Оқушылардың денсаулығы басты назарда


Оқушылардың денсаулығы басты назарда

 

Кіріспе Оқушылардың денсаулығы басты назарда Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек. Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат алғылары келеді. Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б. Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық орталығы ұсынған «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар негізінде іске асырылуда. Көптеген СӨС қалыптастыру бағдарламарымен жұмыс істеп, өз іс-тәжірибеме сүйеніп 5-8-сыныпқа арналған бағдарлама дайындадым. Онда оқушылар тақырыпты толық меңгеруі үшін тақырыптар бөлімге бөлінген. Бағдарламада, блок-схемалар, сабақ конспектілері берілген. Күнделікті сабақ беруде модульдік технологияны пайдаланамын.

Жеке бас гигиенасының тәрбімі мен дағдысы Осы педагогикалық техниканы пайдалану барысында оқыту, білім беру тәсілдерін әбден жетілдіріліп, сабақтақырыбын шығармашылық деңгейге көтеріп, сабактың әр түрін қолданамын: пресс-конференция, ойын, дифференциалды сабақ. «Ашық есік» күндерін ұйымдастырып, диспут өткіземін, оқушылар СӨС тақырыбына арналған қалалық, облыстық конкурстарға арнап шығармалар жазады. Өткен оқу жылында валеология оқу бөлмесіне паспорт арналып, түрлі әдістемелік қосымша құралдармен жабдықталды. Оқушылардың жан-жақты білім, дағды алуына арналған карточкалар, схемалар, видеоматериалдар, кітапшалар жинакталды, дайындалды. Модульдік жүйемен білім беру оқушылардың білімді терең игеруіне мүмкіндік береді. Тәжірибемде практикалық жұмысты да іске асырамын: • Оқушылардың мінез-құлқын, үлгерімін, денсаулығын бақылап, жеке паспортын толтыру; • Денсаулығы нашар оқушылардың дене шынықтыру сабағына қатысуын бақылап, анализ жүргізу; • Көрме, конкурс, конференция, пресс-клуб ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жарнама шараларын жүргізу жұмыстарын оқу жылы бойы жүзеге асырып, барлық мектеп ұжымының, оқушылардың ат салуына мүмкіндік жасаймын. Валеология пәні мектебіміз ашылғалы бері жүреді. Жыл сайын мониторинг жүргізіп, жасалып жатқан жұмыстармен оқушыларды таныстырып отырамыз. Оқушылардың барлығы (денсаулығы төмен оқушыларға да) дене шынықтырумен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған: спорт зал, арнайы алаңдар, керекті құрал жабдықтар т.б. I және II ауысымға арналған таңертеңгі, түстен кейінгі ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда көп балалы отбасының балалары мен тұрмысы төмен отбасы балалары (70 бала) тегін тамақтанады. Асханада санитарлық талапқа сай жабдықталған ішуге арналған су қойылған. Мектепте қоршаған ортамен қарым-қатынас, адамдармен қарым-қатынас, жағымсыз эмоциялардың денсаулыкқа әсері, күйзеліске ұшырау себептері жөнінде тоқсан сайын жалпы тест жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жұмыстың қорытындысы маған психолог, валеолог ретінде оқушылармен жеке жұмыс жасауыма көмектеседі. Окушылармен жеке әңгімелесу арқылы аурудың алдын алуға болады. Эмоционалды көңіл күйін бақылап, кикілжіңді жағдайдан қалай шығуға болатыны туралы әңгіме, кеңес оқушыларды қызықтырады. Барлық жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуға арналады, нәтижесі де көңіл қуантарлық. Суық тиіп ауыру, жұқпалы аурулар деңгейі, сколиоздың динамикасы төмендеді. Есірткі заттарын пайдалану, темекі тарту, мінез-құлықтың қауіп факторының алдын алу шаралары тұрақты өткізіліп, оқушылардың белсенді ат салысуын мақсат етеміз. Мектепте екі психолог қызмет атқарды, арнайы оқу бөлмелеріміз де бар. Оқушылармен әр түрлі формада, әдісте сабақ жүргіземіз: әңгімелесу, кеңес беру, аутотренинг, тест, түрлі жағдайларды мысал ретінде көрсету. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтары жөнінде психолог мамандармен қысылмай әңгімелеседі. Егер мектеппен учаскелік дәрігер тығыз байланыста болып, бірігіп қызмет етсе онда оқушының жеке басының денсаулығы туралы толық біліп, мұғалімдерді хабардар етіп, қарым-қатынасты, білім беру дұрыс жолға қойған болар едік. Валеология сабағына да оқушылардын қызығушылығы жоғары. Сабақ барысында аға-бауырларының, өздерінің денсаулықтары туралы сұрақ қойып, себебін талқылап жатады. Денсаулықтары өз қолдарында екенін оқушылар түсініп, өз-өздеріне, іс-әрекеттеріне жауапкершіліпен қарауға үйренуде. Ал валеология сабағының басты мақсаты да осы, салауатты өмір сүруге үйрету, оқыту, білім беру, қалыптастыру. Жеке бастың және қоғамдық гигиенадан хабардар болып, гигиена талаптарын білу әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі және адамның мәдениетті болуына тәрбиелейді. Гигиена тәртібін сақтамайтын ұқыпсыз адамның айнала қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететінін балалар болуы тиіс. Егер баланың гигиенадан алған білімі тұрмыста, адамдармен қарым-қатынаста, жеке өмірінде мықты гигиеналық әдет-дағды қалыптастырса онда гигиенадан білім берген мұғалімнің еңбегінің нәтижелі болғаны деп есептеледі. Тақырыпты оқушылар жетік меңгеріп, түсініп, қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін тақырыпқа сай иллюстрацияны, суреттерді, кесте мен қосымша әдебиеттерді сабақтың ұтымды кезеңінде пайдаланған дұрыс. Баланың жас ерекшелігіне сай мақал-мәтелдер, ертегілер, нақыл сөздер, жұмбақтар да мұғалімнің жұмысын жеңілтедеді. Бастауыш сыныпқа арналған бірнеше «гигиена сабағын» мұғалімге көмек ретінде ұсынамыз. 1-сабақ. Денені күту Сабақтың мақсаты: «Жеке бастың гигиенасы» деген түсініктің мәнін ашу, оқушыларды жеке бастың гигиенасының ережелерімен таныстыру, гигиена ережесін сақтау — өз денсаулығын сақтаудың ең басты қағидасы екенін түсіндіру. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Мұғалім. Бүгін балалар «Оқушының жеке басының гигиенасы» деген жаңа тақырыппен танысасыздар. Қалай ойлайсыздар, «жеке гигиенасы» деген не? Гигиена ілімі туралы не білесіздер? Дұрыс жауап. Гигиена деген — денеңді, үсті басыңды таза ұстау. Мұғалім. Ал «дене» деген не? Мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып, оның басын, кеудесін, қолын, аяғын көрсетіп, осының бәрі бір сөзбен «адамның денесі» деп аталатынын түсіндіреді. - Біздің денеміздің сыртында не бар? Дұрыс жауап. Біздің денемізді тұтастай тері қаптап тұр. Мұғалім оқушылардың назарын қол терісіне аударып, өздерінің қолдарының терісінің жұмсақ, иілгіш, қозғалтқан кезде созылатынына тоқталады. - Тері біздің денемізді аурудан қорғайды. Ал сендер секіріп, жүгіргендерінде тері терлейді. Сонымен бірге теріде жұқа май қабаты бар. Егер теріні ұзақ уақыт жумаса, тері саңылауларында май мен тері жиналып, шаң-тозаңды ұстап қалады. Бұдан тері кірлеп, денені микробтан қорғау қасиетінен арылады. Кір, лас тері денсаулыққа зиян. Сонымен бірге, жуынбаған, салақ адам өзінің жүрген ортасына, жақындарына ұнамсыз, жағымсыз болады. Оның артық қасиеттерін жоғалтып өмірде алдына қойған мақсатына жетуге кедергі жасауы әбден мүмкін. Сондықтан теріні, денені күтіп, өз-өзін таза ұстап жүрген адамның, ең алдымен, өз денсаулығына жауапкершілігі зор деген сөз. Денені күтудің ережелері. 1. Таңертең ұйқыдан оянған соң беті-қолды, мойын мен құлақты жуу. Серуендеп келген соң, кешке ұйқыға жатар алдында да жуыну қажет. 2. Ұйықтар алдында аяқты жууды ұмытпау керек.

