Клеткаішілік биохимиялық реакциялар
Клеткаішілік биохимиялық реакцияларКлеткаішілік синтездерді жасуша ядросы басқарады. Хромосоманың белсенді бөлімдерінде РНҚ молекулалары синтезделінеді. Олар саңылаулар кешендеріне тасымалданып, цитоплазмаға шығарылады. Рибосомаларда аминқышқылдарынан ақуыздар жинақталады. Ол ақуыздарды қажеттіліктеріне сәйкес үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – құрылымдық ақуыздар, оларды клетка өз органелларын түзуіне қолданды, екінші топ – клетканың сыртына бөлінетін секреттер, үшінші топ катализаторлар ретінде барлық клеткаішілік биохимиялық реакцияларды қамтамасыз ететін – ферменттер. Ферменттердің жартысы цитоплазмада қалады. Олардың кейбіреулері гиалоплазмада қызмет етсе, енді біреулері органеллаларға енеді. Ферменттердің жартысы ядроға бағытталып онда ДНҚ мен генетикалық ақпаратты тануды және РНҚның матрицалық синтезін реттейді. Сондай-ақ, ядроға хромосомалардың құрылысына қатысатын ақуыздар қайтып келеді. Эндоплазмалық тордың мембраналарында синтезделінетін заттар тасымалдау көпіршіктеріне жинақталып, Гольджи кешеніне жеткізіледі. Онда олар модификацияланады. Гольджи кешенінде заттардың сегрегациясы жүреді, содан кейін заттар клеткада пайдалануларына байланысты таратылады. Скачать |