Клиникалық диагностика. Фармакология
Клиникалық диагностика. ФармакологияДәрілердің негізгі түрлері және оларды жануар ағзасына енгізу. Клиникалық зерттеудің негізгі әдістері. Сабақтың мақсаты. Сұйық, жұмсақ және қатты пішіндегі дәрілерді дайындауды меңгеру барысында жиі қолданылатын дәрілік заттармен танысу. Жұмыс істеу орны. Кафедра зертханасы, аудитория немесе ветеринарлық дәріхана. Құрал-жабдықтар. Дәрілік препараттар жинақтамасы (коллекциясы); Пішін беруші заттар ( өсімдік және жануар майы; қой, шошқа майы; ланолин, вазелин; қара жіне пішендік ұн және т.б.); Түрлі салмақты таразылар, мензуралар, колбалар, өлшеуіш цилиндрлар, шыны стакандар мен таяқшалар, фильтрлер, су моншасы, инфундирка ( конустық формадағы ұстағышы бар эмальдендірілген кастрюль), қайшы, илеуіш және басқа да құралдар. Методикалық нұсқаулар. 2-3 студентке сумен, газдық және электрлік плитамен қамтамасыз етілген жұмыс орны бөлінеді. Теориялық бөлім. Сұйық дәрілер: ерітінді, эмульсия, микстура, тұнба, экстракт. Жұмсақ дәрілер: мазь, паста, линимент, кашка. Қатты ( тығыз) дәрілік пішіндер: ұнтақ, таблеткалар, пилюльдер, болюс. Тапсырмалар. Сұйық дәрілер. Тапсырма 1. Сыртқы қолданысқа калий перманганатының (1:1000) ерітіндісін дайындау ( жарақатты жуу). Тапсырма 2. Гуммиарабиктің майлы эмульсиыясын дайындау (100мл). Тапсырма 3. Құрамында тұз қышқылды пепсин бар 200 мл микстура дайындау (итке, ішкі қолдану). Тапсырма 4. Түймедақтың 400мл-лік тұнбасын дайындай. Тапсырма 5. Бұтақ қабығынан 500 мл отвар дайындау. Жұмсақ дәрілер. Тапсырма 1. Вазелин негізінде 10 пайыздық борлық мазь (30г) дайындау. Тапсырма 2. Глауберлік тұз бастама болатын тығыз каша дайындау ( бұзауға, ішкі қолдану). Қатты дәрілік пішіндер. Тапсырма 1. Келесі құрамдық сыртқы қолдануға ұнтақ дайындау: мырыш купоросы (20пайыз), бор қышқылының ұнтағы (40г), тальк және ақ глина – тең мөлшерде. Тапсырма 2. Таблетканың еру деңгейін зерттеу. Тапсырма 3. 6 пилюль дайындау (0,05г-нан) (итке). Тапсырма 4. 15г антифебрині бар болюстар дайындау (жылқыға). Бақылау сұрақтары.
Скачать |