Массаж
МассажМассаж – француз сөзінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «масс» - жақындау, сипалау). Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен... Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолмен емес,аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның ең бір кең тараған, алғаш агылған жері Қытай елі болатын. «Най – цзин! (ішкі құрылыс туралы кітап) атты қолжазбада (осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған. Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты үш кітаптың біздің дәуірімізге дейін, 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қалай қолданатыны жайлы атап көрсетілген. Славян елдерінде массажды моншада бейнке (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массажтуралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені шамалы. Қазірдің өзінде біреу білсе, екіншісі білмейді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін, ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті. Массаж халықытқ медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық же шарына кең тараған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде шығыс және батыс массажы деп екіге бөледі. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қадап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады. Массаждың денеге тигізетін әсері Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол – нервті-рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау. Массаж жасағанда теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан нерв талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір нерв талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. Осы рецепторлардың бәрі тітіркеністен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап реакция келіп түседі. Содан денеде әр түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы нерв жүйесіне тікелей байланысты, сол сияқты, тітіркенген жердің көлеміне, массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты. Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың тиімділігінде үлкен роль атқаратын – гуморалды фактор. Массаждың әсерімен тканьдердің ішінде жоғарғғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан айналымын және зат алмасуын үдетеді. Міне, соны гуморалды зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, тканьаралық сұйықтың, тканьдердің өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын көтереді. Сонымен массаждан нерв импульстары ағындап, мми қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол нерв талшықтары арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойындағы аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді. Осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахатттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса, басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда, массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып, массаж болмайтын кезінде организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін дененің қызарып, талаурап, қаты ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген қарияларда байқалады. Сол сияқты науқас адамды дұрыс отырғызбасане дұрыс жатқызбаса да осындай жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болса, оны етпетінен жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондқтан ондай ауруға массажды отырғызып жасаған абзал. Ішкі ағзалардың функционалды қызметін, науқастың ауырған жерін анық білмей массаж жасауға болмайды. Массажды зерттеген ғалымдар оның орталық нерв жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына үлкен әсер ететінін айқын көрсетеді. Массаждың зат алмасуына әсері Зертеуге қарағанда, массаж адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Организм мен оны қоршаған орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасу процесі жүреді. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге су және азқтық өнімдердің түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі ас қорыту жолында едуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қан мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаларға түседі. Мұнда олар химиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмге тән белок, май, углевод түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесі жүреді. Заттардың өзгеруі ферменттердің әсер етуі арқылы жүреді де, нервтік – гуморалдық жолмен ретеледі. Зат алмасу процессінің ақырғы өнімдері несеп, нәжіс, тер арқылы және тыныс шығарғанда ауамен бірге сыртқа шығарылады. Сонымен заттардың организмге сыртқы ортадан енуінен бастап, ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Массаждың негізін салып, оның қасиетін түбегейлі тексерген ғалымдардың бірі И. М. Саркизов – Серазини (1963 ж.) массаждың әсерінен зат алмасудың барлық түрі өзгереді деген. Оның айғағы – массаждан соң несептің ұлғаюы, оттегінің 10 – 15 процентке көбеюі. Сол сияқты массаждың әсерінен денедегі тұз, азоттық затттар, сүт қышқылы көп бөлініп шығады. П. С. Васильев, Н. И. Волков және А. В. Троицкий (1961 ж) өз еңбектерніде ауыр жұмыстан соң шаршаған бұлшық еттерге жиналған сүт қышқылын шығару үшін массаждың өте қажет екенін анықтаған. Аламсу процессі клеткаларда үлкен қарқынмен жүріп, ыдырау өнімдері мен артық су организмнен бүйрек, тері және өкпе арқылы үлкен жылдамдықпен шығарылады. Зат алмасу туралы сөз болғанда, денедегі су мен тұздың пайдасы зор екенін айтпаса болмайды. Адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Қанда, лимфада, ас қорыту сөлінде өте су көп. Сыртқа шығарылатын су организмге кіретін су мөлшерімен үнемі толықтырылып отыруы керек. Адам сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүре алады. Денеге минералды тұздар да өте қажет. Солардың негізінде ішкі ортадағы тұрақтылық сақталады. Мысалы, қанның ұюы үшін онда кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұздардан тұрады. Организмге қажетті минералды тұздардың бәрі дерлік күнделікті жейтін тағамдарда болады. Онда натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан тамаққа ас тұзын ғана қосады. Массаждың әсерінен денеде су мен минералды тұздардың алмасуы аса қарқынды өтеді. Массаж тіпті ішкі секреция бездерінің қызметіне де өз ықпалын тигізеді. Барлық ішкі секреция бездері зат алмасуды реттеу ролін атқаратыны белгілі. Қалқанша безінің гармондары организмнің өсіп – дамуына әс Скачать |