Кокцидиоздар диагностикасы


Кокцидиоздар диагностикасы

 

Сабақтың мақсаты. Кокцидиоздардың диагностикасының зертханалық әдістерін меңгеру.

Сабақты өткізу орны. Паразитология кафедрасының зертханасы.

Құрал-жабдықтар. Ит, тауық, үй қояндарының  нәжістерінің сынамалары;

Микроскоптар, центрифуга, стакандар, илеуіш, кюветтер, затты және жабын шынылар, шыны таяқшалары, сымды петли, пинцеттер, ооцист кокцидийлердің суреттері, натрий хлоридінің ерітіндісі, глицерин.

Әдістемелік нұсқаулар. Лобарант фикалий пробаларын ертерек дайындап алып, керекті құрал – жабдықтарды дайындайды. Оқытушы әдістемелік нұсқауды және сабақты қысқаша түсіндіріп өткеннен кейін, студенттер тауық, үй қояндарының, және иттердің Фюллеборн және Дарлинг әдістемесі бойынша пробаларды дайындайды.

Пробалар тұнғанша студенттер әр түрлі ооциста эймерийдің ұзындығын, түсін, құрылысын және ооциста мен спорацистадағы қалған бөлшектерді зерттейді. Ооцистаның құрылысын элғалды және шынымен жабылған  микроскоп препоратымен зерттейді.

Теориялық бөлім.

  1. Үй қояндарының эймериозына сипаттама бер.
  2. Тауық эймериозына сипаттама бер.

Тапсырмалар.

Тапсырма 1. Фюллеборн және Дарлинг әдісі бойынша үй қояндарының және тауық фекалийін зерттеу.

Тапсырма 2. Ооцист кокцидийлердің құрылысын микроскоппен зерттеп, олардың суретін салу.

Бақылау сұрақтары.

  1. Эймериоздың даму стадиялары қандай?
  2. Неге эймериоз кезінде ас қорыту процесінің бұзылуы және ағзаның интоксикациясы болады?
  3. Эймериоздың диагнозын қалай қоюға болады?
  4. Ооцист эймерийдің қалыптасуының негізін ата.Тауықтардың қандай ішектерінде эймерий паразиттері болады?
 


Скачать