Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы


Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

 

Мақсаты: Тipi табиғаттың ерекше маңызды және организмнiң негiзгi қызметi – зат және энергия алмасудың онтогенез процесінің әрбір кезеңдеріндегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1Зат және энергия алмасудың маңызы.

2 Анаболизм және катаболизм.

3 Зат алмасудың негізгі этаптары.

4 Алмасу процестерінің жастық ерекшеліктері.

5 Витаминдер және олардың маңызы.

Зат алмасу тipi табиғаттың ерекше маңызды және организмнiң негiзгi қызметi. Зат алмасу тоқталысымен тiршілiк жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректiк заттар, тұздар мен су кiредi де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсiз улы заттар ағзадан шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан ағзада жасушаларға қажетті заттар жасалынады. Бұл ассимиляция деп аталады. Мұнымен бiрге организмде клеткалар мен олардың бөлшектерi ескiредi, олар ыдырайды, яғни  диссимиялция жүреді. Ағзаның қажеттiлiгiн толық қамтамасыз етуге белок май, көмірсу, су, витаминдер және минералдық тұздар жеткiлiктi мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшерi есте болуы керек, әcipece бұл балалардың тәулiктік тамақтану тәртiбiнде ескерiлуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1 Зат және энергия алмасудың жасқа байланысты ерекшеліктері.

2 Витаминдер және оның маңызы.

 


Скачать