Орталық нерв жүйесінің физиологиясы
Орталық нерв жүйесінің физиологиясыМақсаты: Орталық нерв жүйесі бөлімдерінің физиологиясымен және жастық ерекшеліктерімен таныстыру. Сұрақтар: 1 Жұлынның құрылысы және оның атқаратын қызметі. 2 Ми бағанасының құрылымдарының құрылысы мен атқаратын қызметтері. 3 Үлкен ми сыңарлары. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы 34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ). Олардан 31 жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында — сұр зат (нерв клеткаларының жиынтығы), сыртында – ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген) орналасқан. Қызметі: 1) Рефлекторлық функция. 2) Өткізгіштік функция. Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту процесі жүреді. Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі. Бала дүниеге келер сәтте бас миның жалпы массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20 жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен 1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн. Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г. Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан. Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері – таламусты ажыратады. Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады. Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады. Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан. Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан. Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған. Ми сыңарларының белсенді қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Клеткалық құрылысы, формасы мен иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған баланың үлкен ми сыңарларының массасы 370-400г. 1 жасқа келгенде 2 есе, 6 жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның салмағы біртіндеп төмендейді. Бас миының үлкен ми сыңарларыны жоқ балалардың дүниеге келу оқиғалары белгілі. Ондай балаларды анэнцефалдар деп атайды. Олар бірнеше күн ғана тіршілік етеді. Бақылау сұрақтары: 1 Жұлынның құрылысы, қызметі және жастық ерекшеліктері. 2 Сопақша мида орналасқан нерв орталықтарын атаңыз? 3 Ортаңғы ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты екендігін мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. 4 Аралық ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты екендігін мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Скачать |