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? Салауатты сөзінің негізгі мағынасы — парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, букіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олар-дың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, әзі де сондай. Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн. Байқап-байыптап қарасақ, адам деген ұлы ғажайып күш қой! Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары танданарлық. Әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиынақ: 15 миллиард жүйке жасушалары (нейрондар) бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес. Денсаулыққа қатысы бар ең қарапайым нәрсенің қайшылықтарының өзі қаншама?! Немесе салмақ мәселесін алайық. Жас ұлғайған сайын салмақ өсуі керек пе, жоқ жас кезіндегідей қалыпта қалуы керек пе? Әрбір ғылым өзінше фактілер келтіріп, дәлелдеп жүр ғой. Бұл жерде қалайша шатаспассың? Қалай болғанда да адам ерекше құбылыс! Әсіресе оның ақыл-есі ешбір қайталанбас дүние. Ол адамның бақыты әрі қайғысы… Алайда адамдардың ауыруына сыртқы әсерлер мен адам табиғатының әлсіздігінен гөрі, көбінесе, өздерінің теріс мінез-құлқы себеп болады. Мінез-құлық дегеніміз — істелген іс-қылықтар, әрекеттер, психика. Іс-қылық дегеніміз не? Бір жағынан ол — қол, аяқ, кеңірдек бұлшық-еттерінің қимылдары. Қимылдар жай және қысқа, күрделі және ұзақ болуы мүмкін. Оның мақсаттары да әрқилы, соған жету үшін іс-қы 



Скачать