Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi


Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi

 

Мазмұны Кіріспе Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

1 Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi

      Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi. Сонымен бiрге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулi өзгерiстерге бағытталмады, өзiнің қисынды ақырына жеткiзiлген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлi өзгерте алмады.

Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне: азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқару органдары жатады.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi және мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлiмдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевтикалық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi және өзге де ұйымдар жатады.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.

Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

Жеке денсаулық сақтау практикасымен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға жеке меншiктегi емдеу-профилактикалық, санаторий-курорт, дәрiхана ұйымдары және медициналық техника ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын жеке адамдар жатады.

Жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен және халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысатын жеке ұйымдар мен жеке адамдар өздерiнiң қызметiн таңдаған қызмет түрiне лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

Халықтың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы мен радиациялық қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк уәкiлдi органдардың және жұмыс берушiлердiң кешендi шаралар жүргiзуi арқылы қамтамасыз етiледi.

2 Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру

Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзiн:

-      фельдшерлiк-акушерлiк пункт (дәрiгерге дейiнгi көмек);

-      дәрiгерлiк амбулатория, емхана және учаскелiк аурухана (дәрiгерлiк көмек);

-      аудандық орталық аурухана, диспансерлер (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);

-      облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары (мамандандырылған дәрiгерлiк көмек) құрайды.

Лицензиясы болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың медициналық ұйымдардың басқа да түрлерiн ашуына рұқсат етiледi.

Халыққа медициналық жәрдем көрсету: алғашқы медициналық-санитариялық көмектi, мамандандырылған медициналық көмектi, медициналық-әлеуметтiк көмек пен оңалтуды қамтиды.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне кiретiн арнайы медициналық ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлiмдерi) өмiрге қауiп төнген жағдайларда, бақытсыз жағдайларда және ауыр сырқаттанған кезде ересектер мен балаларға тегiн жедел медициналық көмек көрсетедi.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық қызмет көрсетудiң әрбiр азамат үшiн негiзгi қолайлы және тегiн түрi болып табылады және ол неғұрлым кең таралған ауруларды, жарақаттарды, улануды және кiдiртуге болмайтын басқа да жай-күйлердi емдеудi, бала тууға жәрдемдесудi, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргiзудi, аса елеулi аурулардың медициналық профилактикасын, санитариялық-гигиеналық бiлiм берудi, отбасын, ананы, әке мен баланы қорғау жөнiнде шаралар жүргiзудi, тұрғылықты жерi бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты басқа да шаралар жүргiзудi қамтиды.

Мамандандырылған медициналық көмектi азаматтарға диагностиканың, емдеудiң арнаулы әдiстерiн және күрделi медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететiн аурулар кезiнде амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдар көрсетедi.

Медициналық-әлеуметтiк көмек медициналық-әлеуметтiк үлгiдегi ұйымдар желiсiн құру және дамыту, тұрғын үй-тұрмыстық жеңiлдiктер беру, жұмыс iстейтiндердi сауықтыру жөнiндегi медициналық ұсыныстарды жұмыс берушiлердiң орындауын қамтамасыз ету, еңбек пен тамақтанудың ұтымды режимiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесiн қамтиды.

Туа бiткен және жүре пайда болған, асқынған және созылмалы аурулардан және алған жарақаттар салдарынан зардап шегушi азаматтарды медициналық, дене қуатын, психологиялық және әлеуметтiк жағынан оңалту тиiстi емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарында көрсетiледi.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем, диспансерлiк қадағалау тегiн және жеңiлдiктi жағдаймен жасалады.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем жасау түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.

3 Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi — тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланы 



Скачать