттама бер.

Тапсырмалар.

Тапсырма 1. Боялған қан жағындысын дайындау.

Тапсырма 2. Жағындыны микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы зерттеу.

Бақылау сұрақтары.

  1. «Пироплазмидоз» термині нені білдіреді?
  2. Қандай жаста жануарлар пироплазмидозбен қатты ауырады?
  3. Пироплазмидоздарға қандай патологоанотомиялық өзгерулер тән?
  4. пироплазмидоздардың диагностикасы үшін қандай қан жағындысын дайындау керек?
 


Скачать