Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу


Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу

 

Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады. Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреді. Мұндай адамның жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Бұлай болатын себебі, ішкі органдардың функциялың қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.

Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын.

Сымбат бұзылуының түрлерін қалай білуге болады?

Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.

Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.

Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялың қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.

Омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз)

Ең әуелі, омыртқа жотасының бір жағына қисаюы -иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауы. Бұл белгі — омыртқалар жотасының майысып кетуі.

Омыртқа жотасының қисаюы ауыру дәрежесіне қарай үш түрлі болады.

Бірінші түрінде — омыртқаның бір жағына қарай қисаюы бірден көзге түсіп байқала бермейді. Бұлшық еттерге жүктеме түскенде түзеліп кетеді. Бұл тез жазылып кететін кезеңі.

Екінші түрінде — омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы қалыптасып кеткен кезеңі. Омыртқаның бұл ауытқуы да емделу жаттығуларымен шұғылданып жазылуы мүмкін. Бұл екінші түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны бірден көзге түседі.

Үшінші түрінде омыртқаның ауытқығаны өте айқын көрінеді. Ауытқудың бұл түрінде қабырғалар шодырайып тұрады. Дене сымбатындағы бұл кемшілікті түзету өте қиындыққа соқтырады. Тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы бұл аурудың одан ары асқынуын тоқтатуға болады.

Негізгі ескеретін жағдай, омыртқаның қисықтығын, тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы ғана қалыпқа келтіруге болады. Сондықтан адам баласы өмірінің қай кезеңінде болса да өзінің денсаулығына бақылау жасап отыруы керек.

Дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін дене шынықтыру жаттығулары арнайы іріктеліп алынады. Адамның сымбаты бұзылған кезде спорттың жекелеген түрімен шұғылдануға болмайды. Тек қана үзбей, тұрақты түрде жалпы дамыту жаттығуларымен ғана шұғылдануға болады.

Массаж (уқалау, сылап-сипау) жасау

Ағзаға массаж жасау адамзаттың ерте кезден қолданып келе жатқан емдеу әдіс-тәсілдерінің бір түрі болып табылады. Ықылым заманнан бері массаж жасауды сынықшылар, халық емшілері және медицина ғылымы емдеудің негізгі құралы ретінде тәжірибеде күні бүгінге дейін пайдаланып келеді.

Массаж жасау — пайдалану мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы спорттық массаж және емделу мақсатында қолданылатын массаж болады. Жалпы спорттық массаждың мақсаты шаршаған ағзаны тездеп бастапқы қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

Негізінен емделу мақсатында массаж жасайтын адам, ең әуелі адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Ағзаның нақтылы ауырып тұрған жерін тауып, сол жерге массаж жасауы тиіс. Массаждың буынға және қалың бұлшық етке қалай, қандай тәсілдермен жасалатынын меңгерген дұрыс. Массаждың классикалық тәсілдерін білу керек. Қалың бұлшық еттің қай жерден басталып, қай жерде аяқталатындығын білгеннен кейін ғана қай бағытта жасалатынын анықтап алады. Ол үшін саусақтың ұшымен сипап отырып анықтап алуға болады. Себебі, массаж саусақтың ұшымен және алақан күшімен орындалатындығы ескертіледі. Осылайша, бір мүшеге жасап болғаннан кейін екінші мүшеге жасауға ауысады.

Емделу мақсатында қолданылатын массаж орындалуына байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі — әр адам өзіне-өзі массаж жасай білуі керек. Бұл массаж жасаудың негізгі тәсілі болып табылады. Өзіне-өзі массаж жасай білудің, әсіресе, бүгінгі тіршілікте өзіндік рөлі зор.

Екіншіден — массажды арнайы білімі бар адамдар жасайды. Оларға ерекше талап қойылады. Бұл мамандар әр түрлі науқасқа массажды қалай жасайтынын біледі.

Демек, денсаулықты сақтау үшін өзіңе-өзің және досыңа массаж жасауды үйрену керек.

Массаж жасаған ортада тазалық сақталады. Ұзақ уақыт массаж жасайтындай жағдай болғанда, ол адам өзінің күш-қуатын дұрыс пайдалана білуі керек. Массаж жасайтын адамның тырнағы болмайды, қолына әше­кей бұйымдар тағылмайды. Қол тазаланып жуылады, массаж жасаған кезде қол терлемеуі керек. Массаж жасалатын адамның жағдайы массаж жасайтын адамға қолайлы болуы керек. Отырып, немесе тұрып жасаса да массаж жасайтын адам шаршамауы шарт. Себебі, массаж жасаудың жағдайы қолайсыз болса, ол адам тез шаршап қалады. Мұндай жағдайда адамдардың өзара келісімі болады.

