Жүрек ырғағы


Жүрек ырғағы

 

Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады.  Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді — брадикардия. Жүрек ырғағына  ми қыртысының  күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған.   Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.

Кесте 1.

Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі.

     Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына  60—80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде — 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта — тахикардияда — минутына  90—100-ден асады және  150- ге жетеді, одан да жоғары болады.  Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал  тахикардия —  интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.

Жастарда тыныс алумен- тынысты аритмиямен байланысты жүрек қызметінің ырғағының үнемі өзгеруі байқалады. Оның мәні әр дем шығарудың соңында жүректің жиырылу жиілігі сирейді.

Экстрасистолалар.  Жүректің кейбір патологиялық жағдайларында дұрыс ырғақ эпизодты не үнемі кезексіз жиырылуымен (экстрасистола) бұзылады. Егер кезексіз қозу синусты –жүрекше түйіншегінде рефрактерлік период аяқталған мезетте пайда болса, бірақ кезекті автоматты серпініс әлі пайда болмаса, жүректің ерте жиырылуы басталады- синусты экстрасистола. Осындай экстрасистоладан кейінгі үзіліс әдеттегі систола уақытындай созылады. Қарыншалар миокардында пайда болатын кезексіз қозу синусты-жүрекше түйіншегінің  автоматиясына әсер етпейді. Осы түйіншек кезекті серпіністі уақытында жібереді, ол қарыншалардың  экстрасистоладан кейін әлі рефрактерлік күйде болған моментте қарыншаларға жетеді, сол себепті қарыншалар миокарды жүрекшеден келетін кезекті серпініске жауап бермейді. Содан кейін жүрекшелердің рефрактерлік периоды аяқталады және олар қозуға қайтадан жауап бере алады, бірақ синусты-жүрекше түйіншегінен екінші серпініс келгенше, біраз уақыт өтеді. Сөйтіп, қарыншаның бірінде пайда болған қозумен туған экстрасистола  (қарыншалы экстрасистола) жүрекшелердің өзгермеген ырғақты жұмысы кезіндегі қарыншаның ұзақ компенсаторлы үзілісіне әкеліп соғады.

Адамда экстрасистолалар миокардтың өзінде тітіркену көздері болған кезде, жүрекше немесе қарынша ырғағын  басқарушы аймағында пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке  жүйесінен жүрекке келетін әсерлер экстрасистолаға ықпал ете алады.

Жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы.

Патология кезінде жүректің жүрекшелері немесе қарыншаларының бұлшықеттерінің өзіндік бір күйін бақылауға болады. Ол жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы деп аталады (фибрилляция).  Осы кезде  жүрекшелердің не қарыншалардың  бұлшықетті талшықтарының өте жиі және асинхронды жиырылулары  орындалады- минутына  400-ге дейін   (дірілдеу, қалтырауы кезінде) және  600-ге дейін  (жыпылықтауы кезінде). Фибрилляцияның басты айрықша белгісі жүректің берілген бөлігінің жеке бұлшықетті талшықтарының біруақытта жиырылмауы. Осындай жиырулар  кезінде жүрекшелер немесе қарыншалар бұлшықеттері қанның ығыстырылуын жүргізе  алмайды. Адамда қарыншалар  фибрилляциясы егер оны тоқтату үшін шаралар жылдам қабылданбаса, өлімге әкеліп соғады. Оны тоқтатудың аса тиімді тәсілі электр тогының  күшті соққысымен әсер ету (бірнеше киловольт кернеулі), ол қарыншаның бұлшықетті талшықтарының қозуын тудырады, одан соң олардың синхронды жиырылуы қалпына  келеді.

ЭКГ және ВЭКГ  миокардтың әрекет потенциалының бағыты мен шамасының өзгерісін  кескіндейді, бірақ жүректің ығыстырушы қызметінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік бермейді. Миокард жасушаларының  мембранасының әрекет потенциалы миокард жасушаларының    жиырылуын жүргізуші механизм ғана болып табылады, ол миофибрилдердің қысқаруымен аяқталатын жасуша ішіндегі үрдістердің белгілі бір тізбектілігін жүзеге асырады.  Тізбектелген үрдістердің осы топтамасы қозу мен  жиырылудың  түйіндесуі деп аталады.

 


Скачать