Микротүктер
МикротүктерМикротүктер – клетканың беттік кешенінің туындылары. Олар клетка бетін ұлғайтып, сыртқы ортадан заттарды сіңіру қызметін атқарады. Микротүктер плазмалемманың ұзындығы 1-2 мкм, диаметрі 0,1 мкм болатын өсінділері. Гиалоплазмада актинді микрофиламенттердің ұзына бойлық шоқтары өтеді, сондықтан микротүктердің ұзындықтары өзгеріп отырулары мүмкін. Бұл – заттардың жасушаға өтулерін реттеудің бір түрі. Микротүктердің беті гликокаликспен қапталады. Сору белсенді түрде жүрген кезде микротүктер бір-біріне тығыз орналасады да, олардың гликокаликстері косылып кетеді. Осындай кешенді щеткалы жиек деп атайды. Щеткалы жиектің гликокаликсінің молекулалары ферментті белсенді болып келеді. 7 мкм-ге жететін аса ұзын микротүктерді стереоцилиялар деп атайды. Олар кейбір, мысалы, есту және тепе-теңдік мүшелерінің сенсорлы клеткалары сияқты арнайы клеткаларда кездеседі. Олардың бастапқы сору қызметтері жойылады да, қызметтері алғашқы орналасуларын өзгертулерімен байланысты болады. Клетка бетінің конфигурациясының өзгеруі клетканы қоздырады, қозу нерв талшықтарының ұштарына беріледі, ал сигналдар орталық нерв жүйелеріне барады. Стереоцилияларды микротүктердің модификациясынан туындаған арнайы органеллалар ретінде қарастыруға болады. Биологиялық мембраналар клетканы тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі. Осындай компартменттермен байланысқан мембраналардың өздеріне сай ерекшеліктері болады. Скачать |