Адамның өзіне-өзі массаж жасауы

Әдетте, массаж аяқтан жоғары қарай жасалады. Егер де аяқтың, қолдың сынған жері болса, буынның шыққан жері болса, онда сол жерге бөлек жасалады. Олай болмаған жағдайда жалпы массаж табаннан жоғары қарай жасалады. Әркім өзінің мүмкіншілігіне қарай қолы жеткен жерге дейін массаж жасай алады. Массаж адам үшін ең пайдалы емделу жаттығуларының бірі болып табылады. Мүмкіндік болғанша, екі адам үзбей, біріне-бірі ақылдасып отырып массаж жасаса өте тиімді болады.

Адам өзіне-өзі массаж жасағанда, денесін босаңсыта білуі керек. Екіншіден, адамның әрбір мүшесіне орта есеппен 10-15 минут уақыт аралығында массаж жасалады. Әркім өзіне-өзі массаж жасаған кезде іс нәтижелі болу үшін, яғни, тез шаршап қалмас үшін өзінің күш-қуатын тиімді пайдалана білуі керек. Мүмкіндік болғанша, ең әуелі массаж ауырған жерге жасалады. Содан кейін ғана жалпы массаж жасауға көшуге болады.

Массаждың жасалуы екі жағдайда жүреді. Біріншіден, құрғақ массаж деп аталады. Бұл жағдай массаж жасаған жерге ауыр тиеді. Себебі, құрғақ үйкеліс кезінде еттің қызуы тез көтеріледі, сондықтан массаждан кейін денені жылы ұстау керек. Екіншіден, май, вазелин майын, әр түрлі крем майларын қолдану арқылы орындалады. Массаж жасағанда құрғақ жасаған массаждан гөрі маймен сылап-сипау ағзаға жеңілдеу тиеді. Сондықтан маймен жасалатын массаж ұзағырақ орындалады. Жалпы маймен жасалатын массаж сүйек, буын үстіне жасалғанда өте пайдалы. Ал қалың бұлшық етке құрғақ массаж пайдалы болады. Себебі, құрғақ массажда үйкеліс күші жоғары болғандықтан, бұлшық етке де жүктеме түседі. Егер де маймен сылап кететіндей жағдай болса, онда бұлшық етке онша әсер етпейді.

Жалпы дененің қай мүшесіне массаж жасалса да, сылап-сипау бағыты буынға қарай орындалады. Өйткені, еттің арасындағы сарысудың (лимфа) қозғалыс бағыты осылай жүреді.

Классикалық массаждың орындалу тәсілдері. Сипау

Массаждың барлық түрі сипаудан басталады. Себебі, массаж жасайтын мүшені сипау арқылы, яғни, жұмыс істеуге дайындау керек. Сондай-ақ, осы сипау арқылы массаждың барлық түрі аяқталады. Демек, массаж жасалып болғаннан кейін, сол мүшенің жағдайын бастапқы қалпына келтіру керек.

Сипау әдісі, сол массаж жасайтын мүшені қозғамай, қай бағытта жасалатындығы анықталғаннан кейін ғана орындалады. Сипау үш бағытта жүреді. Ең әуелі, алақанның қарымымен орындалады. Екіншіден — алақанмен ауысып сипау арқылы орындалады. Үшіншіден — алақанның қарымымен сипап, аздап күш түсіру арқылы орындалады.

Сипау әдісінің келесі бір түрінде теріні саусақтың ұшымен шымшылап созып жасайды. Бұл әдіс екі қолмен кезек-кезек орындалады. Бұл жүйе терінің созылғыштық қасиетін қалыптастырады. Демек, теріге уақытынсыз әжім түспейді. Терінің астындағы ұсақ қан тамырларының жұмыс істеу жүйесін реттейді. Алақанның қарымымен орындалған сипау — көктамыр және артериялық қан тамырларының жұмысын реттейді. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Салдарынан, бүкіл адам ағзасының жұмыс істеу қызметі реттеледі.

Сипау әдісін орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Сипау кезінде ағзаны босаңсыта білмеген адамның ағзасына тигізетін пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін. Себебі, массаж қабылдайтын ағзаның өзі сипау кезінде жүйке жүйесі қарсылық жасайды. Бұл көпшілігінде, адамның өзіне-өзі массаж жасаған кезде пайда болатын жағдай. Олай болатын себебі, адам өзі массаж жасаған кезде күш-қуатын жұмсайды, сол кезде бүкіл ағзаның жұмыс істеу қабілеті іске қосылады. Осы кезде массаж жасап жатқан мүше де босаңсудың орнына қатайып кетуі мүмкін.

Сипау әдісінің орындалуы

Сипау әдісі ең әуелі, алақан қарымының толық жазылуымен орындалады. Әсіресе, қалың бұлшық еттің үстінде алақанды бірінің үстіне бірін қойып орындауға болады, аздап та болса жүктеме ретінде күш түседі. Бұдан кейін алма-кез 



Скачать