ЖҰМЫР ҚҰРТТАР ТИПІ


ЖҰМЫР ҚҰРТТАР ТИПІ

 

ұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.

Типің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелген);зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады немесе протонефридиялы; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.

Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:

o       НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ – NEMATODA

o       АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ – ADENOPHOREA

o       СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – SECERNENTEA

o       ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ – GASTROTRICHA

o       КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ – KINORHYNCHA

o       ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ – NEMATOMORPHA

o       КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ -    ROTATORIA

 

 


Скачать